ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз.
"Мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 18 қыркүйектегі № 997 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 9 қазандағы № 846 қаулысына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлiгiнiң Жасанды интеллект және деректерді басқару комитеті туралы" (бұдан әрі - Ереже) республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.
2. Мыналардың:
1) "Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Жасанды интеллект және инновацияларды дамыту комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 17 мамырдағы № 278/НҚ бұйрығының;
2) Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 10 желтоқсандағы № 784/НҚ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіның 5 тармағының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлiгiнiң Жасанды интеллект және деректерді басқару комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрыққа қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік бес жұмыс күні ішінде оны қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Ереженің 15-тармағының 40, 54) тармақшасын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің міндетін атқарушы |
Д. Мун |
| Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің міндетін атқарушы 2025 жылғы 4 қарашадағы № 555/НҚ бұйрығымен бекiтілген |
"Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Жасанды интеллект және деректерді басқару комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Жасанды интеллект және деректерді басқару комитеті (бұдан әрі – Комитет) Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) іске асырушылық функцияларын жүзеге асыратын жасанды интеллект, электронды өнеркәсіп, цифрлық активтер және ақпараттық технологиялар салаларындағы реттеушілік функцияларын орындауға қатысатын Министрліктің ведомствосы болып табылады.
2. Комитет өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Комитет мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлғасы болып табылады, оның өз атауы қазақ тілінде көрсетілген мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
5. Егер Комитетке Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілетін болса, ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
6. Комитет өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Комитет төрағасының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Комитеттің құрылымы мен штат саны лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
8. Комитеттің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 55/5 ғимарат.
9. Комитеттің толық атауы – "Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Жасанды интеллект және деректерді басқару комитеті" республикалық мемлекеттiк мекемесi.
10. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Комитеттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Комитетке кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Комитеттің өкілеттіктері болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Комитетке заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2-тарау. Комитеттің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттемелері
13. Комитеттің міндеттері:
1) жасанды интеллект саласын қалыптастыру және олардың дамуын қамтамасыз ету, электронды өнеркәсіп, цифрлық активтер және ақпараттық технологиялар салаларында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және жүзеге асыру (бұдан әрі – реттелетін салалар);
2) жасанды интеллект, электронды өнеркәсіп, цифрлық активтер және ақпараттық технологиялар дамыту үшін жағдайлар жасау;
3) жасанды интеллект, электронды өнеркәсіп, цифрлық активтер және ақпараттық технологиялар дамыту үшін жағдайлар жасау.
14. Құқықтары мен міндеттемелері:
1) Комитетке жүктелген міндеттер мен функцияларды іске асыруды қамтамасыз етеді;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді;
3) өзге мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардан Комитет құзыретіне кіретін мәселелерді шешуге қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды сұратады және алады;
4) өз қызметінің барлық мәселелері бойынша ұсыныстар енгізеді;
5) мемлекеттік көрсетілетін қызмет тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілеріне қолжетімділікті қамтамасыз етеді;
6) мемлекеттік көрсетілетін қызметті тұтынушылардың мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы хабардарлығын қамтамасыз етеді;
7) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде алынған коммерциялық, қызметтік, заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты жария етпейді;
8) жетекшілік ететін қызмет бағыттары бойынша консультативтік-кеңесші органдар (жұмыс топтарын, комиссиялар, кеңестер) құру жөнінде ұсыныс енгізеді;
9) Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер, конференциялар, дөңгелек үстелдер, конкурстар және өзге де іс-шаралар өткізеді;
10) өз құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша сараптамаларға қатысу үшін тиісті мамандарды тартады;
11) қоғамдық мониторинг жүргізетін коммерциялық емес ұйымдарға заңнамада белгіленген тәртіппен тиісті ақпарат беруге қатысады;
12) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдайды және қарайды;
13) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттемелерді жүзеге асырады.
15. Комитеттің функциялары:
1) реттелетін салаларда мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыруды қамтамасыз ету;
2) реттелетін саласындағы нормативтік құқықтық реттеу бойынша ұсыныстар әзірлеу және іске асыру;
3) реттелетін саласындағы сараптама кеңесінің құрамын және оның қызметі туралы ережені бекіту жөніндегі жұмысты қамтамасыз ету;
4) реттелетін саласындағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын реттелетін саласындағы дамыту бөлігінде келісу бекіту жөніндегі жұмысты қамтамасыз ету;
5) реттелетін салаларда салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;
6) реттелетін салаларда консультативті-кеңестік органдардың қызметін ұйымдастырады қамтамасыз етеді;
7) дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың, олармен үлестес заңды тұлғалардың, ұлттық басқарушы холдингтердің (ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда), ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың (ұлттық әл-ауқат қорының тобына кіретін ұлттық компанияларды қоспағанда) және олармен үлестес заңды тұлғалардың реттелетін салалар бөлігінде даму стратегиялары мен жоспарларын келісу;
8) Ұлттық басқарушы холдингтермен, ұлттық холдингтермен, ұлттық компаниялармен және олармен үлестес заңды тұлғалармен реттелетін салалар мәселелерін қамтитын технологиялық меморандумдар жасасу;
9) әзірлеуші Комитет болып табылатын немесе өз құзыретіне жататын актілерге қатысты құқықтық мониторинг жүргізу;
10) жасанды интеллект, электронық өнеркәсіп, цифрлық активтер және ақпараттық техноллогиялар бойынша оның ішінде халықаралық тәжірибе негізінде ұсыныстарды әзірлейді;
11) Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерін ескере отырып, шикізаттық емес экспортты ілгерілету жөніндегі шараларды құзыреті шегінде әзірлеуді қамтамасыз ету және оны ілгерілетуді жүзеге асыру;
12) қолданыстағы инвесторлардың құзыреті шегінде қайта инвестициялауды жүзеге асыруға ынталандыруды қамтамасыз ету;
13) бірлескен өндірістер құру үшін құзыреті шегінде инвесторларды, оның ішінде шетелдік инвесторларды тартуды қамтамасыз ету;
14) өз құзыреті шегінде қосылған құнның жаһандық тізбегіне кіру үшін трансұлттық корпорацияларды тартуды қамтамасыз ету;
15) цифрлық майнинг жөніндегі қызметті лицензиялау Қағидаларын әзірлеу рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша;
16) цифрлық майнингтік пулдарды аккредиттеу қағидаларын әзірлеу;
17) цифрлық майнингке арналған аппараттық-бағдарламалық кешенді есепке алу және тіркеу қағидаларын әзірлеу;
18) цифрлық майнерлер мен цифрлық майнинг пулдарының кірістері туралы мәліметтерді оларды салық салу мақсаттары үшін ұсыну қағидаларын әзірлеу салықтар мен басқа да міндетті төлемдер бюджетке түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісім бойынша;
19) кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес цифрлық майнерлерге және цифрлық майнингтік пулдарға қатысты цифрлық активтер саласындағы тексеру парақтарын әзірлеу;
20) цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін әзірлеу;
21) цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, оның қолданысын тоқтата тұру және қайта бастау;
22) цифрлық майнинг пулдарын аккредиттеуді жүзеге асырады;
23) цифрлық активтер саласында, сондай-ақ қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығаруды және олардың айналымын жүзеге асыратын тұлғалардың Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
24) Қазақстан Республикасының аумағында танылатын қамтамасыз етілген цифрлық актив түрлерінің тізбесін әзірлеу;
25) қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың мемлекеттік тізілімін жүргізу;
26) қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығару туралы шешімді ресімдеу қағидаларын әзірлеу;
27) қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығаруға және олардың айналысына рұқсат беру;
28) цифрлық майнингке арналған аппараттық-бағдарламалық кешен тізілімін жүргізеді;
29) Қазақстан Республикасының Цифрлық активтер саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіппен хаттамалар жасау, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау және әкімшілік жазалар қолдану;
30) ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізуді қоса алғанда, электрондық өнеркәсіп саласындағы жобалар мен бағдарламалардың іске асырылуын қамтамасыз ету;
31) ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізу және қазіргі заманғы технологияларды ендіру;
32) электрондық өнеркәсіп саласындағы жобаларға салалық сараптаманы жүзеге асыру;
33) мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың біріздендірілген жұмыс орнына немесе терминалдық жүйесіне қойылатын талаптарды, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерінің құрауыштарын біріздендіру жөніндегі талаптарды әзірлейді;
34) сенім білдірілген бағдарламалық қамтылым мен электрондық өнеркәсіп өнімдерінің тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын, сондай-ақ бағдарламалық қамтылым мен электрондық өнеркәсіп өнімдерін сенім білдірілген бағдарламалық қамтылым мен электрондық өнеркәсіп өнімдерінің тізіліміне енгізу жөніндегі өлшемшарттарды әзірлейді;
35) сенім білдірілген бағдарламалық қамтылым және электрондық өнеркәсіп өнімдерінің тізілімін қалыптастыру және жүргізу;
36) электрондық өнеркәсіп саласында салалық сараптаманы жүзеге асыру қағидаларын әзірлейді;
37) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын дамыту үшін жағдайлар жасау;
38) өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері ұсынатын мамандарға деген қажеттілік туралы мәліметтер негізінде экономиканың басым секторлары үшін мамандар даярлау талап етілетін мамандықтар тізбесін айқындау жөніндегі ұсыныстарды қалыптастыру және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға жіберу;
39) жасанды интеллект технологияларын дамыту саласындағы нормативтік құқықтық реттеу бойынша ұсыныстар әзірлеу және іске асыру;
40) импорты қосылған құн салығынан босатылатын тауарлардың тізбесін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен және салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша әзірлеу;
Ескерту. 40) тармақша 01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі – осы бұйрықтың 5-тармағымен.
41) "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркі қызметінің қағидаларын, оның ішінде қызметтерді көрсету және олардың құнын айқындау тәртібін әзірлеу;
42) "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркі қызметінің үйлестірілуін жүзеге асыру;
43) халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органмен және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне ұсынылатын "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркі тартқан шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар туралы мәліметтерді ұсыну қағидаларын, олардың құрамы мен мерзімділігін әзірлеу;
44) Комитеттің құзыреті шегінде кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңеспен келісу бойынша жыл сайынғы негізде кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға кәсіптер тізіліміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстарды енгізу;
45) Комитеттің құзыреті шегінде кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңеспен келісу бойынша жыл сайынғы негізде кәсіптік стандарттарды әзірлеу және (немесе) жаңарту жөнінде ұсыныстар әзірлеу және оларды кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға жіберу;
46) Комитеттің құзыреті шегінде кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңеспен келісу бойынша кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға Кәсіптік біліктілік жөніндегі ұлттық кеңестің отырысында қарау үшін кәсіптік біліктілікті тану шарттары бойынша ұсыныстар енгізу;
47) Комитеттің құзыреті шегінде кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен салалық біліктілік шеңберлерін әзірлеу және (немесе) жаңарту бойынша ұсыныстарды енгізу;
48) Комитеттің құзыреті шегінде кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіптер сыныптауышының, салалық біліктілік шеңберлерінің негізінде кәсіптік стандарттарды әзірлеу және (немесе) жаңарту бойынша ұсыныстарды енгізу;
49) Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қорытындысын ескере отырып, кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңеспен және кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша кәсіптік стандарттарды бекіту;
50) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарымен келісу бойынша жыл сайынғы негізде ағымдағы және болашақ кезеңдерде кәсіптердің өзектілігін ескере отырып, еңбек нарығының кәсіптік біліктілікті танудағы қажеттілігін кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен қалыптастыру;
51) реттелетін салаларда халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру, халықаралық ұйымдар мен шетел мемлекеттерінде Қазақстан Республикасының мүдделерін ұсыну;
52) Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге нормативтік құқықтық актілерінің сақталуын қамтамасыз ету;
53) "Инновациялық технологиялар паркі" дербес кластерлік қорының Басқарушы комитетінің құрамы мен ережесін бекіту;
54) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен, техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органмен, инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органмен және салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы қызметтің басым түрлерінің тізбесін және өз өндірісінің өлшемшарттарын әзірлеу;
Ескерту. 54) тармақша 01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі – осы бұйрықтың 5-тармағымен.
55) әлеуетті инвесторлармен, оның ішінде шетелдік инвесторлармен оларды өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды іске асыруға қатысуға тарту мақсатында оларды іздеу және келіссөздер жүргізу;
56) инвестициялық тақырып бойынша бизнес-форумдарға, конференциялар мен семинарларға қатысуға өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерін тарту;
57) өнеркәсіптік-инновациялық жобалар туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде шетелдік жобаларда шетелдік мекемелер арқылы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағындағы шетелдік дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктер мен консулдық мекемелер арқылы тарату;
58) Ұлттық инновациялық жүйенің "Бірыңғай терезе" ақпараттық жүйесін басқаруды, жүргізуді, сүйемелдеуді, жұмыс істеуін және пайдалануды қамтамасыз ету;
59) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
3-тарау. Комитеттің қызметін ұйымдастыру кезіндегі Комитет төрағасының мәртебесі және өкілеттіктері
16. Комитетті басқаруды Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болатын төраға жүзеге асырады.
17. Комитет төрағасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
18. Комитет төрағасының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.
19. Комитет төрағасының өкілеттігі:
1) Комитеттің құрылымдық бөлімшелері басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
2) Комитеттің құрылымдық бөлімшелері туралы ережені бекітеді;
3) өз құзыретінің мәселелері бойынша бұйрықтар шығарады;
4) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда Комитет атынан өкілдік етеді;
5) орындаушылық және еңбек тәртібін сақтауды бақылайды;
6) мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу үшін конкурстық құжаттарды бекітеді, техникалық ерекшеліктерді бекітеді, Министрліктің мемлекеттік сатып алу жоспарларын келіседі, мемлекеттік сатып алу туралы шарттарға, азаматтық-құқықтық мәмілелер туралы шарттарға қол қояды, берілген (көрсетілген) қызметтер, тауарлар жұмысы актілерін бекітеді;
7) еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдардың және лауазымды адамдардың құзыретіне жататын қызметкерлерді қоспағанда, Комитеттің қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
8) Комитет қызметкерлерін іссапарға жіберу, оларға еңбек демалысын беру, материалдық көмек көрсету, көтермелеу, үстемақы төлеу және сыйлықақы беру мәселелерін шешеді;
9) еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдардың және лауазымды адамдардың құзыретіне жататын қызметкерлерді қоспағанда, Комитет қызметкерлерінің тәртіптік жауапкершілік мәселелерін шешеді;
10) Комитеттің жыл сайынғы жұмыс жоспары мен оның қызметінің нәтижелері туралы жыл сайынғы есепті әзірлейді және Министрлік басшылығына бекітуге ұсынады;
11) Комитеттің бюджеттік өтінімдерін дайындауды, Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізуі үшін Министрге ұсынылатын бюджеттік өтінімдерді Министрліктің аппарат басшысына ұсынуды, сондай-ақ бюджет процесінің өзге де рәсімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді;
12) Комитеттің қаржыландыру жоспарын әзірлеуді қамтамасыз етеді және Министрліктің аппарат басшысының бекітуіне енгізеді;
13) Комитеттің құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуді ұйымдастырады;
14) оның құзыретіне жататын басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды;
15) өз құзыреті шегінде Комитетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануына дербес жауапкершілікте болады;
16) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Комитет төрағасы болмаған кезде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды. Комитет төрағасы болмаған кезеңде, оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
20. Төраға өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
4-тарау. Комитеттің мүлкі
21. Комитеттің жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлікке иелік етуге құқығы бар.
Комитеттің мүлкі оған иесі өткізген мүлік есебінен, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздерден құралады.
22. Комитетке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.
23. Комитеттің өзіне бекітілген мүлікті және оған қаржыландыру жоспары бойынша берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті егер заңнамада өзгесі белгіленбесе, дербес иеліктен айыруға немесе оған басқадай жолмен иелік етуге құқығы жоқ.
5-тарау. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату
24. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
