"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес, Республикалық ономастикалық комиссияның 2025 жылғы 10 қыркүйектегі қорытындысының негізінде Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Астана қаласының жеңіл рельсті көлік стансаларына:
№ 101 стансаға – "Әуежай";
№ 102 стансаға – "Атамекен";
№ 103 стансаға – "Есіл";
№ 104 стансаға – "Мәңгілік Ел";
№ 105 стансаға – "Астана жұлдызы";
№ 106 стансаға – "Нұра";
№ 107 стансаға – "Университет";
№ 108 стансаға – "Ұлы Дала";
№ 109 стансаға – "Астана Арена";
№ 110 стансаға – "Жекпе-жек сарайы";
№ 111 стансаға – "Сығанақ";
№ 112 стансаға – "Бәйтерек";
№ 113 стансаға – "Министрліктер үйі";
№ 114 стансаға – "Ұлттық музей";
№ 115 стансаға – "Театр";
№ 116 стансаға – "Мыңжылдық аллеясы";
№ 117 стансаға – "Жібек жолы";
№ 118 стансаға – "Нұрлы жол" атаулары берілсін.
2. "Астана қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Е.Б. Байкенге жүктелсін.
| Астана қаласының әкімі | Ж. Қасымбек |
