Астана қаласында тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы

Жаңа

Астана қаласы мәслихатының 2025 жылғы 28 қарашадағы № 347/46-VIII шешімі

      Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 14-1-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-9-тармағына, Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 30 мамырдағы № 187 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілімiнде № 36186 болып тіркелген) сәйкес Астана қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен ипотекалық бағдарлама шеңберінде ипотекалық тұрғын үй қарызын пайдалана отырып тұрғынжайды меншігіне сатып алу немесе Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңға (бұдан әрі – Заң) сәйкес тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын алу құқығын іске асыру үшін бірыңғай республикалық электрондық базаға және "Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы" электрондық базасына тұрғынжайға мұқтаждар есебінде тұратын азаматтардың мына санаттарына 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңге мөлшерінде тұрғын үй сертификаттары айқындалсын:

      1) Астана қаласының әкімдігіне ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындарда қызмет ететін:

      білім беру ұйымдарындағы педагог қызметкерлерге;

      денсаулық сақтау ұйымдарындағы медицина қызметкерлеріне;

      арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсетуге қатысатын әлеуметтік қамтамасыз ету ұйымдарындағы қызметкерлерге;

      мәдениет және спорттық ұйымдарының бейіндік қызметкерлеріне;

      2) "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Астана қаласының Полиция департаменті" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне;

      3) "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне;

      4) Заңның 68-бабында көзделген халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына.

      2. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Астана қаласы мәслихатының төрағасы Т. Зейнұлқабден

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады