"Karabatan Utility Solutions" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жер учаскесіне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Атырау қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 5 шілдедегі № 1534 қаулысы. Күші жойылды - Атырау облысы Атырау қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 25 қыркүйектегі № 2198 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Атырау қаласы әкімдігінің 25.09.2024 № 2198 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабы 5-1-тармақшасына және 69-бабы 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес, Атырау қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Karabatan Utility Solutions" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (110740016162) сыртқы су құбырын жүргізу үшін берілген қосымшаға сай (14 жер учаскесі) жер пайдаланушылардан және меншік иелерінен жер учаскелерін алып қоймастан, Атырау қаласы аумағынан, Астрахань – Маңғышлақ магистралды су құбырынан бастап "Karabatan Utility Solutions" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің территориясына дейін жалпы көлемі 84,3847 гектар жер учаскесіне 49 жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары С.Нсанбаевқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі Ш. Кейкин

  Атырау қаласы әкімдігінің
2024 жылғы 5 шілдедегі
№ 1534 қаулысына
қосымша

"Karabatan Utility Solutions" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жер учаскесіне қауымдық сервитут белгілеуде жер пайдаланушылар мен жер учаскесінің меншік иелерінің тізімі

Жер учаскесінің меншік иесі

Орналасқан жері

Кадастрлық нөмері

1

"ҚазТрансОйл" акционерлік қоғамы

Новокирпичное ауылы, №8 құрылыс

04-066-060-4578

2

Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Атырау орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекеме" коммуналдық мемлекеттік мекемесі


04-066-050-3306

3

Атырау қаласы әкімдігі аппараты

Атырау – Доссор тас жолы бойы, Қарабатан станциясы аумағы

04-066-050-3166

4

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "Атырау аудандық пайдалану бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесі

Атырау – Доссор тас жолынан "Қарабатан" оқу полигонына дейін

04-066-050-4210

5

Муханбидьярова Эльмира Байжановна

Қайыршақты ауылдық округі, Жұлдыз – 3 тұрғын үй алабы, Қалжан Мұхамбетов көшесі, №4 үй

04-066-060-3307

6

"Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В." филиалы

Атырау қаласының жерінен

04-066-060-4166

7

"Kazakhstan Petrochemical Industries Inc." ("Казахстан Петрокемикал Индастриз Инк.") ЖШС

Атырау – Доссор тас жолы бойы

04-066-050-4218

8

"Kazakhstan Petrochemical Industries Inc." ("Казахстан Петрокемикал Индастриз Инк.") ЖШС

Атырау – Доссор тас жолы бойы

04-066-071-174

9

"Ұлттық индустриялық мұнай – химия технопаркі" арнайы экономикалық аймағы акционерлік қоғамы

Атырау – Доссор тас жолы, №301/1 құрылыс

04-066-050-3543

10

"Ұлттық индустриялық мұнай – химия технопаркі" арнайы экономикалық аймағы акционерлік қоғамы

Атырау – Доссор тас жолы, №301/12 құрылыс

04-066-050-3548

11

"Ұлттық индустриялық мұнай – химия технопаркі" арнайы экономикалық аймағы акционерлік қоғамы

Атырау – Доссор тас жолы, №301/31 құрылыс

04-066-050-3529

12

"Ұлттық индустриялық мұнай – химия технопаркі" арнайы экономикалық аймағы акционерлік қоғамы
"GAZenergy" (ГАЗенерджи) ЖШС

Атырау – Доссор тас жолы, №301/9 құрылыс

04-066-050-3535

13

"Ұлттық индустриялық мұнай – химия технопаркі" арнайы экономикалық аймағы акционерлік қоғамы

Атырау – Доссор тас жолы, №301/27 құрылыс

04-066-050-3522

14

"Ұлттық индустриялық мұнай – химия технопаркі" арнайы экономикалық аймағы акционерлік қоғамы

Атырау – Доссор тас жолы, №301/29 құрылыс

04-066-050-3526

      Атырау қаласының жер қатынастары,
сәулет және қалақұрылысы
бөлімінің басшысы
Ж. Жумагалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады