1. Теректі ауданы әкімдігінің "Теректі ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы мен қағидаларын бекіту туралы" 2015 жылғы 27 шілдедегі №235 қаулысы, нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4002 тіркелген (2015 жылғы 9 қыркүйекте "Уральская газета" газетінде №18 (462) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Теректі ауданы әкімі аппараты заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының көшірмесін бір апта мерзімде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аумақтық органына жіберуді;
2) Теректі ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында осы қаулының орналастыруын және оны ресми жариялау көздеріне жариялануды қамтамасыз етсін.
3. Қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
| Аудан әкімі | Ж.Сериккалиев |
