Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесін құру туралы Нахчыван келісіміне өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2025 жылғы 23 мамырдағы № 191-VIII ҚРЗ

      Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесін құру туралы Нахчыван келісіміне өзгерістер енгізу туралы 2022 жылғы 11 қарашада Самарқандта жасалған хаттама осы Хаттаманың 10-бабын түсіндіру туралы мынадай мәлімдемемен ратификациялансын:

      "Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесін құру туралы Нахчыван келісіміне өзгерістер енгізу туралы хаттаманың 10-бабында көрсетілген құрылымдарға Түркі мемлекеттері ұйымы жанындағы байқаушы мәртебесінің берілуі Қазақстан Республикасының мұндай құрылымдарды мемлекет ретінде де, халықаралық құқықтың өзге субъектілері ретінде де тану актісі болып табылмайды.

      Қазақстан Республикасы осындай құрылымдар өкілдерінің Түркі мемлекеттері ұйымы шеңберінде Қазақстан Республикасында өткізілетін іс-шараларға қатысуы туралы шешім қабылдау құқығын өзіне қалдырады.".

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады