БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгінiң "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Ақпараттық қауіпсіздік, аэроғарыш, жасанды интеллект және инновацияларды дамыту, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және телекоммуникациялар комитеттері осы бұйрықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрлеріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
| Министр | Ж. Мәдиев |
| Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 10 желтоқсандағы № 784/НҚ бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. Күші жойылды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 21.10.2025 № 527/НҚ бұйрығымен.
2. Күші жойылды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 21.10.2025 № 526/НҚ бұйрығымен.
3. Күші жойылды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 22.10.2025 № 533/НҚ бұйрығымен.
4. Күші жойылды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 22.10.2025 № 528/НҚ бұйрығымен.
5. "Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Жасанды интеллект және инновацияларды дамыту комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 17 мамырдағы № 278/НҚ бұйрығында:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Жасанды интеллект және инновацияларды дамыту комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесінде:
мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын:
"12-1) нысаналы технологиялық бағдарламаларды әзірлеу;";
мынадай мазмұндағы 13-1), 13-2) және 13-3) тармақшалармен толықтырылсын:
"13-1) инновациялық жобаларды сынамалауға арналған эксперименттік режимдерге бастама жасау қағидаларын әзірлеу;
13-2) инновациялық қызметті дамытудың ұлттық индексін есептеу әдістемесін әзірлеу;
13-3) инновациялық қызмет сыныптамасын әзірлеу;";
мынадай мазмұндағы 26-1) және 26-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"26-1) тиісті саладағы ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
26-2) тиісті саладағы ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру саласында кадрларды даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі бағдарламаны іске асыруға қатысу;";
42) тармақша алынып тасталсын;
52) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"52) цифрлық активтер саласында, сондай-ақ қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығаруды және олардың айналымын жүзеге асыратын тұлғалардың Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;";
мынадай мазмұндағы 52-1), 52-2), 52-3), 52-4) және 52-5) тармақшалармен толықтырылсын:
"52-1) Қазақстан Республикасының аумағында танылатын қамтамасыз етілген цифрлық актив түрлерінің тізбесін әзірлеу;
52-2) қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығару және олардың айналымы тәртібін әзірлеу;
52-3) қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың мемлекеттік тізілімін жүргізу;
52-4) қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығару туралы шешімді ресімдеу қағидаларын әзірлеу;
52-5) қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығаруға және олардың айналысына рұқсат беру;";
мынадай мазмұндағы 55-1) тармақшамен толықтырылсын:
"55-1) ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізу және қазіргі заманғы технологияларды ендіру;";
мынадай мазмұндағы 61-1), 61-2), 61-3), 61-4) және 61-5) тармақшалармен толықтырылсын:
"61-1) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын дамыту үшін жағдайлар жасау;
61-2) өңірлерде мемлекеттік технологиялық саясаттың іске асырылуын мониторингтеуді жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу;
61-3) өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері ұсынатын мамандарға деген қажеттілік туралы мәліметтер негізінде экономиканың басым секторлары үшін мамандар даярлау талап етілетін мамандықтар тізбесін айқындау жөніндегі ұсыныстарды қалыптастыру және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға жіберу;
61-4) ұлттық инновациялық жүйенің "Бірыңғай терезе" ақпараттық жүйесін басқару, жүргізу, қолдап отыру, оның жұмыс істеуін және пайдаланылуын қамтамасыз ету;
61-5) жасанды интеллект технологияларын дамыту саласындағы нормативтік құқықтық реттеу бойынша ұсыныстар әзірлеу және іске асыру;";
мынадай мазмұндағы 73-1) тармақшамен толықтырылсын:
"73-1) электрондық өнеркәсіп саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру және халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттерде Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру;".
