1. Аудан әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылсын:
Ақмола облысы Шортанды ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 25 қазандағы № А-2/277 қаулысы "Шортанды ауданында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1-18-143 болып тіркелген, 2011 жылғы 19 қарашадағы аудандық "Вести" газетінде жарияланған, 2011 жылғы 19 қарашадағы аудандық "Өрлеу" газетінде жарияланған);
Ақмола облысы Шортанды ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 22 тамыздағы № А-6/295 қаулысы "Шортанды ауданында қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыc орындарының квотасын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3443 болып тіркелген, 2012 жылғы 22 қыркүйектегі аудандық "Вести" газетінде жарияланған, 2012 жылғы 22 қыркүйектегі аудандық "Өрлеу" газетінде жарияланған);
Ақмола облысы Шортанды ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 17 қазандағы № А-9/230 қаулысы "Шортанды ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 22 тамыздағы № А-6/295 "Шортанды ауданында қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3889 болып тіркелген, 2013 жылғы 30 қарашадағы аудандық "Вести" газетінде жарияланған, 2013 жылғы 30 қарашадағы аудандық "Өрлеу" газетінде жарияланған).
2. Осы шешім қол қойылған күннен бастап қолданысқа енеді.
| Шортанды ауданының әкімі | Г.Сәдуақасова |
