Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 8-бабы 3-тармағының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы "Мәслихаттың үлгі регламентін бекіту туралы" № 704 Жарлығының 65-тармағына сәйкес Үлкен Нарын ауданы мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Үлкен Нарын ауданы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған "Үлкен Нарын ауданы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.
3. Осы шешім қабылданған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Үлкен Нарын ауданы мәслихатының төрағасы | Ж. Сыдыкова |
| Үлкен Нарын ауданы мәслихатының 2024 жылғы 8 қаңтардағы №1/6 -VIІI шешіміне қосымша |
"Үлкен Нарын ауданы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ереже 1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Үлкен Нарын ауданы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Мәслихат аппараты) ұйымдық-құқықтық нысандағы коммерциялық емес орган болып табылады.
2. Мәслихат аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Мәслихат аппараты ұйымдық-құқықтық нысандағы мемлекеттік мекеме, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрі мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар заңды тұлға болып табылады.
4. Мәслихат аппаратының мемлекеттік басқару органы, сондай-ақ оған қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын орган Үлкен Нарын ауданы мәслихаты болып табылады.
5. Мәслихат аппараты туралы ережені, оның құрылымы мен штат санының лимиті және материалдық-техникалық қамтамасыз етуге арналған шығыстарды "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 8- бабы, 3-тармағы 4) тармақшасына сәйкес Үлкен Нарын ауданы мәслихаты бекітеді.
6. Мәслихат аппараты азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
7. Мәслихат аппараты заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген жағдайда, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
8. Мәслихат аппараты өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен мәслихат төрағасының атынан рәсімделген өкімдер шығарады.
9. Мемлекеттік органның толық атауы – "Үлкен Нарын ауданы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі.
10. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 070900, Шығыс Қазақстан облысы, Үлкен Нарын ауданы, Үлкен Нарын ауылы, Аблайхан көшесі 116 үй.
11. Осы ереже мәслихат аппаратының құрылтай құжаты болып табылады. Мемлекет Үлкен Нарын ауданы мәслихатының атынан мәслихат аппаратының құрылтайшысы болып табылады.
12. Мәслихат аппаратының қызметін қаржыландыру жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.
13. Мәслихат аппаратына кәсіпкерлік субъектілермен Үлкен Нарын ауданы мәслихатының аппаратының функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
2-тарау. Мемлекеттік орган қызметінің мәні мен мақсаттары
14. Мәслихат аппаратының мәні: Жергілікті өкілді органның (мәслихаттың) қызметін қамтамасыз ету.
15. Мәслихат аппаратының мақсаты: жергілікті мемлекеттік басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.
16. Мәслихат аппараты мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:
1) мәслихаттың және оның органдарын ұйымдастыру, құқықтық, материалдық-техникалық, тағы басқаларды қамтамасыз етуді іске асырады;
2) мәслихат депутаттарына өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға, азаматтар қабылдауын, сайлаушылармен кездесулер, олардың алдында есептер ұйымдастыруға іс жүзінде көмек көрсетеді, оларды қажетті анықтамалық материалдармен қамтамасыз ету, мәслихатқа түсетін ақпараттарды жинақтау;
3) "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес нормативтік құқықтық сипаттағы мәслихаттың шешімдерін рәсімдейді және әділет органдарына мемлекеттік тіркеуге ұсынады, оларға құқықтық мониторинг жүргізеді;
4) ақпарат алмасуды қамтамасыз етеді, іс қағаздарын жүргізеді, кіріс және шығыс хат-хабарларды өңдейді;
5) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды;
6) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес мәслихат депутаттарының және мәслихат аппараты мемлекеттік қызметшілерінің біліктілігін арттыруға шығыстарды жоспарлайды;
7) мәслихат сессияларын дайындап өткізу жөніндегі ұйымдастыру-техникалық іс-шараларды жүзеге асырады;
8) сессиялардың пленарлық отырыстарын, тұрақты (уақытша) комиссиялардың отырыстарына қатысады, мәслихат шешімдерінің жобаларын, тұрақты комиссияларының қаулыларын және уақытша комиссияларының қорытындыларын сапалы дайындау мәселелерінде депутаттарға көмек көрсетеді;
9) мәслихат Регламентіне сәйкес сессиялардың, тұрақты комиссиялардың отырыстарының хаттамаларын, сессия шешімдерін, тұрақты комиссиялардың қаулыларын ресімдейді;
10) мәслихат қызметінің мәселелері бойынша баяндамалар, шешімдер жобаларын, анықтамалар мен басқа да құжаттарды дайындауды ұйымдастырады;
11) мәслихат актілері мен құжаттаманы ресімдеуді, сақтауды және архивке тапсыруды қамтамасыз етеді.
3-тарау. Мемлекеттік органды басқару
Ескерту. 3-тарау жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Үлкен Нарын аудандық мәслихатының 31.07.2026 № 26/264-VIII шешімімен (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі).
17. Мәслихат төрағасы:
1) мәслихат аппаратының басшысын лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.
18. Мәслихат аппаратын жалпы басқаруды Үлкен Нарын ауданы мәслихатының аппарат басшысы жүзеге асырады.
19. Мәслихат аппаратының басшысы:
1) мәслихат аппаратының қызметіне басшылық жасайды;
2) өз құзыреті шегінде аппараттың қызметін ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;
3) мәслихат аппаратының "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшілерін мемлекеттік лауазымдарға тағайындайды және мемлекеттік лауазымдардан босатады;
4) мәслихат аппаратының тәртіптік және конкурстық комиссияларының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;
5) қызметтік тәртіптің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
6) мәслихат аппаратының мемлекеттік қызметшілерін іссапарға жіберу, оларға демалыс беру, материалдық көмек көрсету, даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру, көтермелеу, оларға үстемеақылар белгілеу мәселелерін шешеді;
7) мәслихат аппараты мемлекеттік қызметшілерінің тәртіптік жауапкершілігі мәселелерін шешеді;
8) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді;
9) мәслихат сессияларын, мәслихаттың тұрақты және уақытша комиссияларының отырыстарын ұйымдастырады;
10) мәслихат шешімдерінің жобаларын, мәслихат депутаттарын іссапарға жіберу жөніндегі және мәслихат төрағасы немесе мәслихаттың тұрақты комиссиясының төрағасы болмаған жағдайда міндеттерді жүктеу жөніндегі бұйрықтарды дайындайды;
11) депутаттардың біліктілігін арттыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады;
12) аппарат басшысына жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
4-тарау. Мемлекеттік орган мүлкінің құрылу тәртібі
20. Мәслихат аппаратының заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
21. Мәслихат аппаратының мүлкі оған меншік иесі берген мүлік есебінен қалыптастырылады және негізгі қорлар мен айналым қаражатынан, сондай-ақ құны аппарат балансында көрсетілетін өзге де мүліктен тұрады.
22. Мәслихат аппаратына бекітілген мүлік аудандық коммуналдық меншікке жатады.
23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Мәслихат аппараты өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5-тарау. Мемлекеттік органның жұмыс тәртібі
Ескерту. 5-тарау жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Үлкен Нарын аудандық мәслихатының 24.12.2024 № 9/86-VIII шешімімен (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі).
24. Мәслихат аппаратының жұмыс тәртібі: екі демалыс күні бар бес күндік жұмыс аптасы белгіленеді. Жұмыстың басталуы сағат 8.00-ден 17.00-ге дейін, тынығу мен тамақтануға арналған үзіліс сағат 12.00-ден 13.00-ге дейін.
6-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату шарттары
25. Мәслихат аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.
