"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 5-1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Ақмола облыстық ономастика комиссиясының 2022 жылғы 22 желтоқсандағы қорытындысы негізінде, Есіл қаласы халқының пікірін ескере отырып Есіл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Есіл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Есіл ауданының Есіл қаласының көшелері қайта аталсын:
Элеваторная және СПТУ - 4 көшелері Шайдахмет Серғазин көшесіне.
2. Осы бірлескен Есіл ауданы әкімдігінің қаулысы және Есіл аудандық мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Есіл ауданының әкімі | Е.Баяхметов |
| Есіл аудандық мәслихатының төрайымы | А.Әділбаева |
