Аршалы ауданы бойынша 2025 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге тарифтер бекіту туралы

Жаңа

Ақмола облысы Аршалы ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 27 тамыздағы № А-08/172 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастырудың ережесі мен әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32987болып тіркелген) сәйкес, Аршалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Аршалы ауданы бойынша 2025 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге тарифтер бекітілсін.

      2. "Аршалы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген бюджет шеңберінде қызметтерді уақтылы қаржыландыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Аршалы ауданы әкімінің орынбасары С.М.Әсіловқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Д.Есжанов

 
  Аршалы ауданы әкімдігінің
2025 жылғы "27" тамыз
№ А-08/172 қаулысымен
бекітілген

Аршалы ауданы бойынша 2025 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге тарифтер

Қызмет түрлері

Күніне бір қызмет алушыға арналған тариф, теңге

1

Үйде қызмет көрсету

2902,42


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады