Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына және Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Ахмет ауылының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Құстар арасынан Ньюкасл ауруының анықталғанына байланысты, Ахмет ауылының аумағында карантин белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Ахмет ауылының әкімі | Д. Темиров |
