Көшелерге атау беру туралы

Жаңа

Атырау облысы Атырау қаласы Атырау ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 4 қыркүйектегі № 544 шешімі

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына сәйкес, Атырау облыстық ономастика комиссиясының 2023 жылғы 22 маусымдағы қорытындысы негізінде, Атырау ауылдық округі тұрғындарының пікірін ескере отырып, ШЕШТІМ:

      1. Атырау қаласы Атырау ауылдық округінің атауы жоқ көшелеріне келесі атаулар берілсін:

      1) Қызыл балық ауылында:

      № 13 көшесіне - Ғарифолла Харесов көшесі.

      2) Жаңаталап ауылында:

      № 14 көшесіне - Нұриден Мұфтақов көшесі;

      № 15 көшесіне - Жолдаспай Нұрмағамбетов көшесі;

      № 16 көшесіне - Қабдол Досақов көшесі;

      № 19 көшесіне - Қажен Зайров көшесі;

      № 22 көшесіне - Нұруа Әбуталиева көшесі;

      № 23 көшесіне - Ахмет Шарапиев көшесі;

      № 24 көшесіне - Нәсен Қойбақов көшесі;

      № 25 көшесіне - Қазихан Қабдел көшесі;

      № 26 көшесіне - Аяп Көшмұханов көшесі.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Атырау ауылдық округінің әкімі Н. Халмурзин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады