"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 08 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына және Облыстық ономастика комиссиясының 2023 жылғы 21 желтоқсандағы қорытындысына сәйкес, Кейден ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Кейден ауылдық округі Кейден ауылындағы Сырдария көшесінің №1-28 тұрғын үйлер аралығындағы бөлігін Шерубай Кенжебаевтың есімімен қайта аталсын.
1. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
2. Шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Кейден ауылдық округі әкімі | С.Кенжебай |
