Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 70-бабы 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) (бұдан әрі – Агенттік) және оның аумақтық органдарының ерекше үй-жайларына арналған алаңдардың заттай нормалары бекітілсін.
2. "Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) және оның аумақтық органдарының ерекше үй-жайларына арналған алаңдардың заттай нормаларын бекіту туралы" Агенттіктің Төрағасының 2024 жылғы 13 мамырдағы № 98 бұйрығының күші жойылған деп танылсын.
3. Агенттіктің Қаржы-құқықтық қамтамасыз ету департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Агенттіктің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Агенттіктің аппарат басшысына жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Төраға | А. Жұмағали |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2025 жылғы 30 сәуірдегі № 79 бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) және оның аумақтық органдарының ерекше үй-жайларына арналған заттай нормалар
№ | Үй-жайдың атауы | Өлшем бірлігі | Бір үй-жайдың ауданы |
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) орталық аппараты | |||
1 | Қару-жарақ, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды, арнайы және химиялық құралдарды сақтауға арналған үй-жай | ш.м. | 30 |
2 | Кезекші бөлімді орналастыруға арналған үй-жай | ш.м. | 55 |
3 | Тергеудегілерден жауап алуды жүргізуге, беттестіруді жүргізуге, тануға, қылмыстық істермен танысуға және өзге де тергеу әрекеттеріне арналған кабинет | ш.м. | 35 |
4 | Заттай дәлелдемелерді сақтауға арналған үй-жай | ш.м. | 65 |
5 | Құпиялылық белгісі бар құжаттармен және картотекамен жұмыс істеуге және сақтауға арналған үй-жай | ш.м. | 70 |
6 | Полиграфологиялық зерттеу жүргізуге арналған кабинет | ш.м. | 20 |
7 | Консультациялық орталық | ш.м. | 75 |
8 | Физикалық дайындық үй-жайы | ш.м. | 400 |
9 | Психолог кабинеті | ш.м. | 50 |
10 | Медициналық кабинет | ш.м. | 50 |
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) аумақтық органдары | |||
1 | Қару-жарақ, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды, арнайы және химиялық құралдарды сақтауға арналған үй-жай | ш.м. | 30 |
2 | Кезекші бөлімді орналастыруға арналған үй-жай | ш.м. | 40 |
3 | Тергеудегілерден жауап алуды жүргізуге, беттестіруді жүргізуге, тануға, қылмыстық істермен танысуға және өзге де тергеу әрекеттеріне арналған кабинет | ш.м. | 35 |
4 | Заттай дәлелдемелерді сақтауға арналған үй-жай | ш.м. | 40 |
5 | Құпиялылық белгісі бар құжаттармен және картотекамен жұмыс істеуге және сақтауға арналған үй-жай | ш.м. | 50 |
6 | Полиграфологиялық зерттеу жүргізуге арналған кабинет | ш.м. | 30 |
7 | Консультациялық орталық | ш.м. | 75 |
8 | Физикалық дайындық үй-жайы | ш.м. | 230 |
9 | Психолог кабинеті | ш.м. | 50 |
Ескертпе: жоғарыда көрсетілген тиесілік нормалары ерекше үй-жайлардың болуына және ғимараттардағы үй-жайларды жоспарлау ерекшеліктеріне байланысты айқындалады.