Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және білім беру-сауықтыру қызметтері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 242-VIII ҚРЗ

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз.

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексiне:

      1) 43-баптың 2-тармағы жетінші бөлігінің 2) тармақшасы "ауыл шаруашылығы" деген сөздерден кейін ", тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану" деген сөздермен толықтырылсын;

      2) 127-баптың 1-тармағында:

      екінші бөлік:

      "Қазақстан Республикасының" деген сөздерден кейін "тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" деген сөздермен толықтырылсын;

      "бойынша" деген сөзден кейін "жоспардан тыс (алдын алу)" деген сөздермен толықтырылсын;

      төртінші бөлік "сақталып тұруына" деген сөздерден кейін "және бүтіндігіне" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылар археологиялық жұмыстардың жүргізілуіне кедергі келтірмейді.".

      2. "Мәдениет туралы" 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 1-баптың 12-3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "12-3) мемлекеттік музей қоры (бұдан әрі – музей қоры) – мемлекеттік музейлер, әртүрлі бейіндегі музейлер, оның ішінде музей-қорықтар мен жеке коллекциялар музейлері қорларындағы, сондай-ақ мәдени құндылықтарды сақтауды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалардағы мәдени құндылықтар туралы мәліметтер жиынтығы;";

      2) 8-баптың 2) тармақшасы "музей ісі" деген сөздерден кейін ", тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану" деген сөздермен толықтырылсын;

      3) 19-баптың 5-тармағы мынадай мазмұндағы он үшінші абзацпен толықтырылсын:

      "тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану жөніндегі ұйымдар;";

      4) 32-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) археологиялық олжалар мен археологиялық материалдар;".

      3. "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 1-бапта:

      28-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "28-2) кәмелетке толмағандарға көрсетілетін білім беру-сауықтыру қызметтері – кәмелетке толмағандарға арналған білім беру-сауықтыру бағдарламаларын іске асыратын, балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары ұсынатын, балаларды дамытуға, оқытуға және сауықтыруға бағытталған іс-шаралар мен көрсетілетін қызметтер кешені;";

      мынадай мазмұндағы 28-3) тармақшамен толықтырылсын:

      "28-3) кәмелетке толмағандарды бейiмдеу орталықтары – ата-анасын немесе басқа да заңды өкiлдерiн анықтау және оларға беру үшiн үш жастан он сегiз жасқа дейiнгi қадағалаусыз және панасыз қалған балаларды, уақтылы орналастыру мүмкiн болмаған жағдайда ата-анасының немесе оларды алмастыратын адамдардың қамқорлығынсыз қалған балаларды, қорғаншылық және қамқоршылық органы балалардың өмiрiне немесе денсаулығына тiкелей қатер төнген кезде ата-анасынан (олардың бiреуiнен) немесе қамқорлыққа алған басқа адамдардан алып қойған балаларды, арнаулы бiлiм беру ұйымдарына жiберiлетiн балаларды, сондай-ақ әлеуметтiк бейiмсiздiкке және әлеуметтiк депривацияға алып келген қатыгездiкпен қарау салдарынан арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж балаларды қабылдауды және уақытша бағып-ұстауды қамтамасыз ететiн, бiлiм беру органдарының қарамағындағы ұйым;";

      2) 5-баптың бірінші бөлігінде:

      21) тармақшадағы "балаларға" деген сөз "кәмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру қызметтерін ұсынуды қамтымайтын, балаларға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      23) тармақшадағы "балаларға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту және қосымша білім беру бойынша" деген сөздер алып тасталсын;

      3) 23-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) кәмелетке толмағандарға арналған білім беру-сауықтыру бағдарламалары;";

      4) 40-бапта:

      1-тармақ "оқу бағдарламаларын" деген сөздерден кейін ", қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын" деген сөздермен толықтырылсын;

      4-тармақтың 12) тармақшасы алып тасталсын;

      5) 57-бапта:

      3-1-тармақта:

      мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Кәмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру қызметтерін ұсынатын, балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары үшін білім беру қызметімен айналысуға арналған лицензиялар және (немесе) лицензияға қосымшалар бес жыл қолданылу мерзімімен беріледі.";

      бесінші бөлікте:

      1) тармақша "ұйымдарының" деген сөзден кейін ", сондай-ақ кәмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру қызметтерін ұсынатын, балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарының" деген сөздермен толықтырылсын;

      3) тармақша "ұйымдарының" деген сөзден кейін ", кәмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру қызметтерін ұсынатын, балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарының" деген сөздермен толықтырылсын;

      алтыншы бөліктің 1) тармақшасындағы "төртінші" деген сөз "бесінші" деген сөзбен ауыстырылсын;

      6) 68-бапта:

      2-1-тармақта:

      екінші абзацтағы "Мектепке дейiнгi" деген сөздер "Кәмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру қызметтерін ұсынуды қамтымайтын, мектепке дейiнгi" деген сөздермен ауыстырылсын;

      төртінші абзацтағы "Балаларға" деген сөз "Кәмелетке толмағандарға арналған білім беру-сауықтыру бағдарламасын қоспағанда, балаларға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      бесінші абзацтағы "Мектепке дейінгі" деген сөздер "Кәмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру қызметтерін ұсынуды қамтымайтын, мектепке дейінгі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      алтыншы абзацтағы "Мектепке дейiнгi" деген сөздер "Кәмелетке толмағандарға арналған білім беру-сауықтыру бағдарламасын қоспағанда, мектепке дейiнгi" деген сөздермен ауыстырылсын;

      тоғызыншы абзацта:

      "Мектепке дейінгі" деген сөздер "Кәмелетке толмағандарға арналған білім беру-сауықтыру бағдарламасын қоспағанда, мектепке дейінгі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "мектепке дейінгі тәрбие беру мен оқыту және балаларға қосымша білім беру бойынша" деген сөздер алып тасталсын;

      2-2-тармақ алып тасталсын.

      4. "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 53-баптың 1-1-тармағындағы "қаңтарға" деген сөз "сәуірге" деген сөзбен ауыстырылсын;

      2) 1-қосымшада:

      2-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

2.

Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметке арналған лицензия


Иеліктен шығарылмайтын;
қолданылу мерзімі 5 жыл;
1-сынып

  ";

      мынадай мазмұндағы 2-1-жолмен толықтырылсын:

      "

2-1.

Археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметке арналған лицензия


Иеліктен шығарылмайтын;
қолданылу мерзімі 5 жыл;
1-сынып

  ";

      3-жолдың 9-тармағының 4-бағанындағы "1 жыл" деген сөздер "5 жыл" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 3-қосымшаның 12-1-тармағындағы "Балаларға" деген сөз "Кәмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру қызметтерін ұсынуды қамтымайтын, балаларға" деген сөздермен ауыстырылсын.

      5. "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" 2019 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 3-бапта:

      2) және 3) тармақшылар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) археология ескерткіштері – археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру арқылы анықтауға, зерттеуге және сақтауға жататын тұрақтар, қалашықтар, құрылыстардың, қоныстардың, бекіністердің, өндірістердің, арналардың, жолдардың қалдықтары, қорымдар, қорғандар, некропольдер, мегалиттік құрылысжайлар, балбал тастар, петроглифтерді қоса алғанда, жартастағы бейнелеу өнерінің объектілері, елді мекендердің тарихи-мәдени қабатының учаскелері және өткен тарихи кезеңдегі адамның өмірі мен қызметінің ізі бар өзге де объектілер;

      3) археологиялық жұмыстар – археологиялық барлау мен қазбалар жүргізу арқылы тарихи-мәдени мұра объектілерін анықтау, зерттеу және сақтау жөніндегі жоспарлы немесе жоспардан тыс (алдын алу) археологиялық жұмыстар;";

      мынадай мазмұндағы 3-1), 3-2), 3-3), 3-4), 3-5), 3-6), 3-7), 3-8) және 3-9) тармақшалармен толықтырылсын:

      "3-1) археологиялық жұмыстар барысында анықталған тарихи-мәдени мұра объектілерінің тізілімі – археологиялық жұмыстар барысында анықталған тарихи-мәдени мұра объектілерінің археологиялық жұмыстар жөніндегі бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйеде қалыптастырылатын тізбесі;

      3-2) археологиялық жұмыстарды жүзеге асыратын тұлғалардың тізілімі – археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметке арналған лицензия негізінде Қазақстан Республикасының аумағында археологиялық жұмыстарды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың археологиялық жұмыстар жөніндегі бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйеде қалыптастырылатын тізімі;

      3-3) археологиялық жұмыстар жөніндегі бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйе – археологиялық жұмыстар барысында анықталған тарихи-мәдени мұра объектілері туралы деректерді басқаруды қамтамасыз ететін ақпараттандыру объектісі;

      3-4) археологиялық материал – археологиялық жұмыстар барысында анықталған және ғылыми зерттеу объектілері ретінде құндылығы бар заттар мен үлгілер;

      3-5) жалпы археологиялық олжалар – ерекше құндылығы жоқ және жиынтығында зерттелетін тарихи-мәдени мұра объектісінің мәдени-хронологиялық ерекшеліктерін көрсететін, фрагменттер, бөлшектер немесе көптеген бір типті заттар түріндегі археологиялық олжалар;

      3-6) Жалпы археологиялық олжалар мен археологиялық материалдардың мемлекеттік қоры – Қазақстан Республикасының аумағындағы археологиялық жұмыстар барысында алынған және Жалпы археологиялық олжалар мен археологиялық материалдардың ұлттық депозитарийінде сақталуға жататын жалпы археологиялық олжалар мен археологиялық материалдардың жиынтығы;

      3-7) жеке-дара археологиялық олжалар – ерекше тарихи, мәдени, ғылыми құндылығы бар және зерттелетін тарихи-мәдени мұра объектісінің мәдени-хронологиялық ерекшеліктерін көрсететін археологиялық олжалар;

      3-8) жоспардан тыс (алдын алу) археологиялық жұмыстар – игерілуге жататын жер учаскелерінде орналасқан және (немесе) бұзылу қаупі төнген тарихи-мәдени мұра объектілерін археологиялық барлау мен қазбалар жүргізу арқылы анықтау, зерттеу және сақтау жөніндегі жұмыстар;

      3-9) жоспарлы археологиялық жұмыстар – археологиялық жұмыстар жоспары негізінде жүзеге асырылатын, тарихи-мәдени мұра объектілерін археологиялық барлау мен қазбалар жүргізу арқылы анықтау, зерттеу және сақтау жөніндегі ғылыми-зерттеу жұмыстары;";

      2) 10-бапта:

      23) тармақшадағы "және (немесе)" деген сөздер "жүзеге асыру жөніндегі қызметті," деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 23-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "23-1) тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану жөніндегі ұйымдар қызметінің қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";

      3) 12-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "12-бап. Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы қызметті лицензиялау

      1. Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы қызмет осы Заңға және Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес лицензиялануға жатады.

      2. Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметке арналған лицензия алуға өтініш берген өтініш берушілердің және қызметтің осы түрін жүзеге асыратын лицензиаттардың құрамында орта техникалық және кәсіптік білімі, кемінде бес жыл жұмыс өтілі бар кемінде бір реставратор маманы немесе кемінде бес жыл жұмыс өтілі және осы салада ғылыми дәрежесі немесе бейіні бойынша магистр, доктор, философия докторы (PhD) дәрежелері бар кемінде бір ғылыми қызметкері болуға тиіс.

      Археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметке лицензия алуға өтініш берген өтініш берушілердің және қызметтің осы түрін жүзеге асыратын лицензиаттардың құрамында тиісті мамандық бойынша жоғары білімі, кемінде бес жыл жұмыс өтілі және осы салада ғылыми дәрежесі немесе бейіні бойынша доктор, философия докторы (PhD) дәрежелері бар кемінде бір ғылыми қызметкері болуға тиіс.

      Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметке және (немесе) археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметке арналған лицензиясы бар ұйымда жұмыс істейтін ғылыми қызметкерді немесе реставратор маманды қызметтің көрсетілген түрлеріне лицензия алуға өтініш беру процесінде басқа ұйым мәлімдей алмайды.

      3. Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы қызметті лицензиялауды уәкілетті орган жүзеге асырады.

      4. Лицензиар Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы заңнамасының талаптары сақталмаған жағдайда, тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметке және (немесе) археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметке арналған лицензияның қолданысын Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұрады.

      5. Лицензиар Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы заңнамасының талаптарын сақтамау салдарынан лицензиаттың кінәсінен тарихи-мәдени мұра объектісі немесе тарих және мәдениет ескерткіші физикалық тұрғыдан толық немесе ішінара жойылған жағдайда, тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметке және (немесе) археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметке арналған лицензиядан айырады.

      6. Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметке және археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметке арналған лицензиялар бес жыл қолданылу мерзімімен беріледі.";

      4) 23-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалану кезінде олардың бүлінуіне, қирауына және (немесе) тарихи, ғылыми, көркемдік немесе мәдени құндылығы мен сақталуына өзге де нұқсан келтіруге жол берілмейді.";

      5) 28-бапта:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "28-бап. Тарих және мәдениет ескерткіштерінің және археологиялық жұмыстар барысында анықталған тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау аймақтары";

      мынадай мазмұндағы 1-1 және 2-1-тармақтармен толықтырылсын:

      "1-1. Археологиялық жұмыстар барысында анықталған тарихи-мәдени мұра объектілерінің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында әрбір тарихи-мәдени мұра объектісіне қорғау аймағы белгіленеді.

      Археологиялық жұмыстар барысында анықталған тарихи-мәдени мұра объектісін қорғау аймағының шекараларын айқындауды осы тарихи-мәдени мұра объектісін анықтаған жеке немесе заңды тұлға жергілікті атқарушы органмен келісу бойынша жүзеге асырады.";

      "2-1. Жергілікті атқарушы органдар тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау аймақтарының, құрылыс салуды реттеу аймақтарының және қорғалатын табиғи ландшафт аймақтарының, сондай-ақ тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау аймақтарының белгіленген шекаралары туралы кеңістіктік деректерді интеграциялық өзара іс-қимыл арқылы кейіннен жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесінің жария кадастрлық картасында жариялау үшін археологиялық жұмыстар жөніндегі бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйеде қалыптастыруды, жинауды және жаңартып отыруды қамтамасыз етеді.";

      6) 30-бапта:

      1-тармақта:

      бірінші бөлік:

      "Қазақстан Республикасының" деген сөздерден кейін "тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" деген сөздермен толықтырылсын;

      "бойынша" деген сөзден кейін "жоспардан тыс (алдын алу)" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы екінші, үшінші, төртінші және бесінші бөліктермен толықтырылсын:

      "Археологиялық барлау арқылы жоспардан тыс (алдын алу) археологиялық жұмыстар жүргізу нәтижесі бойынша тарихи-мәдени сараптама қорытындысы беріледі.

      Тарихи-мәдени сараптама жүргізген жеке немесе заңды тұлға тарихи-мәдени сараптама қорытындысы берілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесін жіберу арқылы жергілікті атқарушы органдарды осындай сараптаманың нәтижелері туралы хабардар етеді.

      Археологиялық барлау арқылы жоспардан тыс (алдын алу) археологиялық жұмыстар жүргізу нәтижесі бойынша берілген тарихи-мәдени сараптама қорытындысы археологиялық қазбалар арқылы жоспардан тыс (алдын алу) археологиялық жұмыстар жүргізуге негіз болып табылады.

      Жоспардан тыс (алдын алу) археологиялық жұмыстар аумақты игеретін жеке және заңды тұлғалардың есебінен жүргізіледі.";

      2-тармақта:

      бірінші бөліктегі "Жер учаскелерін игеру сатысында тарихи-мәдени мұра объектілері анықталған кезде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары табылғаны туралы хабарланған кезден бастап бір ай ішінде оларды" деген сөздер "Жоспардан тыс (алдын алу) археологиялық жұмыстар барысында тарихи-мәдени мұра объектілері анықталған кезде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары тарихи-мәдени сараптама қорытындысының көшірмесін алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде олар туралы мәліметтерді" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші бөліктегі "Жер учаскелерін игеру" деген сөздер "Жоспардан тыс (алдын алу) археологиялық жұмыстар" деген сөздермен ауыстырылсын;

      үшінші бөлік алып тасталсын;

      7) 32-бапта:

      2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстардың ғылыми-жобалау құжаттамасы тарих және мәдениет ескерткіштерін бейімдеу қажет болған жағдайда оларды қорғау аймақтарындағы жұмыстарға қойылатын талаптарды көздеуге тиіс.";

      4-тармақтағы "және (немесе) археологиялық жұмыстарды" деген сөздер алып тасталсын;

      8) 34-бапта:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "34-бап. Археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру";

      1-тармақтың бірінші бөлігіндегі "тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды және (немесе)" деген сөздер алып тасталсын;

      2-тармақта:

      бірінші және екінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Археологиялық жұмыстар жоспарлы және жоспардан тыс (алдын алу) археологиялық жұмыстар болып бөлінеді.

      Жоспарлы археологиялық жұмыстар уәкілетті орган бекіткен археологиялық жұмыстар жоспары негізінде жүзеге асырылады. Жоспарлы археологиялық жұмыстардың жоспардан тыс жүргізілуіне жол берілмейді.";

      мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Жоспардан тыс (алдын алу) археологиялық жұмыстар осы Заңның 30-бабына сәйкес жүргізіледі.";

      3-тармақтағы "объектіні консервациялау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге, археологиялық жұмыстар жүргізу салдарынан бұзылған жер учаскелері мен басқа да табиғи объектілерді қалпына келтіруге" деген сөздер "объектіде консервациялау-рекультивациялау жұмыстарын жүргізуге" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4-тармақ алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:

      "5. Археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру кезінде іздестірудің арнаулы техникалық құралдарын (металл іздегіштер, радарлар, магниттік аспаптар, топырақ қабатында археологиялық заттардың болуын айқындауға мүмкіндік беретін басқа да техникалық құралдар) немесе жер қазатын машиналарды археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметке арналған лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғалардың ғана пайдалануына жол беріледі.";

      9) мынадай мазмұндағы 34-1, 34-2 және 34-3-баптармен толықтырылсын:

      "34-1-бап. Ұлттық археологиялық қызмет

      1. Ұлттық археологиялық қызмет Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

      2. Ұлттық археологиялық қызмет:

      1) археологиялық жұмыстарды мониторингтеуді жүзеге асырады;

      2) археологиялық жұмыстарды ғылыми-әдістемелік сүйемелдеуді жүргізеді;

      3) археологиялық жұмыстар жөніндегі бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйені уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүргізеді;

      4) археологиялық жұмыстар жүргізу нәтижесі бойынша есептерді жинауды, талдауды және жүйелеуді жүзеге асырады;

      5) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын өзге де функцияларды жүзеге асырады.

      34-2-бап. Археологиялық жұмыстар жөніндегі бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйе

      1. Археологиялық жұмыстар жөніндегі бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйе археологиялық жұмыстар барысында анықталған тарихи-мәдени мұра объектілері туралы деректерді басқаруды қамтамасыз ету мақсатында құрылады.

      2. Археологиялық жұмыстар жөніндегі бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйенің міндеттері мыналар болып табылады:

      1) археологиялық жұмыстар барысында анықталған тарихи-мәдени мұра объектілері және оларды зерттеу мен сақтау нәтижелері туралы деректерді жинау, жүйелеу, цифрлау, сақтау;

      2) археологиялық жұмыстарды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар туралы мәліметтерді жинау және жүйелеу;

      3) археологиялық жұмыстар барысында анықталған тарихи-мәдени мұра объектілерін анықтауға, зерттеуге және сақтауға жәрдемдесу.

      3. Археологиялық жұмыстар жөніндегі бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйені қалыптастыру көздері мыналар болып табылады:

      1) бейне-, фото- және баспа өнімдері;

      2) археологиялық жұмыстар барысында анықталған тарихи-мәдени мұра объектілері туралы мәліметтерді қамтитын баспа және қолжазба мәтіндері;

      3) археология ескерткіштерінің паспорттары, қорғау міндеттемелері, оларды қорғау аймақтарын айқындау туралы шешімдер;

      4) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет туралы авторефераттар, диссертациялар, есептер;

      5) археологиялық жұмыстар барысында анықталған тарихи-мәдени мұра объектілерімен байланысты басқа да материалдар.

      4. Археологиялық жұмыстар жөніндегі бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйе:

      1) археологиялық жұмыстар барысында анықталған тарихи-мәдени мұра объектілерінің тізілімін;

      2) археологиялық жұмыстарды жүзеге асыратын тұлғалардың тізілімін;

      3) осы Заңға сәйкес археологиялық жұмыстар барысында анықталған тарихи-мәдени мұра объектілерінің сақталуына жауапты жеке және заңды тұлғалар туралы мәліметтерді;

      4) тарихи-мәдени сараптама қорытындыларын;

      5) осы баптың 3-тармағында көрсетілген қалыптастыру көздерінің базасында қалыптастырылған деректерді қамтиды.

      34-3-бап. Археологиялық олжалар мен археологиялық материалдар

      1. Қазақстан Республикасының аумағындағы археологиялық жұмыстар нәтижесінде Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің жеке және заңды тұлғалары тапқан барлық жеке-дара археологиялық олжалар уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасының мемлекеттік музейлеріне беріледі.

      2. Қазақстан Республикасының аумағындағы археологиялық жұмыстар нәтижесінде Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің жеке немесе заңды тұлғалары тапқан барлық жалпы археологиялық олжалар мен археологиялық материалдар Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын Жалпы археологиялық олжалар мен археологиялық материалдардың ұлттық депозитарийіне сақтауға беріледі және уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен Жалпы археологиялық олжалар мен археологиялық материалдардың мемлекеттік қорына қосылады.

      3. Археологиялық олжаларды жеке-дара немесе жалпы археологиялық олжаларға жатқызуды археологиялық жұмыстар барысында оларды анықтаған жеке немесе заңды тұлға жүзеге асырады.

      4. Жалпы археологиялық олжалар мен археологиялық материалдардың ұлттық депозитарийі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен Жалпы археологиялық олжалар мен археологиялық материалдардың мемлекеттік қорының сақталуын, қорғалуын, ғылыми зерттелуін және пайдаланылуын қамтамасыз етеді.

      Жеке және заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңнамасын сақтай отырып, Жалпы археологиялық олжалар мен археологиялық материалдардың мемлекеттік қорына еркін және өтеусіз қолжетімділік қамтамасыз етіледі.

      5. Жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының аумағында археологиялық жұмыстардан тыс тапқан археологиялық олжалар уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасының мемлекеттік музейлеріне беріледі.";

      10) 36-бапта:

      1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) игеруге жататын жер учаскелерінде жоспардан тыс (алдын алу) археологиялық жұмыстарды жүргізу нәтижесі бойынша алынған, тарихи-мәдени мұра объектілерінің сақталып тұруына қатердің болуын немесе болмауын негіздейтін материалдар;";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Тарихи-мәдени сараптаманы тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметке немесе археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметке арналған лицензиясы және Қазақстан Республикасының ғылым және технологиялық саясат туралы заңнамасына сәйкес ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде аккредиттеу туралы куәлігі бар жеке және заңды тұлғалар жүргізеді.".

      6. "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік наградалар, білім беру және баланың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2024 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1-баптың 7-тармағында:

      5) тармақшаның оныншы абзацындағы "21) және 23) тармақшалардағы" деген сөздер "21) тармақшадағы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      27) тармақшада:

      екінші абзацтағы "Балаларға" деген сөз "Кәмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру қызметтерін ұсынуды қамтымайтын, балаларға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      үшінші абзацтағы "Балаларға" деген сөз "Кәмелетке толмағандарға арналған білім беру-сауықтыру бағдарламасын қоспағанда, балаларға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      төртінші абзацтағы "Балаларға" деген сөз "Кәмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру қызметтерін ұсынуды қамтымайтын, балаларға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      бесінші абзацтағы "Балаларға" деген сөз "Кәмелетке толмағандарға арналған білім беру-сауықтыру бағдарламасын қоспағанда, балаларға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      сегізінші абзацта:

      "Балаларға" деген сөз "Кәмелетке толмағандарға арналған білім беру-сауықтыру бағдарламасын қоспағанда, балаларға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "балаларға арналған қосымша білім беру бойынша" деген сөздер алып тасталсын.

      2-бап.

      1. Осы Заң:

      1) 2025 жылғы 31 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 3-тармағы 4) тармақшасының үшінші абзацын, 6) тармақшасының оныншы абзацын, 4-тармағының 1) тармақшасын;

      2) 2026 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 3-тармағының 1) тармақшасын, 2) тармақшасының екінші абзацын, 3) тармақшасын, 4) тармақшасының екінші абзацын, 5) тармақшасын, 6) тармақшасының екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші және тоғызыншы абзацтарын, 4-тармағының 2) тармақшасының алтыншы абзацын, 3) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      2. Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін берілген тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды және (немесе) археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметке арналған лицензиялар негізінде тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар 2027 жылғы 1 шілдеге дейін өз қызметін осы Заңның талаптарына сәйкес келтіруге тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады