Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 35 - бабының 2 - тармағына, Ямышев ауылдық округі Ямышево ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып және 2023 жылғы 30 мамырдағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Ямышев ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ямышев ауылдық округінің Ямышево ауылындағы келесі көшелері:
"Киров" көшесі "Григорий Потанин" көшесі;
"Советов" көшесі "Қайрат Рысқұлбеков" көшесі;
"Молодежная" көшесі "Александр Затаевич" көшесі болып қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Аққулы ауданы Ямышев ауылдық округінің әкімі | Б. Рахметова |
