Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына сәйкес, Қызылжар ауылдық округінің Қызылжар ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып және 2023 жылғы 30 мамырдағы облыстық ономастика комиссиясы отырысының № 1 хаттамасы негізінде, Қызылжар ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Ақсу қаласы Қызылжар ауылдық округі Қызылжар ауылындағы келесі көшелері:
"Молодежная" көшесі "Мұхтар Әуезов" көшесі болып;
"Школьная" көшесі "Жүсіпбек Аймауытов" көшесі болып;
"Зеленая" көшесі "Сәбит Дөнентаев" көшесі болып;
"60 лет Октября" көшесі "Бұқар жырау" көшесі болып;
"Луговая" көшесі "Мәшһүр Жүсіп" көшесі болып;
"Дорожная" көшесі "Ақдала" көшесі болып қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қызылжар ауылдық округінің әкімі | Д. Әбілдинов |
