Педагогикалық қайта даярлаудың білім беру бағдарламасын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2025 жылғы 8 қыркүйектегі № 1227 бұйрығы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз.

      "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 50-бабы 2-тармағының 35) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Қоса беріліп отырған Педагогикалық қайта даярлаудың білім беру бағдарламасы бекітілсін.

      Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы бұйрық 2025 жылғы 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі және ресмия жариялануға тиіс.

      4. Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін.

      Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрі
Д. Косанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Оқу-ағарту министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрі
2025 жылғы 8 қыркүйектегі
№ 1227 Бұйрыққа 1- қосымша

Педагогикалық қайта даярлаудың білім беру бағдарламасы

1-тарау. Жалпы ережелер

      "Бастапқы әскери және технологиялық даярлық" пәні саласында педагогтардың кәсіби құзыреті мен шеберлігін дамыту" педагогикалық кадр курсының білім беру бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) орта білім беру ұйымында бастапқы әскери және технологиялық даярлық пәнінің оқытушыларын даярлау үшін арналған.

      Бағдарлама офицер құрамы әскери қызметшілерінің (бастапқы жоғары білім және әскери қызмет тәжірибесі негізінде) орта білім беру ұйымында бастапқы әскери және технологиялық даярлық (бұдан әрі – БӘД) оқытушыларының білім беру сапасына қойылатын жаңа талаптарды ескеріп, орта білім беру мазмұнын жаңарту, білім беру процесін жобалау және іске асыру мәселелері бойынша біліктілік алуына бағытталған.

2-бөлім. Глоссарий

      Білім беру жүйесіндегі инновациялық тәсіл – педагогикалық технологияны, оқыту әдістерінің, тәсілдері мен құралдарының жиынтығын жетілдіру процесі.

      Инклюзивті білім беру – ерекше білім беру қажеттілігі мен жеке мүмкіндігін ескеріп, барлық білім алушының білім алуға тең қолжетімділігін қамтамасыз ететін процесс ("Білім туралы" ҚР Заңы, 21-7-тармақ).

      Сыни тұрғыдан ойлау – талқыланатын мәселе бойынша өз ұстанымын ұстана және негіздей алуды, пікірлесін тыңдай білуді, дәлелді саралап, олардың қисындылығын талдауды, алынған ақпаратты сыни тұрғыдан бағалай білуді, қабылдауды және түсінуді қамтамасыз ететін қабілет.

      Құзырет – оқушының белгілі бір саладағы сапалы әрі өнімді қызметі үшін қажетті білімдік дайындығына қойылатын әлеуметтік талап (норма).

      Құзыреттілік – оқушының белгілі бір әлеуметтік және тұлғалық маңызы бар саладағы қызмет тәжірибесіне негізделген құндылық-мағыналық бағдарының, білімінің, іскерлігі мен дағдысының, қабілетінің жиынтығы.

      Құзыретке негізделген тәсіл – білім беру мақсаттарын айқындау, мазмұнын іріктеу, білім беру процесін ұйымдастыру және білім нәтижесін бағалау жөніндегі жалпы қағидаттар жиынтығы.

      Таксономия – бір нәрсені иерархиялық тәртіппен орналастыру қағидаты.

      Блум таксономиясы – психолог Бенджамин Блум жетекшілік еткен Чикаго университетінің ғалымдары әзірлеген оқу мақсаттарының жүйесі. Блум тұжырымы алғаш рет 1956 жылы жарық көрді.

3-тарау. Бағдарлама тақырыбы

1-модуль
Нормативтік құқықтық модуль

1.1 Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында БӘД-ны оқытудың тұжырымдамалық негіздері мен нормативтік құқықтық қамтамасыз етілуі

1.2 Нормативтік құқықтық актілермен бекітілген орта білім беру жүйесіндегі мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары мен қағидаттары

1.3 Бірыңғай тәрбиелеу бағдарламасы, педагог ісін реттейтін орта білім беру ұйымындағы тәрбие жұмысындағы нормативтік құқықтық құжаттар

2-модуль
Психологиялық-педагогикалық модуль

2.1 БӘД сабағында оқу ісін ұйымдастырудың психологиялық-педагогикалық ерекшелігі

2.2 Арнайы білім беру қажеттілігі бар балаларды БӘД-ды оқытудың психологиялық-педагогикалық тәсілдері

2.3 БӘД сабағында білім алушыларды этникалық және діни толеранттылыққа тәрбиелеу. Білім алушылар мен жастар арасында суицид профилактикасы жөніндегі іс-шаралар

3-модуль
Мазмұндық модуль

3.1 БӘД пәнін тиімді оқыту мен үйрету тиімділігінің стратегиясы

3.2 БӘД сабағында білім алушылардың негізгі құзыретін қалыптастыру құралы ретінде құзыреттілік-бағдаолау тапсырмалары. Б. Блум таксономиясына сәйкес БӘД оқу тапсырмаларын жобалау

3.3 Әскери өнер және қазақ мемлекеттілігінің мәдени мұра дәстүрі

3.4 БӘД бойынша практикалық-бағдарлау жобасын әзірлеу әдістемесі

3.5 БӘД сабағында сараланған оқытуды ұйымдастыру. Дарынды білім алушылармен жұмыс әдістемесі: әскери-техникалық конкурсқа дайындау

3.6 Білім алушылардың БӘД бойынша оқу жетістігін өлшемшарттық бағалау

3.7 БӘД сабағында "Қарулы Күштер Қазақстан Республикасының егемендігі қоғанында" тақырыбына оқу ақпаратымен жұмыс дағдысын дамыту

3.8 БӘД пәнін оқыту процесінде "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпыәскери жарғылары" тақырыбы бойынша графикалық органайзер қолдану

3.9 Тактикалық даярлық сабағын ұйымдастыру және өткізу әдістемесі

3.10 "Медициналық білім негіздері" бөлімін зерделеуде қызметтік тәсілді іске асыру

3.11 Педагогтің кәсіби бағдар беру ісін дамыту стратегиясы және білім алушылардың өздік санасын психологиялық-педагогикалық тұрғыдан дамыту технологиясы арқылы оқыту мен үйрету сапасын арттыру

3.12 Цифрлық орта жағдайындағы әскери-патриоттық тәрбие

3.13 БӘД-ны оқытудың этикалық аспектісі

4-модуль
Технологиялық модуль

4.1 Цифрлық білім ресурсы. Стандартты бағдарламалық қамтылым құралдарымен БӘД бойынша электрондық білім контентін жобалау технологиясы

4.2 Мобильді құрылғы үшін қосымшалар құру және орнату

4.3 Онлайн оқыту жағдайында мобильді және смарт-оқыту

4.4 Электрондық үкімет порталымен (EGov) жұмыс. "Күнделік" ААЖ-мен жұмыс

4.5 Мұғалімнің кәсіби құзыретінің қалыптасу деңгейін айқындау

4.6 Педагог тұлғасы және психологиялық-педагогикалық өзін-өзі тану технологиясы. Педагогикалық қарым-қатынас дағдысын қалыптастыру нысаны, әдістері, технологиясы, рефлексия, өздік талдау, өзін дамыту, оқыту, өмірдегі жағдаятта ізгілік өзін-өзі ұстау стратегиясы мен тактикасын таңдау тәжірибесі

4.7 Онлайн оқыту кезіндегі ақпарат қауіпсіздігі мен цифрлық гигиена

4.8 Әскери даярлықты оқытуда симулятор мен VR/AR технологиясын қолдану

4-бөлім. Бағдарлама мақсаты, міндеттері және күтілетін нәтижесі

      Бағдарлама мақсаты білім беруді жаңғырту жағдайында БӘД оқытушыларының қажетті кәсіби құзыреттілік деңгейіне қол жеткізуі болып табылады.

      Бағдарлама мақсатына қол жеткізу үшін мынадай міндеттер айқындалған:

      1) білім беру саласындағы нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістерді зерделеу;

      2) білім беруді жаңғырту жағдайында әскери іс негіздерін оқыту және оқу мәселелері бойынша білімді тереңдету мен жинақтау, сондай-ақ оқыту мен оқу тәжірибесінде өлшемшарттық бағалауды қолдану әдістерін қалыптастыру;

      3) инклюзивті білім беруді психологиялық-педагогикалық қолдану мәні мен маңызын ашу, оны іске асыру механизмін зерделеу, білім алушылардың жас ерекшелігін ескеріп, БӘД-ны оқыту технологиясын таңдауға негізгі тәсілдерді айқындау;

      4) тәрбие саласындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыттары бойынша білімді кеңейту және тереңдету: тұжырымдамалық тәрбие негіздері, орта білім беру ұйымында оқу процесінің тәрбиелік құрамдасын күшейту жөніндегі үлгілік кешенді жоспар;

      5) қазіргі заманғы білім беру технологиясын, оның ішінде ақпараттық технологияны (IT), әскери мамандыққа кәсіби бағдарлауды және білім алушыларды Отанға қызмет етуге даярлау бойынша біліктілік пен дағдыны кеңейту және қалыптастыру;

      6) функционалдық сауаттылықты, сыни тұрғыдан ойлауды және білім алушылардың дербестігін дамытуға бағытталған Б. Блум таксономиясына сәйкес БӘД бойынша оқу тапсырмаларын жобалау дағдысын дамыту.

      Тыңдаушылар курсты аяқтағаннан кейінгі күтілетін нәтиже:

      1) білім алушылардың әскери істің тұжырымдамалық негіздерін, инклюзивті білім беруді психологиялық-педагогикалық қолдау мазмұны мен негізгі бағыттарын, тәрбие саласындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыттарын, қазіргі заманғы оқыту тәсілдерін, оқудағы жетістігін бағалай білуі;

      2) білім алушылардың білім беруді жаңғырту жағдайында БӘД бойынша оқу-тәрбие процесін жобалай және іске асыра, қазіргі заманғы оқу технологиясын, оның ішінде IT қолдана, сыни тұрғыдан ойлауын және дербестігін дамытуға бағытталған әдістер мен тәсілдерді қолдана, әскери мамандыққа кәсіби бағдарлай, Отанға қызмет етуге даярлауды ұйымдастыра, оқыту процесін ұйымдастыруда туындайтын мәселелерді бағалай алуы және оларды орындаудың ықтимал жолын білуі;

      3) білім беру мазмұнын жаңғырту жағдайында БӘД бойынша оқу процесін жобалау, БӘД пәні арқылы азаматтық патриотизмді, этностық және діни толеранттылықты қалыптастыру дағдысын, оқу құралдарын, білім беру мазмұнын қазіргі заманғы шарттарға барабар жаңартуды талңдау мақсатында БӘД бойынша оқу-әдістемелік материалды талдау, білім алушылардың функционалдық сауаттылығын, сыни тұрғыдан ойлауын және дербестілігін дамытуға бағытталған БӘД бойынша оқу тапсырмаларын жобалау дағдысын меңгеру.

      Әрбір модуль бойынша жоспарланатын оқу нәтижесіне:

      1) нормативтік құқықтық – ҚР-ның білім және қорғаныс саласындағы заңнамасында және НҚА-да бағдарлана білу;

      2) психологиялық-педагогикалық – инклюзивті білім әдістерін меңгеру;

      3) мазмұндық – бастапқы әскери даярлық негіздерін оқыта, Блум таксономиясы бойынша тапсырмаларды жобалай алу;

      4) технологиялық – оқу процесінде АКТ-ны қолдана білу, VR/AR-ны қоса алғанда, цифрлық ресурсты ендіре және пайдалана алу жатады.

      Бағдарламаның әрбір модулі нақты құзыретті дамытуға ықпал етеді: нормативтік құқықтық – құқықтық; психологиялық-педагогикалық – коммуникативтік және инклюзивтік; мазмұндық – әдістемелік және тәрбиелік; технологиялық – цифрлық және eGov, Kundelik, Askeri Ziyat қоса алғанда, АКТ-құзырет, цифрлық гигиена және ақпарат қауіпсіздігі.

5-бөлім. Бағдарлама құрылымы мен мазмұны

      Бағдарлама 4 модульден тұрады:

      1) нормативтік құқықтық;

      2) психологиялық-педагогикалық;

      3) мазмұндық;

      4) технологиялық.

