"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 4-1)-тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының 2025 жылғы 20 маусымдағы қорытындысы негізінде және Көкшетау, Қосшы қалалары халқының пікірін ескере отырып, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Көкшетау қаласының Бірлік шағын ауданындағы атаусыз № 2 көшеге Камали Мырзахметов көшесі атауы берілсін.
2. Қосшы қаласының келесі атаусыз көшелеріне:
19-шағын ауданындағы № 20 көшеге Сағадат Нұрмағамбетов көшесі;
20-шағын ауданындағы атауы жоқ № 6 көшеге Нұрғиса Тілендиев көшесі;
Асыл түлік шағын ауданындағы № 2 көшеге Нұрғали Есмағамбетов көшесі атаулары берілсін.
3. Осы бірлескен Ақмола облысы әкімдігінің қаулысы мен Ақмола облыстық мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Ақмола облысы әкімінің міндетін атқарушы | Е.Рамазанов |
| Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы | Б.Жүсіпов |
