Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабы 5-1-тармақшасына және 69-бабы 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес, Атырау қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Karabatan Utility Solutions" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (110740016162) сыртқы су құбырын жүргізу үшін берілген қосымшаға сай (11 жер учаскесі) жер пайдаланушылардан және меншік иелерінен жер учаскелерін алып қоймастан, Атырау қаласы аумағынан, Астрахань- Маңғышлақ магистралды су құбырынан бастап "Karabatan Utility Solutions" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің территориясына дейін жалпы көлемі 64,665 гектар жер учаскесіне 49 жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
2. Осы қаулының қабылдануына байланысты, Атырау қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 5 шілдедегі №1534 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары С.Нсанбаевқа жүктелсін.
4. "Атырау қаласының жер қатынастары, сәулет және қалақұрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулы қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қаулыны жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | Ш. Кейкин |
Атырау қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 25 қыркүйектегі № 2198 қаулысына қосымша |
"Karabatan Utility Solutions" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жер учаскесіне қауымдық сервитут белгілеуде жер пайдаланушылар мен жер учаскесінің меншік иелерінің тізімі
№ | Жер учаскесінің меншік иесі | Орналасқан жері | Кадастрлық нөмері |
1 | "ҚазТрансОйл" акционерлік қоғамы | Новокирпичное ауылы, №8 құрылыс | 04-066-060-4578 |
2 | Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Атырау орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекеме" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | Атырау –Доссор тас жолы бойы, | 04-066-050-3306 |
3 | Атырау қаласы әкімдігі аппараты | Атырау – Доссор тас жолы бойы, Қарабатан станциясы аумағы | 04-066-050-3166 |
4 | Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "Атырау аудандық пайдалану бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесі | Атырау – Доссор тас жолынан "Қарабатан" оқу полигонына дейін | 04-066-050-4210 |
5 | "Kazakhstan Petrochemical Industries Inc." ("Казахстан Петрокемикал Индастриз Инк.") ЖШС | Атырау – Доссор тас жолы бойы | 04-066-071-174 |
6 | "Ұлттық индустриялық мұнай – химия технопаркі" арнайы экономикалық аймағы акционерлік қоғамы | Атырау – Доссор тас жолы, №301/12 құрылыс | 04-066-050-3548 |
7 | "Ұлттық индустриялық мұнай – химия технопаркі" арнайы экономикалық аймағы акционерлік қоғамы | Атырау – Доссор тас жолы, №301/27 құрылыс | 04-066-050-3521 |
8 | "Ұлттық индустриялық мұнай – химия технопаркі" арнайы экономикалық аймағы акционерлік қоғамы | Атырау – Доссор тас жолы, №301/29 құрылыс | 04-066-050-3538 |
9 | "Ұлттық индустриялық мұнай – химия технопаркі" арнайы экономикалық аймағы акционерлік қоғамы | Атырау – Доссор тас жолы | 04-066-050-3550 |
10 | "ҚазТрансОйл" акционерлік қоғамы | Геолог шағын ауданы, Новокирпичный, №6 құрылыс | 04-066-060-4101 |
11 | Атырау қаласының жер қоры | "Karabatan Utility Solutions" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің су құбыры жанында | - |
Атырау қаласының жер қатынастары, сәулет және қалақұрылысы бөлім басшысының уақытша міндетін атқарушы |
А. Төлегенов |