      1-модуль. Нормативтік құқықтық модуль. Модульде "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңына енгізілген өзгерістер қаралады. Бұл модуль жалпы білім беретін мектепте "Бастапқы әскери және технологиялық даярлық" пәні бойынша білім беру процесін нормативтік құқықтық қамтамасыз ету мәселелері бойынша педагогтің құзыретін қалыптастыруға бағытталған.

      2-модуль. Психологиялық-педагогикалық модуль. Модульде БӘД сабағында оқу ісін ұйымдастырудағы психологиялық және педагогикалық бағыттағы мәселелер қамтылған. Денсаулығында мүмкіндігі шектеулі балалардың инклюзивті білім алу жағдайында педагог ісі, педагогтің өзін-өзі дамыту және білімін өздігінен жетілдіру міндеттері қаралады.

      3-модуль. Мазмұндық модуль. Модуль мазмұны оқу ісінің, сыныптан тыс іс-шараларды ұйымдастыру, өзін-өзі дамыту және кәсіби құзыретті арттыру жөніндегі әдістемелік жұмыс түріне сәйкес мұғалімнің кәсіби құзыретін дамытуға ықпал етеді. Модуль бастапқы әскери және технологиялық даярлық пәні ұйымдастырушы-оқытушының әдістемелік шеберлігін жетілдіруге бағытталған.

      4-модуль. Технологиялық модуль. Модульде оқу процесінде қосалқы құралдарды қолдану, сондай-ақ білім мазмұнын жаңғырту жағдайында педагогтің ақпараттық-коммуникациялық құзыретін (бұдан әрі – АКТ) жетілдіру, қазіргі заманғы мектепте мобильді және смарт оқыту мәселелері қаралады.

6-тарау. Оқу процесін ұйымдастыру

      Біліктілікті арттыру курсы мынадай режимде ұйымдастырылады:

      1) күндізгі оқудың оқу-әдістемелік жоспарына сәйкес күндізгі оқу режимінде. Күндізгі курстың жалпы ұзақтығы 86 сағат. Бір апталық күндізгі курс ұйымдастырылғанда ОТЖ-дағы сағат саны екі есе қысқарады, тақырыптар мен сабақ өткізу нысаны өзгеріссіз қалады;

      2) онлайн оқыту курсының оқу-тақырыптық жоспарына сәйкес онлайн-оқу режимінде, ол екі оқу кезеңін қамтиды: онлайн – 32 сағат, өздік – 54 сағат.

      Білім беру процесі интерактивті оқыту нысаны мен әдістерін қамтиды: дәріс, семинар, практикалық жұмыс, далалық практикалық сабақ, тренинг, шеберлік класс, шағын сабақ презентациясы, рөлдік ойын, кейс әдісі, бейнефильмді талқылау, сұрақтарды бірлесіп шешу, сондай-ақ вебинар, онлайн-дәріс, онлайн-практика, онлайн-консультация және аралас, онлайн оқу режиміндегі курс үшін тыңдаушының дербес оқуы.

      Күндізгі және онлайн оқу режимінде білім беру процесін ұйымдастыру кезінде тыңдаушылардың білімін бақылау және бағалау мақсатында кіріспе және қорытынды сауалнама, қорытынды тестілеу өткізіледі.

7-тарау. Бағдарламаны оқу-әдістемелік қамтамасыз ету

      1-модуль. Нормативтік құқықтық модуль.

      Күндізгі оқу режимінде: ұзақтығы 6 сағат (дәріс).

      Онлайн оқу режимінде: ұзақтығы 6 сағат (онлайн-дәріс).

      2-модуль. Психологиялық-педагогикалық модуль.

      Күндізгі оқу режимінде: 13 сағат (4 сағат – дәріс, 3 сағат – семинар, 6 сағат – тренинг);

      Онлайн оқу режимінде: 13 сағат (2 сағат – онлайн-дәріс, 11 сағат – өздік жұмыс).

      3-модуль. Мазмұндық модуль.

      Күндізгі оқу режимінде: ұзақтығы 45 сағат (19 сағат – дәріс, 2 сағат – семинар, 20 сағат – практикалық сабақ, 2 сағат – тренинг, 2 сағат – шағын сабақ презентациясы).

      Онлайн оқу режимінде: 49 сағат (8 сағат – онлайн-дәріс, 6 сағат – онлайн-практика, 4 сағат – вебинар, 31 сағат – өздік жұмыс).

