"Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлiгiнiң Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2025 жылғы 22 қазандағы № 528/НҚ бұйрығы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз.

      "Мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 18 қыркүйектегі № 997 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 9 қазандағы № 846 қаулысына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлiгiнiң Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті туралы" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі (бұдан әрі – Ереже) бекітілсін.

      2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлiгiнiң Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрыққа қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік бес жұмыс күні ішінде оны қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Ереженің 15-тармағының 18) тармақшасын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің Орынбасары –
Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі
Ж. Мәдиев

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Орынбасары – Жасанды
интеллект және цифрлық даму
министрінің
2025 жылғы 22 қазандағы
№ 528/НҚ бұйрығымен
бекiтілген

"Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Комитет) Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер салаcында басшылықты жүзеге асыратын ведомствосы болып табылады.

      2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Комитет мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның өз атауы қазақ тілінде көрсетілген мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      4. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      5. Комитетке заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілген болса, ол мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      6. Комитет өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Комитет төрағасының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      7. Комитеттің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      8. Комитеттің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, 55/5.

      9. Комитеттің толық атауы – "Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      10. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Комитеттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен, жүзеге асырылады.

      12. Комитетке кәсіпкерлік субъектілерімен Комитеттің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер Комитетке заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда бұндай қызметтен алынған кіріс мемлекеттік бюджет кірісіне жіберіледі.

2-тарау. Комитеттің мақсаттары, құқықтары мен міндеттері

      13. Мақсаттары:

      1) өз құзыреті шегінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;

      2) мемлекеттік қызметтер көрсету және "электрондық үкімет" саласындағы басшылықты және салааралық үйлестiрудi жүзеге асыру;

      3) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын бақылауды қамтамасыз ету;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде мемлекеттік қызметтер көрсету және "электрондық үкімет" саласындағы халықаралық ынтымақтастық;

      5) өз құзыретi шегiнде Комитетке жүктелген өзге де мiндеттердi жүзеге асыру.

      14. Құқықтары мен міндеттері:

      1) Комитетке жүктелген міндеттер мен функцияларды іске асыруды қамтамасыз етеді;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасын, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін сақтайды;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдайды және қарайды;

      5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде алынған коммерциялық, қызметтік, заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты жария етпейді;

      6) Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер, конференциялар, дөңгелек үстелдер, конкурстар және өзге де іс-шаралар өткізеді;

      7) жетекшілік ететін қызмет бағыттары бойынша консультативтік-кеңесші органдар (жұмыс топтарын, комиссиялар, кеңестер) құру жөнінде ұсыныс енгізеді;

      8) Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінен, мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан қажетті ақпарат пен материалдарды сұратады және алады;

      9) Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсіндірмелер дайындайды;

      10) Министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен мемлекеттік органдарына бұл туралы ресми сауал жолданған жағдайда өз құзыреті шегінде және заңнама шеңберінде қажетті материалдар мен анықтамаларды ұсынады;

      11) Комитеттің балансындағы мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етеді;

      12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттемелерді жүзеге асырады.

      15. Функциялары:

      1) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін интеграциялау қағидаларын әзірлеу;

      2) "электрондық үкіметтің" сыртқы шлюзінің жұмыс істеу қағидаларын және оған қойылатын техникалық талаптарды әзірлеу;

      3) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша интернетке қол жеткізудің бірыңғай шлюзінің және "электрондық үкіметтің" электрондық поштасының бірыңғай шлюзінің жұмыс істеу қағидаларын әзірлеу;

      4) ұялы байланыс абоненттік құрылғысы арқылы электрондық нысанда мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерді алу үшін ұялы байланыс операторы беретін абоненттің абоненттік нөмірін тіркеу және оны "электрондық үкіметтің" веб-порталының есептік жазбасына қосу қағидаларын әзірлеу;

      5) көрсетілетін қызметті алушыны сәйкестендіру тәсілін айқындау үшін электрондық нысандағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді сыныптау қағидаларын әзірлеу;

      6) ұялы байланыс абоненттік құрылғысы арқылы алынған, электрондық нысандағы мемлекеттік және өзге де қызметтер көрсету нәтижелерінің міндетті деректемелерін, сондай-ақ олардың дәйектілігін тексеру тәртібін әзірлеу;

      7) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы қызметінің қағидаларын әзірлеу;

      8) аймаққа бөлу коэффициентін есептеу әдістемесін әзірлеу;

      9) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы көрсететін қызметтерге баға белгілеу қағидаларын айқындауды қамтамасыз ету;

      10) монополияға қарсы органмен келісу бойынша "электрондық үкiметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаларды белгілеуді қамтамасыз ету;

      11) жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен және монополияға қарсы органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 153-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген іздестіру жұмыстарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік жер кадастрын жүргізу жөніндегі қызметін жүзеге асыру кезінде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын белгілеуді қамтамасыз ету;

      12) жылжымайтын мүлікке құқықтарды, оның ішінде жеделдетілген тәртіппен мемлекеттік тіркеу және жылжымайтын мүлікті мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау саласындағы қызметті мемлекеттік реттеу мен бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті органмен және оның ішінде жеделдетілген тәртіппен монополияға қарсы органмен келісу бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу және ғимараттарды, құрылыстарды және (немесе) олардың құрамдастарын мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау жөніндегі қызметті жүзеге асыру кезінде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын белгілеуді қамтамасыз ету;

      13) монополияға қарсы органмен және жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу органдарымен (тiркеушi органдар) келісу бойынша міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу, жылжымалы мүлік кепілінің тізілімінен үзінді көшірме беру түрінде ақпараттық қызмет көрсету, өтініш берушінің кінәсінен жіберілген тіркеу құжаттарындағы қателерді түзету жөніндегі қызметті жүзеге асыру кезінде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын белгілеуді қамтамасыз ету;

      14) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен және монополияға қарсы органмен келісу бойынша міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру саласында "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын белгілеуді қамтамасыз ету;

      15) монополияға қарсы органмен және халықты әлеуметтік қорғау саласында басшылықты, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қызметiн реттеуді, бақылау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісу бойынша міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы көрсететін қызметтердің бағаларын белгілеуді қамтамасыз ету;

      16) халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік органмен және монополияға қарсы органмен келісу бойынша зейнетақымен қамсыздандыру саласында "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын белгілеуді қамтамасыз ету;

      17) монополияға қарсы органмен және бюджетке төленетін салықтар мен төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісу бойынша бірыңғай жиынтық төлем шеңберінде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы өндіретін және (немесе) өткізетін жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бағаларын белгілеуді қамтамасыз ету;

      18) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын монополияға қарсы органмен және салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша белгілеуді қамтамасыз ету;

      19) әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын бірыңғай төлемді, бірыңғай төлем бойынша өсімпұлды төлеу, аудару және оларды жеке табыс салығы мен әлеуметтік төлемдер (міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын қоспағанда), өсімпұл түрінде бөлу, сондай-ақ оларды қайтару тәртібін келісуді жүзеге асыру;

      20) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен және монополияға қарсы органмен келісу бойынша азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу қызметтерін көрсетуге ақы төлеу мөлшерін айқындауды қамтамасыз ету;

      21) өз құзыреті шегінде петицияларды қарау;

      22) мемлекеттік монополия және арнайы құқық субъектілері өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын монополияға қарсы органмен келісу бойынша белгілеуді қамтамасыз ету;

      23) бірыңғай байланыс орталығы қызметінің қағидаларын әзірлеу;

      24) "111" байланыс орталығы қызметінің және оның орталық мемлекеттік органдармен, жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасасу қағидаларын әзірлеу;

      25) "111" байланыс орталығының қызметін ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

      26) әкімшілік органдардың байланыс орталықтарының жұмысын ұйымдастыру жөніндегі үлгілік талаптарды әзірлеу;

      27) әкімшілік органдардың байланыс орталықтарының жеке және заңды тұлғаларды хабардар ету және олардың жұмысын ұйымдастыру жөніндегі үлгілік талаптарды іске асыру бойынша жұмысын үйлестіру;

      28) проактивті қызметтер көрсету тәртібін әзірлеу;

      29) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органмен және мемлекеттік басқару жүйесін дамыту саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін әзірлеу және оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу;

      30) бірыңғай байланыс орталығы қызметінің және оның орталық мемлекеттік органдармен, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарымен, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл жасасу қағидаларын әзірлеу;

      31) автоматтандыруға жататын және жатпайтын рұқсаттар тізбесін бекіту туралы рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен бірлескен бұйрық әзірлеу;

      32) рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын әзірлеу;

      33) "Әлеуметтік әмиян" ақпараттандыру объектісі арқылы жүзеге асырылатын жеке тұлғаларды мемлекеттік қолдау шарасы туралы хабарлау (хабардар ету), осындай шараны есепке алу және (немесе) алу және жеке тұлғаларды мемлекеттік қолдау шарасын өзге де ақпараттандыру объектілері арқылы алу тәртібін айқындауды қамтамасыз ету;

      34) өтініш берушіні біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігі тұрғысынан тексеру және рұқсат беру не уәжді бас тарту рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесінде өтініш берушіні тексерудің және рұқсат берудің автоматты режимінде жүзеге асырылатын рұқсаттар тізбесін әзірлеу;

      35) мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің қызметін үйлестіру;

      36) мемлекеттік қызметтер көрсетудің электрондық нысанын көздейтін мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын келісуді жүзеге асыру;

      37) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы келісуді жүзеге асыру;

      38) электрондық нысанда және (немесе) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

      39) құзыреті шегінде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының қызметін тексеруді жүзеге асыру;

      40) рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу қағидаларын әзірлеу;

      41) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының қызметін ұйымдастыруды және бақылауды жүзеге асыру;

      42) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының қызметін және олардың көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимылын үйлестіру;

      43) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының қызметін әдіснамалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру;

      44) бірыңғай байланыс орталығының жұмысын ұйымдастыру және үйлестіру;

      45) электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалауды жүргізу;

      46) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді автоматтандыру процестерін бағалауды жүзеге асыру;

      47) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін жүргізу қағидаларын әзірлеу;

      48) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін әзірлеуді және жүргізуді жүзеге асыру;

      49) жасырын мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді анықтау және оларды мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізіліміне енгізу тәртібін айқындау;

      50) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын келісуді жүзеге асыру;

      51) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу бойынша орталық мемлекеттік органдардың қызметіне мониторинг жүргізу;

      52) орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтер әкімдерінің мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі қызметі есебін қалыптастыру тәртібін, ұсыну мерзімдері мен үлгілік нысандарын әзірлеу;

      53) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

      54) мемлекеттік ақпараттандыру объектілерінің интеграциясы мәселелері бойынша ұсыныстар енгізу;

      55) Ұлттық пошта операторының ауылдық елдімекендерде көрсететін мемлекеттік қызметтері бойынша шығындарды өтеу қағидаларын әзірлеу;

      56) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау және өңдеу бойынша ақпараттық жүйені сүйемелдеуді ұйымдастыру;

      57) мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингі ақпараттық жүйесінің ақпараттық жүйелермен ақпараттық өзара іс-қимылы қағидаларын әзірлеу;

      58) қызмет көрсетушінің мемлекеттік көрсетілетін қызмет сатысы туралы деректерді мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізу қағидаларын әзірлеу;

      59) үлгілік әріптестік келісімді әзірлеу және әзірлеу;

      60) әріптестік келісім жасасу үшін кәсіпкерлік субъектілерін іріктеу қағидаларын әзірлеу;

      61) әріптестік келісім жасасу үшін кәсіпкерлік субъектілерін іріктеуді жүргізу;

      62) әріптестік ұйымдар мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдауды және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беруді жүзеге асыра алатын мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізілімінен іріктеуді жүзеге асыру;

      63) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша әріптестік келісім жасасу үшін кәсіпкерлік субъектілеріне қойылатын талаптарды әзірлеу;

      64) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

3-тарау. Комитеттің қызметін ұйымдастыру кезіндегі оның төрағасының мәртебесі және өкілеттіктері

      16. Комитетті басқаруды Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты Комитет төрағасы жүзеге асырады.

      17. Комитет төрағасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

      18. Комитет төрағасының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

      19. Комитет төрағасының өкілеттігі:

      1) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады;

      2) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Комитет атынан өкілдік етеді;

      3) еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерден басқа, Комитет қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;

      4) Комитет қызметкерлерін іссапарға жіберу оларға, демалыс беру, материалдық көмек көрсету, көтермелеу, үстеме ақылар төлеу және сыйлықақы беру мәселелерін шешеді;

      5) еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерден басқа, Комитет қызметкерлерінің тәртіптік жауапкершілігі мәселелерін шешеді;

      6) Комитетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасауға бағытталған шаралар қабылдайды және бұл үшін дербес жауапты болады;

      7) өз құзыретіне жататын өзге де мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.

      Комитет төрағасы болмаған кезде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

      20. Комитет төрағасы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4-тарау. Комитеттің мүлкі

      21. Комитеттің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Комитеттің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      22. Комитетке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.

      23. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, Комитет өзіне бекітіліп берілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқылы емес.

5-тарау. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату

      24. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Орынбасары – Жасанды
интеллект және цифрлық даму
министрінің
2025 жылғы 22 қазандағы
№ 528/НҚ бұйрығына қосымша

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 31 қазандағы № 288/НҚ бұйрығы.

      2. "Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 31 қазандағы № 288/НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 20 наурыздағы № 108/НҚ бұйрығы.

      3. "Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 31 қазандағы № 288/НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2021 жылғы 9 шілдедегі № 240/НҚ бұйрығы.

      4. "Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 31 қазандағы № 288/НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 15 қыркүйектегі № 327/НҚ бұйрығы.

      5. "Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 31 қазандағы № 288/НҚ бұйрығына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 222/НҚ бұйрығы.

      6. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 10 желтоқсандағы № 784/НҚ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіның 4 тармағы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады