Үлкен Нарын ауданы мәслихатының 2024 жылғы 8 қаңтардағы № 1/6–VІІI "Үлкен Нарын ауданы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Үлкен Нарын аудандық мәслихатының 2026 жылғы 31 шілдедегі № 26/264-VIII шешімі

      Үлкен Нарын ауданы мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Үлкен Нарын ауданы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" Үлкен Нарын ауданы мәслихатының 2024 жылғы 8 қаңтардағы № 1/6–VIІI шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

      осы шешімімен бекітілген "Үлкен Нарын ауданы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ереженің 3-тарауы жаңа редакцияда жазылсын:

      "3. Мемлекеттік органды басқару

      17. Мәслихат төрағасы:

      1) мәслихат аппаратының басшысын лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.

      18. Мәслихат аппаратын жалпы басқаруды Үлкен Нарын ауданы мәслихатының аппарат басшысы жүзеге асырады.

      19. Мәслихат аппаратының басшысы:

      1) мәслихат аппаратының қызметіне басшылық жасайды;

      2) өз құзыреті шегінде аппараттың қызметін ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;

      3) мәслихат аппаратының "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшілерін мемлекеттік лауазымдарға тағайындайды және мемлекеттік лауазымдардан босатады;

      4) мәслихат аппаратының тәртіптік және конкурстық комиссияларының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;

      5) қызметтік тәртіптің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

      6) мәслихат аппаратының мемлекеттік қызметшілерін іссапарға жіберу, оларға демалыс беру, материалдық көмек көрсету, даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру, көтермелеу, оларға үстемеақылар белгілеу мәселелерін шешеді;

      7) мәслихат аппараты мемлекеттік қызметшілерінің тәртіптік жауапкершілігі мәселелерін шешеді;

      8) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді;

      9) мәслихат сессияларын, мәслихаттың тұрақты және уақытша комиссияларының отырыстарын ұйымдастырады;

      10) мәслихат шешімдерінің жобаларын, мәслихат депутаттарын іссапарға жіберу жөніндегі және мәслихат төрағасы немесе мәслихаттың тұрақты комиссиясының төрағасы болмаған жағдайда міндеттерді жүктеу жөніндегі бұйрықтарды дайындайды;

      11) депутаттардың біліктілігін арттыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады;

      12) аппарат басшысына жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.".

      2. Осы шешім қабылданған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Үлкен Нарын ауданы мәслихатының төрағасы Ж. Сыдыкова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады