Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің объектілерінде қызметтік, тұрмыстық, өндірістік үй-жай мен аумақты жинау үшін сабын-жуғыш заттармен, құрал-сайманмен және құралмен қамтамасыз етудің заттай нормасын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2025 жылғы 25 сәуірдегі № 472 бұйрығы

      Қазақстан Республикасы Бюджет кодексі 70-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің объектілерінде қызметтік, тұрмыстық, өндірістік үй-жай мен аумақты жинау үшін сабын-жуғыш заттармен, құрал-сайманмен және құралмен қамтамасыз етудің заттай нормасы бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери инфрақұрылым бас басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 11 шілдедегі № 472 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33059 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін жүргізу қағидалары 10-тармағының талаптарына сәйкес осы бұйрықты қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі объектілеріндегі қызметтік, тұрмыстық, өндірістік үй-жайлар мен аумақты жинау үшін сабын-жуғыш заттармен, құрал-сайманмен және құралдармен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2024 жылғы 11 шілдедегі № 718 бұйрығы жойылсын.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін.

      6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі генерал-полковник
Р. Жақсылықов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2025 жылғы 25 сәуірдегі
№ 472 бұйрығына
қосымша

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің объектілерінде қызметтік, тұрмыстық, өндірістік үй-жай мен аумақты жинау үшін сабын-жуғыш заттармен, құрал-сайманмен және құралмен қамтамасыз етудің заттай нормасы

Р/с №

Атауы

Өлшем бірлігі

Сандық мәндегі норма

Пайдалану мерзімі

Қолдану саласы

Норманың анықтамасын және қолданылуын нақтылайтын сипаттама

1

2

3

4

5

6

7

1-параграф. Қызметтік, тұрмыстық және өндірістік үй-жайды жинау

1

Иіссабын
(сұйық сабын)*

дана

4

1 ай

Қолды дезинфекциялау және тазарту үшін

санитариялық торапқа 400 гр.
Аурудың таралуын болдырмау мақсатында

2

Шүберек

шаршы м

4

1 ай

Санитариялық торапты сулы шүберекпен сүрту үшін

бір тазалаушыға санитариялық торап үшін еденге арналған
Аурудың таралуын болдырмау мақсатында

3

Шүберек

шаршы м

4

1 ай

Үй жайды сулы шүберекпен сүрту үшін

бір тазалаушыға үй-жай үшін еденге арналған
Аурудың таралуын болдырмау мақсатында

4

Фланель (микрофибра)

дана

4

1 ай

Үй-жайды жинау, жиһаз бен кеңсе жабдығын сүрту үшін

Бір тазалаушыға
Респираторлық аурудың таралуын болдырмау мақсатында

5

Тазартқыш зат

литр

0,5

1 ай

Унитаздың төменгі бөлігіндегі кірді кетіру үшін

1 құрылғыға (санитарлық торап/дәретхана)
Дәретханада гигиенаны сақтау үшін

6

Белизна, хлор (хлорамин)

литр

0,5

1 ай

Унитазды ағарту, дезодорациялау және дезинфекциялау үшін

1 унитазға
Дәретханада гигиенаны сақтау

7

Ауа тазартқыш**

дана

1

1 ай

Жағымсыз иісті жою үшін

санитариялық торап үшін
Ауаны табиғи хош иіспен қанықтыру арқылы жағымсыз иістен қорғау арқылы үй-жайда қосымша жайлылықты қамтамасыз ететін құрылғы

8

Дәретхана қағазы**

орам

4

1 ай

Жеке гигиеналық мақсатта пайдалану үшін

1 кабинаға
Дәретханада гигиенаны сақтау

9

Еден жууға арналған сүрткіш

дана

1

12 ай

Еден жуу кезінде жағдай жасау үшін

1 тазалаушыға
Еңбек жағдайын қамтамасыз ету үшін құрал

10

Унитазға арналған ерш

дана

1

12 ай

Унитазды таза ұстауға арналған

1 унитазға
Унитазда гигиенаны сақтау үшін құрал

11

Сыпырғыш

дана

1

6 ай

Үй-жайды жинау кезінде жағдай жасау үшін

1 тазалаушыға
Еңбек жағдайын қамтамасыз ету үшін құрал

12

Қоқыс жинауға арналған совок

дана

1

12 ай

Үй-жайды жинау кезінде қоқыс жинауға арналған

1 тазалаушыға
Еңбек жағдайын қамтамасыз ету үшін құрал

13

Шелек

дана

1

12 ай

Үй-жайды жинау кезінде сұйықтықты толтыруға арналған ыдыс

1 тазалаушыға
Еңбек жағдайын қамтамасыз ету үшін құрал

14

Полиэтилен қапшық***

пакет

20

1 ай

Бір реттік пайдалануға және қалдығы бар ыдысқа тастауға арналған

1 жұмыс орнына қоқыс үшін
Тұрмыста пайдалануға арналған шығыс материалы

2-параграф. Аумақты жинау

15

Үшкір күрек****

дана

1

24 ай

Жер қазу жұмысында пайдалану үшін

1 мекемеге
Еңбек жағдайын қамтамасыз ету үшін құрал

16

Қалақ күрек****

дана

1

24 ай

Жер қазу жұмысында пайдалану үшін

1 мекемеге
Еңбек жағдайын қамтамасыз ету үшін құрал

17

Мұзды кетіруге арналған қырғыш

дана

2

24 ай

Қыста аумақты мұздан тазарту кезінде пайдалану үшін

1 мекемеге
Еңбек жағдайын қамтамасыз ету үшін құрал

18

Қолғап

жұп

1

1 ай

Қолды кірден, шаңнан және үйкелістен қорғау үшін

1 адамға
Еңбек жағдайын қамтамасыз ету үшін құрал

19

Сыпырғыш****

дана

1

12 ай

Аумақты жинау кезінде жағдай жасау үшін

1 мекемеге
Еңбек жағдайын қамтамасыз ету үшін құрал

20

Металл қалақ****

дана

1

12 ай

Аумақты жинау кезінде қоқыс жинауға арналған

1 мекемеге
Еңбек жағдайын қамтамасыз ету үшін құрал

21

Металл шелек****

дана

1

12 ай

Аумақты жинау кезінде қоқыспен толтыруға арналған ыдыс

1 мекемеге
Еңбек жағдайын қамтамасыз ету үшін құрал

22

15-25 метрлік суару шлангісі

дана

1

24 ай

Гүлді, көгалды, ағашты суаруға және сумен басқа да жұмыс істеу үшін

1 объектке
Еңбек жағдайын қамтамасыз ету үшін құрал

23

Бір осьті жүк арбасы

дана

1

84 ай

Аумақты жинау кезінде жапырақты,қоқысты және басқа да қалдықты жинау үшін

 
2 штаттағы аула сыпырушыға
Еңбек жағдайын қамтамасыз ету үшін құрал

24

Шөп шабатын машина

дана

1

84 ай

Тегіс жерді өңдеу кезінде шөп шабу үшін

2 штаттағы аула сыпырушыға
Еңбек жағдайын қамтамасыз ету үшін құрал

25

Триммер

дана

1

84 ай

Көгалды шабу, бұта мен ағаштың жас бұтақтарын кесу үшін

2 штаттағы аула сыпырушыға
Еңбек жағдайын қамтамасыз ету үшін құрал

      Ескертпе:

      *- 1 адамға 30 грамм есебінен 1 айға (24 жұмыс күні). Есептеу қабаттағы жеке құрам санына байланысты жүргізіледі.

      **- мерзімді қызмет сарбаздары болмайтын әкімшілік ғимаратта қолданылады.

      ***- 1 қоқыс жәшігіне есебінен, бұл ретте санитарлық торапта толған кезінде күн сайын ауыстыру жүргізіледі.

      ****- жеке құрам санына қарай 10 адамға 1 құрал есебінен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады