"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Сексеуіл кенті тұрғындарының пікірін ескере отырып және облыстық ономастика комиссиясының 2023 жылғы 21 желтоқсандағы қорытындысы негізінде ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Сексеуіл кентінің келесі көшелері:
Советская көшесін Нұраш Атантаев көшесіне;
Калинин көшесін Сейітқали Сейітмұратов көшесіне;
8 март көшесін Жарылқасын Сағиданов көшесіне;
Октябрдің 60 жылдығы көшесін Мақсұт Бекниязов көшесіне;
Привокзальная көшесін Алтын орда көшесіне қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Сексеуіл кентінің әкімі | С. Төрешов |