      4-модуль. Технологиялық модуль:

      Күндізгі оқыту режимде: 22 сағат (8 сағат – дәріс, 12 сағат – практикалық сабақ, 2 сағат – тестілеу).

      Онлайн оқыту режимде: 18 сағат (2 сағат – онлайн-дәріс, 2 сағат – онлайн-кеңес, 2 сағат – онлайн-тестілеу, 12 сағат – өздік жұмыс).

      БӘД оқытушыларын педагогикалық қайта даярлау бағдарламасын оқу-әдістемелік қамтамасыз ету мыналарды қамтиды:

      1. Нормативтік құқықтық актілер:

      1) "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы;

      2) "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы;

      3) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;

      4) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 24 ақпандағы № 31 бұйрығымен бекітілген Білім беру ұйымдарының педагогтарына арналған кәсіби стандарттар;

      5) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 12 шілдедегі № 347 бұйрығымен бекітілген Бастапқы әскери даярлық қағидалары.

      2. Негізгі оқулықтар мен әдістемелік құралдар:

      1) орта білім беру ұйымына арналған "Бастапқы әскери даярлық" пәні бойынша бағдарламалар мен әдістемелік ұсынымдар;

      2) БӘД бойынша оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешен (ҚР ҚМ бекіткен соңғы басылымдар);

      3) әскери даярлық бойынша нормативтік құжаттар жинағы;

      4) инклюзивті білім және өлшемшарттық бағалау жөніндегі әдістемелік құралдар.

      3. Қосымша әдебиеттер:

      1) әскери педагогика және патриоттық тәрбие мәселелері жөніндегі монографиялар мен мақалалар;

      2) психология, педагогика, дидактика бойынша оқу құралдары;

      3) қазіргі заманғы білім беру технологиясы, АКТ, цифрлық гигиена, VR/AR технологиясы жөніндегі әдебиеттер.

      4. Электрондық ресурс пен платформа:

      1) eGov – Қазақстан Республикасының электрондық үкімет порталы;

      2) Күнделік – орта білім беру ұйымына арналған автоматтандырылған ақпараттық жүйе;

      3) Askeri Ziyat – әскери білім платформасы (ҚР ҚМ ЦБР);

      4) Халықаралық ашық білім платформасы (Coursera, EdX, Khan Academy – педагогика және цифрлық технология бойынша жеке курс).

      5. Цифрлық білім беру ресурсы (ЦБР):

      1) тактикалық даярлық бойынша интерактивті симулятор;

      2) әскери медицина негіздері, саптық және оқ ату даярлығы бойынша VR/AR бағдарламалары;

      3) ҚР ҚМ бейнесабағы мен оқу фильмдері;

      4) БӘД бойынша электрондық оқулықтар мен мультимедиялық модуль.

      6. Материалдық-техникалық база:

      1) интернетке қолжетімді компьютерлік сынып;

      2) интерактивті тақта мен проектор;

      3) оқу-әдістемелік полигон, қару-жарақ макеті, жеке қорғаныс құралдары;

      4) "Медициналық білім негіздері" бөлімі бойынша сабаққа арналған медициналық жабдық пен оқу жиынтығы.

8-тарау. Күндізгі оқу режиміндегі курстың оқу-тақырыптық жоспары

Сабақ тақырыбы

Дәріс

Семинар

Практикалық сабақ

Тренинг

ӘДС

Шағын сабақ презентациясы

Тестілеу

Барлығы

1

Нормативтік құқықтық модуль

6







6

1.1

Білім беру мазмұнын жаңғырту жағдайында БӘД-ны оқытудың тұжырымдамалық негіздері мен нормативтік құқықтық қамтамасыз ету

2








1.2

Нормативтік құқықтық актілермен бекітілген орта білім жүйесіндегі мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары мен қағидаттары

2








1.3

Бірыңғай тәрбие бағдарламасы, педагог ісін реттейтін орта білім беру ұйымындағы тәрбие жұмысына қатысты нормативтік құқықтық құжаттар

2








2

Психологиялық-педагогикалық модуль

4

3


6




13

2.1

БӘД сабағында оқу ісін ұйымдастырудың психологиялық-педагогикалық ерекшелігі

2



2





2.2

Арнайы білім беру қажеттілігі бар балаларды БӘД-ға оқытудағы психологиялық-педагогикалық тәсілдер

2

3


2





2.3

БӘД сабағында білім алушыларды этностық және діни толеранттылыққа тәрбиелеу. Білім алушылар мен жастар арасында суицид профилактикасы шаралары




2





3

Мазмұндық модуль

19

2

20

2


2


45

3.1

БӘД пәнін тиімді оқыту және оқу стратегиясы



2






3.2

БӘД сабағында білім алушылардың негізгі құзыретін қалыптастыру құралы ретінде құзыреттілікке бағытталған тапсырмалар. Б. Блум таксономиясына сәйкес БӘД бойынша оқу тапсырмаларын жобалау

2


2



2



3.3

Әскери өнер және дәстүр – қазақ мемлекеттілігінің мәдени мұрасы

2


2






3.4

БӘД бойынша тәжірибеге бағдарланған жобаларды әзірлеу әдістемесі

2


2






3.5

БӘД сабағында саралап оқытуды ұйымдастыру. Дарынды білім алушылармен жұмыс әдістемесі: әскери-техникалық конкурсқа дайындау

2


2






3.6

Білім алушылардың БӘД бойынша оқу жетістігін өлшемшарттық бағалау

1


2






3.7

БӘД сабағында "Қарулы Күштер Қазақстан Республикасы егемендігі қорғанысында" тақырыбында оқу ақпаратымен жұмыс дағдысын дамыту

2


3






3.8

БӘД-ны оқыту процесінде "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпыәскери жарғылары" тақырыбы бойынша графикалық органайзерді қолдану

2


3






3.9

Тактикалық даярлық сабағын ұйымдастыру және өткізу әдістемесі

2


2






3.10

"Медициналық білім негіздері" бөлімін зерделеу кезінде әрекет ету тәсілін іске асыру

2

2


2





3.11

Педагогтің кәсіби бағдарлану ісін дамыту стратегиясы және оқушылардың өзін-өзі тану психологиялық-педагогикалық дамыту технологиясы арқылы педагогикалық процесте оқыту мен оқу сапасын арттыру

2








4

Технологиялық модуль

8


12




2

22

4.1

Цифрлық білім беру ресурсы. Стандартты бағдарламалық қамтамасыз ету құралымен БӘД бойынша электрондық білім беру контентін жобалау технологиясы

2


2






4.2

Мобильді құрылғыға арналған қосымшалар жасау және орнату



4






4.3

Онлайн оқыту жағдайында мобильді және смарт-оқыту

2


2






4.4

Электрондық үкімет порталымен (EGov) жұмыс. "Күнделік" ААЖ-мен жұмыс

2


4






4.5

Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігінің қалыптасу деңгейін айқындау







2


4.6

Педагог тұлғасы және психологиялық-педагогикалық өзін-өзі тану технологиясы. Педагогикалық қарым-қатынас дағдысын қалыптастыру нысаны, әдістері мен технологиясы, рефлексия, өзін-өзі талдау, өзін-өзі біліммен қамту, оқыту, өмірдегі жағдаятта ізгілік өзін-өзі ұстау стратегиясы мен тактикасын таңдау тәжірибесі

2








Жиыны:

 37

 5

32 

 0

2

86

      Ескертпе: 1 академиялық сағат – 40 минут.

9-тарау. Онлайн оқу режиміндегі оқу-тақырыптық курс жоспары

Сабақ тақырыбы

Онлайн-оқыту

Өздік оқу (жұмыс)

Барлығы

Онлайн дәріс

Онлайн практика

Вебинар

Онлайн консультация

Онлайн тестілеу

1

Нормативтік құқықтық модуль

6






6

1.1

Білім беру мазмұнын жаңғырту жағдайында БӘД-ны оқытудың тұжырымдамалық негіздері мен нормативтік құқықтық қамтамасыз ету

2







1.2

Нормативтік құқықтық актілермен бекітілген орта білім жүйесіндегі мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары мен қағидаттары

2







1.3

Бірыңғай тәрбие бағдарламасы, педагог ісін реттейтін орта білім беру ұйымындағы тәрбие жұмысына қатысты нормативтік құқықтық құжаттар

2







2

Психологиялық-педагогикалық модуль

2





11

13

2.1

БӘД сабағында оқу ісін ұйымдастырудың психологиялық-педагогикалық ерекшелігі






4


2.2

Арнайы білім беру қажеттілігі бар балаларды БӘД-ға оқытудағы психологиялық-педагогикалық тәсілдер






5


2.3

БӘД сабағында білім алушыларды этностық және діни толеранттылыққа тәрбиелеу. Білім алушылар мен жастар арасында суицид профилактикасы шаралары

2





2


3

Мазмұндық модуль

8

6

4



31

49

3.1

БӘД пәнін тиімді оқыту мен оқу стратегиясы






4


3.2

БӘД сабағында білім алушылардың негізгі құзыретін қалыптастыру құралы ретінде құзыреттілікке бағытталған тапсырмалар. Б. Блум таксономиясына сәйкес БӘД бойынша оқу тапсырмаларын жобалау



2



2


3.3

Әскери өнер мен дәстүр – қазақ мемлекеттілігінің мәдени мұрасы

2





4


3.4

БӘД бойынша тәжірибеге бағдарланған жобаларды әзірлеу әдістемесі

2





4


3.5

БӘД сабағында саралап оқытуды ұйымдастыру. Дарынды білім алушылармен жұмыс әдістемесі: әскери-техникалық конкурсқа дайындау


2




4


3.6

Білім алушылардың БӘД бойынша оқу жетістігін өлшемшарттық бағалау






4


3.7

БӘД сабағында "Қарулы Күштер Қазақстан Республикасы егемендігі қорғанысында" тақырыбында оқу ақпаратымен жұмыс дағдысын дамыту

2





2


3.8

БӘД-ны оқыту процесінде "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпыәскери жарғылары" тақырыбы бойынша графикалық органайзерді қолдану


2




2


3.9

Тактикалық даярлық сабағын ұйымдастыру және өткізу әдістемесі


2

2



2


3.10

"Медициналық білім негіздері" бөлімін зерделеу кезінде әрекет етуге бағытталған тәсілді іске асыру






3


3.11

Педагогтің кәсіби бағдарлану ісін дамыту стратегиясы және оқушылардың өзін-өзі тану психологиялық-педагогикалық дамыту технологиясы арқылы педагогикалық процесте оқыту мен оқу сапасын арттыру

2







4

Технологиялық модуль

2



2

2

12

18

4.1

Цифрлық білім беру ресурсы. Стандартты бағдарламалық қамтамасыз ету құралымен БӘД бойынша электрондық білім беру контентін жобалау технологиясы




2


4


4.2

Мобильді құрылғыға арналған қосымшалар жасау және орнату






2


4.3

Онлайн оқыту жағдайында мобильді және смарт-оқыту






4


4.4

Электрондық үкімет (EGov) порталымен жұмыс. "Күнделік" ААЖ-мен жұмыс






2


4.5

Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігінің қалыптасу деңгейін айқындау





2



4.6

Педагог тұлғасы және психологиялық-педагогикалық өзін-өзі тану технологиясы. Педагогикалық қарым-қатынас дағдысын қалыптастыру нысаны, әдістері мен технологиясы, рефлексия, өзін-өзі талдау, өзін-өзі біліммен қамту, оқыту, өмірдегі жағдаятта ізгілік өзін-өзі ұстау стратегиясы мен тактикасын таңдау тәжірибесі

2







Жиыны:

18

6

4

2

2

54

86

      Ескертпе: 1 академиялық сағат – 40 минут.

10-тарау. Оқу нәтижесін бағалау

Қорытынды тестілеу

Модуль атауы

Сағат саны

Сұрақ саны

1

Нормативтік құқықтық модуль

6/6

4

2

Психологиялық-педагогикалық модуль

13/13

4

4

Мазмұндық модуль

45/49

18

5

Технологиялық модуль

22/18

4

Жиыны

86

30

Балл аудару шәкілі

Қорытынды бағалау

Ең жоғары мүмкін болатын балл үлесі, %

Балл

саналды

50-100

15-30

саналмады

50-ден аз

15-тен аз


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады