Осы Заң қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді және оны жүргізудің құқықтық, экономикалық және ұйымдық негіздерін белгілейді.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) авария – ғимараттардың, құрылыстардың және (немесе) қауіпті өндірістік объектіде қолданылатын техникалық құрылғылардың қирауы, бақылауға болмайтын жарылыс және (немесе) қауіпті заттардың шығарындысы;
2) инцидент – аварияға алып келмеген, қауіпті өндірістік объектіде қолданылатын техникалық құрылғылардың жұмыс істемей қалуы немесе бүлінуі, технологиялық процесті жүргізудің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін параметрлерден ауытқу;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!2-1) тармақшамен толықтыру көзделген – ҚР 16.01.2026 № 259-VIII (01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
3) қауіпті өндірістік фактор – қауіпті өндірістік объектілердегі авариялар, инциденттер кезінде туындайтын, үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне зиян келтіретін физикалық құбылыс;
4) қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектінің иесі – қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектіге меншік құқығында, шаруашылық жүргізу құқығында немесе оралымды басқару құқығында не кез келген басқа да заңды негізде иелік ететін жеке және (немесе) заңды тұлға;
5) қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объект иесінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігі – үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне қауіпті өндірістік фактор келтірген зиянды жеке және (немесе) заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген өтеу міндеті;
6) пайда алушы – осы Заңға сәйкес сақтандыру төлемін алушы болып табылатын тұлға;
7) сақтандыру жағдайы – оның басталуына орай қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты сақтандыру төлемін жүзеге асыруды көздейтін оқиға;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!7-1) тармақшаны алып тастау көзделген – ҚР 16.01.2026 № 259-VIII (01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
7-1) сақтандыру омбудсманы – "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сақтандыру нарығына қатысушылар арасындағы келіспеушіліктерді реттеуді жүзеге асыратын, өз қызметінде тәуелсіз жеке тұлға;
8) сақтандыру сомасы – міндетті сақтандыру объектісі сақтандырылған және сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырушы жауапкершілігінің шекті көлемін білдіретін ақша сомасы;
9) сақтандыру сыйлықақысы – сақтандырушының объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында белгіленген мөлшерде сақтанушыға (пайда алушыға) сақтандыру төлемін жүргізуге міндеттемелер қабылдағаны үшін сақтанушының сақтандырушыға төлеуге міндетті ақша сомасы;
10) сақтандыру төлемі – сақтандырушы сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушыға (пайда алушыға) сақтандыру сомасының шегінде төлейтін ақша сомасы;
11) сақтандырушы – сақтандыру ұйымы ретінде тіркелген және сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар, сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушыға немесе өзге тұлғаға (пайда алушыға) шартта белгіленген сома (сақтандыру сомасы) шегінде сақтандыру төлемін жүргізуге міндетті заңды тұлға;
12) сақтандырылушы – өзіне қатысты сақтандыру жүзеге асырылатын тұлға;
13) сақтанушы – сақтандырушымен қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объект иесінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасқан тұлға. Егер сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, сақтанушы бір мезгілде сақтандырылушы болып табылады;
14) уәкілетті орган – өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді, мемлекеттік саясатты әзірлеуді және іске асыруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
15) үшінші тұлға – өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне қауіпті өндірістік фактор зиян келтірген тұлға.
Қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектінің қызметкерлері мен иелері үшінші тұлға болып табылмайды.
Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.05.04 № 275-IV; өзгеріс енгізілді - ҚР 11.04.2014 № 189-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 01.04.2021 № 26-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.2-бап. Қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының заңдары
1. Қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінен, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
3. Осы Заңның сақтандырушыға, оның ішінде сақтандыру ұйымына қатысты қолданылатын ережелері Қазақстан Республикасының аумағында ашылған Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымдарының филиалдарына қолданылады.
Ескерту. 2-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 02.01.2021 № 399-VI (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.3-бап. Қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру объектісі
Қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру (бұдан әрі - объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру) объектісі қауіпті өндірістік фактор өзінің үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне келтірген зиянды өтеудің қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объект иесінің Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында белгіленген міндетіне байланысты мүліктік мүддесі болып табылады.
Ескерту. 3-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.05.04 № 275-IV Заңымен.4-бап. Объектілер иелерінің жауапкершілігін міндеттісақтандырудың мақсаты мен негізгі принциптері
1. Объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандырудың мақсаты қауіпті өндірістік фактор өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне зиян келтірген үшінші тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғауды сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру арқылы қамтамасыз ету болып табылады.
2. Объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандырудың негізгі принциптері:
үшінші тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғауды осы Заңда белгіленген көлемде және тәртіппен қамтамасыз ету;
объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша тараптардың өз міндеттемелерін атқаруын қамтамасыз етуі болып табылады.
Ескерту. 4-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.05.04 № 275-IV Заңымен.4-1-бап. Объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыруды жүзеге асырудың ерекшеліктері
1. Алып тасталды - ҚР 27.04.2015 № 311-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
2. Бәсекелестікті шектеуге немесе жоюға, объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарын жасасу бойынша бір сақтандырушыларға басқаларының алдында негізсіз артықшылықтар беруге немесе алуға, сақтанушылардың құқықтары мен заңды мүдделеріне қысым жасауға бағытталған қызметке жол берілмейді.
Ескерту. Заң 4-1-баппен толықтырылды - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 27.04.2015 № 311-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.5-бап. Қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер
1. "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздігі декларациялануға жататын объектілер қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер болып табылады.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациялары тіркелген объектілер туралы мәліметтер уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.
2. Егер объект иесінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының қолданылу мерзімі ішінде объект уәкілетті орган бекіткен, қауіпті өндірістік объектілерді декларацияланатындарға жатқызу өлшемшарттарына сәйкес келмесе, онда сақтанушы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне объектідегі өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жай-күйі туралы ақпарат береді.
Объектінің осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген өлшемшарттарға сәйкес келмеуі объект иесіне объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын мерзімімен бұрын тоқтату құқығын береді. Бұл ретте сақтандырушының сақтандыру қолданылған мерзім ішіндегі уақытқа пропорционал сақтандыру сыйлықақысының бір бөлігіне құқығы бар.
Ескерту. 5-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.05.04 № 275-IV; өзгеріс енгізілді - ҚР 11.04.2014 № 189-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 01.04.2021 № 26-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.6-бап. Азаматтық-құқықтық жауапкершілігі міндетті сақтандыруға жататын тұлғалар
1. Қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігі міндетті сақтандыруға жатады.
1-1. Қызметі үшінші тұлғаға зиян келтіру қаупімен байланысты объектіні объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасамай пайдалануға тыйым салынады.
2. Қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер иелерінің үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне келтірілген зиян үшін өзінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін еркін сақтандыру шартын жасасуы, қауіпті объектіні уақытша пайдалану құқығын басқа тұлғаға беру оларды объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу жөніндегі міндеттен босатпайды.
Ескерту. 6-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.05.04 № 275-IV Заңымен.7-бап. Объектілер иелерінің жауапкершілігін міндеттісақтандыру саласындағы мемлекеттік қадағалау және бақылау
1. Сақтандыру ұйымдарының қызметін мемлекеттік қадағалау мен бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.
2. Алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).Ескерту. 7-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.04.2014 № 189-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
7-1-бап. Ақпараттық өзара іс-қимыл жасау
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
7-1-бапқа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 16.01.2026 № 259-VIII (01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Авариялар, оқыс оқиғалар мен қауіпті өндірістік факторлар және олардың салдары туралы ақпаратқа ие уәкілетті орган, оның бөлімшелері, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті орган, прокуратура органдары, өзге де мемлекеттік органдар мен ұйымдар осы ақпаратты сақтандырушыға, сақтанушыға (пайда алушыға), сақтандыру омбудсманына олар өтініш жасаған кезде беруге міндетті.
Ескерту. 7-1-баппен толықтырылды – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.8-бап. Объектілер иелерінің жауапкершілігін міндеттісақтандыру шарты және оны жасасу тәртібі
1. Объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты осы Заңға сәйкес үшінші тұлғалардың пайдасына сақтанушы мен сақтандырушы арасында жасалатын шарттың негізінде жүзеге асырылады.
Қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектінің иесі біреуден көп болған кезде объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты объектінің барлық иелерін сақтандырылушылар ретінде сақтандыру полисінде міндетті түрде көрсете отырып, олардың кез келген біреуімен жасалады.
2. Объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында, моральдық зиянды, қолдан шыққан пайданы өтеу мен тұрақсыздық айыбын төлеуді қоспағанда, қауіпті өндірістік фактордың үшінші тұлғаның өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне келтірген зиянның зардабынан туындайтын міндеттемелер бойынша сақтандыру төлемін жүзеге асыру көзделеді.
3. Объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты міндетті сақтандырудың осы түрі (сыныбы) бойынша қызметті жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар сақтандырушымен ғана жасалуға тиіс.
Сақтанушы сақтандырушыны таңдауға ерікті.
Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, сақтандырушы сақтанушыға объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасудан бас тартуға құқылы емес.
Сақтанушы объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысын төлеуге міндеттенеді, ал сақтандырушы сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушыға (пайда алушыға) осы Заңда белгіленген мөлшерде, тәртіппен және мерзімде сақтандыру төлемін жүзеге асыруға міндеттенеді.
4. Объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты сақтандырушының сақтандыру полисін электрондық нысанда ресімдеуі арқылы жасалады.
Сақтанушының өтініші объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу үшін негіз болып табылады.
Объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында көрсетілуге жататын талаптардың толық болмағаны үшін сақтандырушы жауапты болады. Объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша оның жекелеген талаптарының толық болмауы салдарынан дау туындаған жағдайда, дау сақтанушының пайдасына шешіледі.
4-1. Сақтанушының қалауы бойынша объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты сақтандырушыға жазбаша жүгіну не сақтанушы мен сақтандырушы арасында цифрлық ресурстар алмасу арқылы жасалуы мүмкін.
5. Сақтандыру полисі, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 826-бабында тізбелеп көрсетілген шарттардан басқа, сақтандырушының бір сақтандырy жағдайы бойынша жауапкершілігінің шекті көлемінің мөлшерін қамтуға тиіс.
Объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру полисінің мазмұны мен оны ресімдеу жөніндегі талаптар Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында белгіленеді.
6. Алып тасталды – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.7. Егер сақтандырушы объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын сақтанушының (сақтандырылушының) немесе үшінші тұлғаның жағдайын осы Заңда көзделгенмен салыстырғанда нашарлататын талаптармен жасаса, онда сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырушы сақтанушының (сақтандырылушының) немесе үшінші тұлғаның алдындағы міндеттемені осы Заңда белгіленген талаптар бойынша өз мойнына алады.
Ескерту. 8-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.05.04 № 275-IV; 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.8-1-бап. Цифрлық ресурстар алмасу арқылы объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу және сақтандыру жағдайларын реттеу кезінде сақтандырушы мен интернет-ресурстарға қойылатын талаптар
1. Объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын электрондық нысанда жасасу және олар бойынша сақтандыру жағдайларын реттеу кезінде дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым, сақтандырушы және сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) арасында цифрлық ресурстар алмасу үшін сақтандырушының интернет-ресурсы және (немесе) цифрлық жүйесі пайдаланылады.
Объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын электрондық нысанда жасасу және сақтандыру жағдайын реттеу үшін өтініш беру кезінде сақтанушыдан мамандандырылған бағдарламалық қамтылымды пайдалану талап етілмейді.
Дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның интернет-ресурсында электрондық нысанда объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарын жасасу және сақтандыру жағдайларын реттеу үшін пайдаланылатын сақтандыру ұйымының интернет-ресурсына сілтеме орналастырылады.
2. Дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым мен сақтандырушы, сақтандырушы мен сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) арасында цифрлық ресурстар алмасу тәртібі қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
3. Сақтандырушының интернет-ресурсын пайдалана отырып, объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу және ол бойынша сақтандыру жағдайларын реттеу кезінде сақтандырушы:
1) сақтанушыға объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу не оны жасасудан бас тарту (бас тарту себептерін көрсете отырып) туралы хабарламаны электрондық хабар түрінде дереу жөнелтуді;
2) реттеу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуды (бас тарту себептерін көрсете отырып) қоса алғанда, сақтандыру жағдайын реттеу процесінің негізгі кезеңдері туралы сақтанушыны (сақтандырылушыны) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен электрондық хабар түрінде хабардар етуді;
3) сақтанушының (сақтандырылушының) жасалған объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты жөніндегі ақпаратты сақтандыру ұйымының интернет-ресурсында тексеру мүмкіндігін;
4) сақтанушының (сақтандырылушының, пайда алушының) объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жағдайы жөніндегі ақпаратты сақтандыру ұйымының интернет-ресурсында тексеру мүмкіндігін;
5) сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) үшін сақтандырушының интернет-ресурсына тәулік бойы қолжетімділікті қамтамасыз ете отырып, электрондық нысанда объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының және ол бойынша сақтандыру жағдайы жөніндегі ақпараттың сақталуын;
6) сақтанушыға (сақтандырылушыға, пайда алушыға):
объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу және өзгерту;
объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын мерзімінен бұрын тоқтату;
сақтандыру жағдайының (сақтандыру жағдайы ретінде қаралатын оқиғаның) басталғаны туралы хабардар ету;
келтірілген зиян мөлшерін бағалауды айқындау;
сақтандыру төлемін алу;
осы Заңның 21-1-бабында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартынан туындайтын дауларды реттеу үшін қажетті электрондық нысандағы ақпаратты (өтініштер, хабарламалар және (немесе) өзге де құжаттар, мәліметтер) жасау және сақтандырушыға жөнелту мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті.
Объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу және ол бойынша сақтандыру жағдайларын реттеу туралы хабарлама дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымнан жіберіледі.
Объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу және ол бойынша сақтандыру жағдайларын реттеу туралы хабарламалардың тәртібі мен мазмұнына қойылатын талаптарды қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.
4. Егер объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын цифрлық ресурстар алмасу арқылы жасасу кезінде сақтанушы сақтандыру шартын сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын (сақтандыру сыйлықақысын бөліп төлеген жағдайда, бірінші сақтандыру жарнасын) төлеген күннен бастап жасады деп есептеледі.
5. Объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын цифрлық ресурстар алмасу арқылы жасасу кезінде сақтанушы осы Заңда көзделген сақтандыру талаптарымен танысқаннан кейін сақтандыру сыйлықақысын (сақтандыру сыйлықақысын бөліп төлеген жағдайда, бірінші сақтандыру жарнасын) төлейді, сол арқылы ол өзіне ұсынылған талаптармен қосылу шартын жасасуға өзінің келісетінін растайды.
6. Сақтандырушы сақтандырушының интернет-ресурсын пайдалана отырып, объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарын жасасу және олар бойынша сақтандыру жағдайларын реттеу мүмкіндігін тәулік бойы қамтамасыз етеді.
7. Сақтандыру агенттерінің объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі қызметіне жол берілмейді.
Ескерту. 8-1-баппен толықтырылды – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР 12.07.2022 № 138-VII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.9-бап. Объектілер иелерінің жауапкершілігін міндеттісақтандыру шартының қолданылуы
1. Егер объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының талаптарында өзгеше көзделмесе, объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты сақтанушы бірінші сақтандыру жарнасын төлеген кезден бастап күшіне енеді және тараптар үшін міндетті болады.
2. Объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты ол күшіне енген күннен бастап он екі айдан аспайтын мерзімге жасалады.
Объект иесі қызметін он екі айдан аз мерзімде жүзеге асырған жағдайда, объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты қызметті жүзеге асыру мерзіміне, бірақ кемінде алты айға жасалады.
Сақтандыру қорғанышының қолданылу кезеңі объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының қолданылу мерзіміне сәйкес келеді.
3. Егер объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының қолданылуы Қазақстан Республикасының аумағымен шектеледі.
Ескерту. 9-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.05.04 № 275-IV Заңымен.10-бап. Объектілер иелерінің жауапкершілігін міндеттісақтандыру шартының қолданылуын тоқтату
Объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты:
1) шарттың қолданылу мерзімі аяқталған;
2) шарт мерзімінен бұрын тоқтатылған;
3) сақтандырушы объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сомасы мөлшерінде сақтандыру төлемін (сақтандыру төлемдерін) жүзеге асырған жағдайларда тоқтатылды деп саналады.
11-бап. Объектілер иелерінің жауапкершілігін міндеттісақтандыру шартын мерзімінен бұрын тоқтату
Объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын мерзімінен бұрын тоқтатудың тәртібі, талаптары мен салдары Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес айқындалады.
12-бап. Сақтанушының (сақтандырылушының) құқықтары мен міндеттері
Ескерту. 12-баптың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Сақтанушы (сақтандырылушы):
1) сақтандырушыдан объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру талаптарын, объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша өзінің құқықтары мен міндеттерін түсіндіруді талап етуге;
2) сақтандыру тәуекелін бағалау үшін тәуелсіз сарапшыны тартуға;
3) алып тасталды – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;4) сақтандырушы (оның ішінде сақтандырушының интернет-ресурсы арқылы) және (немесе) тәуелсіз сарапшы жүргізген, келтірілген зиянның мөлшерін бағалаудың нәтижелерімен және сақтандыру төлемі мөлшерінің есеп-қисаптарымен танысуға;
5) объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын мерзімінен бұрын тоқтатуға (бұл құқық сақтанушыға ғана қолданылады);
ЗҚАИ-ның ескертпесі!5-1) тармақша жаңа редакцияда көзделген – ҚР 16.01.2026 № 259-VIII (01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
5-1) объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартынан туындайтын мәселелерді реттеу үшін осы Заңның 21-1-бабында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып сақтандырушыға не сақтандыру омбудсманына немесе сотқа жүгінуге;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!6) тармақша жаңа редакцияда көзделген – ҚР 16.01.2026 № 259-VIII (01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
6) "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, өтінішті және қоса берілетін құжаттарды сақтандыру омбудсманына (тікелей сақтандыру омбудсманына, оның ішінде оның интернет-ресурсы арқылы не сақтандырушы арқылы, оның ішінде оның филиалы, өкілдігі, өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшесі, интернет-ресурсы арқылы) жіберуге;
7) қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектідегі сақтандыру тәуекелін, сақтандыру жағдайының басталу ықтималдығын немесе ол басталған кезде болуы мүмкін зиян мөлшерін төмендетуге алып келуі мүмкін мән-жайлар өзгерген жағдайда объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының талаптарын өзгертуді талап етуге (бұл құқық сақтанушыға ғана қолданылады);
8) осы Заңда көзделген жағдайларда және тәртіппен сақтандыру төлемін алуға құқылы.
Объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында сақтанушының (сақтандырылушының) Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін басқа құқықтары да көзделуі мүмкін.
2. Сақтанушы:
1) сақтандыру сыйлықақысын объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында белгіленген мөлшерде, тәртіппен және мерзімдерде төлеуге;
1-1) объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты жасалған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде бұл туралы уәкілетті органды хабардар етуге;
2) объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу кезінде сақтандырушыға объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті және ерікті сақтандырудың бұрынғы шарттары, сақтандыру жағдайлары, сақтандыру төлемдері мен объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу үшін қажетті өзге де мәліметтер туралы ақпаратты беруге;
3) үш жұмыс күні ішінде сақтандырушыға және құзыретін негізге ала отырып уәкілетті мемлекеттік органдарға мән-жайлардың өзгергені туралы, егер бұл өзгерістер сақтандыру тәуекелінің ұлғаюына әсер етуі мүмкін болса, хабарлауға;
4) сақтанушыны және құзыретін негізге ала отырып мемлекеттік органдарды сақтандыру тәуекелін едәуір ұлғайтуы мүмкін, қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектіде жоспарланып отырған жаңғырту және (немесе) қайта бейіндеу туралы хабарлауға;
5) қауіпті өндірістік факторлардың үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне зиянды әсерін болғызбау жөніндегі қажетті және мүмкін болатын шараларды қолдануға;
6) сақтандыру жағдайының басталғаны туралы өзіне белгілі болғанда бұл туралы дереу, бірақ үш күннен кешіктірмей сақтандырушыға хабарлауға;
7) қауіпті өндірістік факторлардың үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне әсері туындаған кезде болуы мүмкін шығындарды болдырмау немесе азайту, соның ішінде мүліктерді аман алып қалу және зардап шеккен адамдарға көмек көрсету жөнінде қалыптасқан жағдайдағы ақылға қонымды және қолдан келетін шараларды қолдануға;
8) қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектідегі аварияның, инциденттің туындау себептері мен өзге де мән-жайларға өз бетінше зерттеп-тексеру жүргізу мүмкіндігімен сақтандырушының өкілін қамтамасыз етуге;
9) зақымданған мүліктің және бүліну аймағының олардың сақтандыру жағдайы басталғаннан кейінгі күйінде сақтандырушының өкілі қарағанға дейін сақталуын (eгep бұл қауіпсіздік мүдделеріне қайшы келмесе немесе зиян мөлшеріне әсер етпесе) қамтамасыз етудің мүмкін болатын барлық шараларын қолдануға;
10) сақтандырушыға барлық қолда бар қажетті ақпарат (қажет болған кезде - жазбаша түрде) пен сақтандыру жағдайының басталу себептері, барысы және салдары туралы, сондай-ақ келтірілген зиянның сипаты мен мөлшері туралы талқылауға мүмкіндік беретін құжаттарды беруге;
11) қауіпті өндірістік фактор үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне келтірген зиянды өтеу туралы талап немесе талап-арыз қойылғаны жөнінде өзіне белгілі болғанда, үш жұмыс күні ішінде бұл туралы сақтанушыға кез келген қолжетімді тәсілмен хабарлауға;
12) келтірілген зиян үшін жауапты тұлғаға қойылатын кері талап құқығының сақтандырушыға өтуін қамтамасыз етуге міндетті.
Объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында сақтанушының Қазақстан Республикасының заң актілеріне қайшы келмейтін басқа да міндеттері көзделуі мүмкін.
Ескерту. 12-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.05.04 № 275-IV; 02.07.2018 № 166-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.13-бап. Сақтандырушының құқықтары мен міндеттері
1. Сақтандырушы:
1) объект иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу кезінде сақтанушыдан (сақтандырылушыдан) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде көзделген мәліметтерден басқа, осы Заңға сәйкес объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу үшін қажетті мәліметтерді, соның ішінде объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті және ерікті сақтандырудың бұрынғы шарттары, сақтандыру жағдайлары және сақтандыру төлемдері туралы ақпаратты беруін талап етуге;
2) сақтандыру тәуекелін бағалау үшін тәуелсіз сарапшыны тартуға;
3) тиісті мемлекеттік органдар мен ұйымдардан, олардың құзыретін негіздей отырып, сақтандыру жағдайының басталу фактісін және үшінші тұлғаларға келтірілген зиянның мөлшерін растайтын құжаттарды сұратуға;
4) үшінші тұлғалардың зақымданған мүлкін және бүліну аймағын қарап тексеруге қатысуға және қарап тексеру актілеріне қол қоюға;
5) қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектідегі сақтандыру тәуекелін (сақтандыру жағдайының басталу ықтималдығы немесе ол басталған кезде болуы мүмкін зиян мөлшері) ұлғайтуға әкеп соғуы мүмкін мән-жайлар өзгерген жағдайда объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының талаптарын өзгертуін талап етуге;
6) келтірілген зиянды өтеуге байланысты қатынастарда сақтанушының (сақтандырылушының) атынан және оның тапсырмасы бойынша өкілдік етуге;
7) сақтанушының (сақтандырылушының) тапсырмасы бойынша пайда алушылар ұсынатын талап-арыздарға қатысты оның атынан сотта іс жүргізуді өзіне қабылдауға құқылы. Алайда, сақтандырушының бұл іс-әрекеттері оның сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі өз міндетін мойындауы деп бағалануға тиіс емес;
8) зиян келтірілгені үшін жауапты тұлғаға кері талап қоюға құқылы.
Объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында сақтандырушының Қазақстан Республикасының заң актілеріне қайшы келмейтін басқа да құқықтары көзделуі мүмкін.
2. Сақтандырушы:
1) сақтанушыны (сақтандырылушыны) объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру талаптарымен, оның ішінде объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартынан туындайтын тараптардың құқықтарымен және міндеттерімен таныстыруға;
2) сақтанушыға (сақтандырылушыға) сақтандыру полисін ресімдеуге;
2-1) объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандырып қорғаудың қолданысы кезеңінде басталған сақтандыру жағдайы (сақтандыру жағдайы ретінде қаралатын оқиға) туралы хабардар етілген кезінде оны қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісіне сәйкес дереу тіркеуге және осы сақтандыру жағдайы (сақтандыру жағдайы ретінде қаралатын оқиға) жөніндегі мәліметті дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымға ұсынуға;
3) сақтандыру жағдайы басталған кезде осы Заңда көзделген тәртіппен және жағдайда сақтандыру төлемін жүргізуге;
3-1) сақтандыру жағдайының басталу фактісін және сақтандырушы өтеуге тиісті зиянның мөлшерін растайтын құжаттар жеткіліксіз болған кезде оларды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жетіспейтін және (немесе) дұрыс ресімделмеген құжаттардың толық тізбесін көрсете отырып, бұл туралы өтініш берушіге хабарлауға;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!4) тармақша жаңа редакцияда көзделген – ҚР 16.01.2026 № 259-VIII (01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
4) сақтандыру төлемін төлеуден бас тарту туралы шешім қабылданған жағдайда сақтанушыға (пайда алушыға) бас тарту себептерінің уәжді негіздемесін және сақтанушының (сақтандырылушының, пайда алушының) Қазақстан Республикасы заңнамасының ерекшеліктерін ескере отырып, келіспеушіліктерді реттеу үшін сақтандыру омбудсманына жүгіну құқығы туралы хабарламаны жазбаша нысанда жіберуге;
5) сақтандыру құпиясын қамтамасыз етуге;
6) сақтанушыдан (үшінші тұлғадан, пайда алушыдан) өтінішті алған кезде бес жұмыс күні ішінде сақтанушының (үшінші тұлғаның, пайда алушының) талаптарын қарауға және дауды одан әрі реттеу тәртібін көрсете отырып, жазбаша жауап беруге;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!7) тармақша жаңа редакцияда көзделген – ҚР 16.01.2026 № 259-VIII (01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
7) сақтанушыдан (үшінші тұлғадан, пайда алушыдан) сақтандыру омбудсманына жіберілетін өтінішті алған кезде осы өтінішті, сондай-ақ оған қоса берілетін құжаттарды сақтандыру омбудсманына алған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде қайта жіберуге міндетті.
Объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында сақтандырушының Қазақстан Республикасының заң актілеріне қайшы келмейтін басқа да міндеттері көзделуі мүмкін.
Ескерту. 13-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.14-бап. Үшінші тұлғалардың құқықтары
1. Үшінші тұлғалар:
1) қауіпті өндірістік факторлардың өздерінің өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне зиянды әсерінің салдарынан болған сақтандыру жағдайының басталуы туралы сақтандырушыға хабарлауға;
2) сақтанушының (сақтандырылушының) орнына сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды жинауды жүргізуге және оларды сақтандырушыға табыс етуге;
3) келтірілген зиянның мөлшерін бағалау үшін тәуелсіз сарапшы көрсететін қызметтерді пайдалануға;
4) сақтандырушы (оның ішінде сақтандырушының интернет-ресурсы арқылы) және (немесе) тәуелсіз сарапшы жүргізген, келтірілген зиянның мөлшерін бағалау нәтижелерімен және сақтандыру төлемі мөлшерінің есеп-қисаптарымен танысуға;
5) сақтандыру төлемін осы Заңда белгіленген мөлшерде, тәртіппен және мерзімдерде алуға;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!5-1) тармақша жаңа редакцияда көзделген – ҚР 16.01.2026 № 259-VIII (01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
5-1) объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартынан туындайтын мәселелерді реттеу үшін осы Заңның 21-1-бабында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып сақтандырушыға не сақтандыру омбудсманына немесе сотқа жүгінуге;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!6) тармақша жаңа редакцияда көзделген – ҚР 16.01.2026 № 259-VIII (01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
6) "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, өтінішті және қоса берілетін құжаттарды сақтандыру омбудсманына (тікелей сақтандыру омбудсманына, оның ішінде оның интернет-ресурсы арқылы не сақтандырушы арқылы, оның ішінде оның филиалы, өкілдігі, өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшесі, интернет-ресурсы арқылы) жіберуге;
7) келтірілген зиянды келтірілген зиян сомасының алынған сақтандыру төлемдерінің сомасынан асатындай мөлшерде өтеу туралы сақтандырушыға талап қоюға құқылы.
2. Осы баптың 1-тармағында белгіленген үшінші тұлғалардың құқықтары заңдарда көзделген жағдайларда өзге тұлғаларға (пайда алушыларға) ауысады.
Ескерту. 14-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.05.04 № 275-IV; 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.15-бап. Сақтандыру сомасының мөлшері
1. Объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сомасы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде:
1) егер қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінің салдарынан зардап шеккендердің ең жоғары ықтимал саны төрт мың адамнан асса – 600 мың;
2) егер қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінің салдарынан зардап шеккендердің ең жоғары ықтимал саны екі мыңнан асатын адамды құраса, бірақ төрт мың адамнан аспаса – 350 мың;
3) егер қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінің салдарынан зардап шеккендердің ең жоғары ықтимал саны бір жарым мыңнан асатын адамды құраса, бірақ екі мың адамнан аспаса – 225 мың;
4) егер қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінің салдарынан зардап шеккендердің ең жоғары ықтимал саны жеті жүз елуден асатын адамды құраса, бірақ бір жарым мың адамнан аспаса – 115 мың;
5) егер қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінің салдарынан зардап шеккендердің ең жоғары ықтимал саны үш жүзден асатын адамды құраса, бірақ жеті жүз елу адамнан аспаса – 50 мың;
6) егер қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінің салдарынан зардап шеккендердің ең жоғары ықтимал саны жүз елуден асатын адамды құраса, бірақ үш жүз адамнан аспаса – 30 мың айлық есептік көрсеткішті;
7) егер қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінің салдарынан зардап шеккендердің ең жоғары ықтимал саны жетпіс бестен асатын адамды құраса, бірақ жүз елу адамнан аспаса – 12 мың;
8) егер қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінің салдарынан зардап шеккендердің ең жоғары ықтимал саны оннан асатын адамды құраса, бірақ жетпіс бес адамнан аспаса – 5 мың;
9) егер қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінің салдарынан зардап шеккендердің ең жоғары ықтимал саны он адамға дейін болса, өзге де декларацияланған қауіпті өндірістер үшін 1 мың айлық есептік көрсеткішті құрайды.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР 2010.05.04 № 275-IV Заңымен.16-бап. Сақтандыру сыйлықақысының мөлшері
1. Объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысының мөлшері қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектінің қауіптілік деңгейіне қарай сақтандыру сомасы мөлшерінің 0,72 процентінен 2,02 процентіне дейінгі шекте тараптардың келісімі бойынша белгіленеді.
2. Нақты объект үшін сақтандыру тарифінің шамасы жыл сайын уәкілетті орган айқындайтын объект қауіптілігінің жалпы деңгейіне қарай белгіленеді.
3. Сақтандыру сыйлықақысының мөлшері объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында көрсетілген сақтандыру тарифі, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган айқындаған объект қауіптілігінің жалпы деңгейі ескеріле отырып белгіленеді.
Декларациялауға және сақтандыруға жататын қауіпті өндірістік объектілері бар ұйымдар қауіптілігінің жыл сайынғы жалпы деңгейі туралы ақпаратты уәкілетті орган өзінің интернет-ресурсына орналастырады немесе республикалық мерзімді баспа басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде жариялайды.
Объектінің жалпы қауіптілік деңгейі сақталған немесе төмендеген кезде сақтандыру сыйлықақысы осы бапқа сәйкес белгіленген сақтандыру тарифі бойынша төленеді.
Объект қауіптілігінің жалпы деңгейі сақтандыру тарифіне шаққандағы орташа салалық көрсеткіштермен салыстырғанда ұлғайған кезде объект қауіптілігінің жалпы деңгейі ұлғаюының бір пайызы үшін он пайыз мөлшерінде арттырылып отыратын коэффициент қолданылады.
Арттырылып отыратын коэффициент ескерілген сақтандыру тарифінің шамасы осы баптың 1-тармағында белгіленген сақтандыру тарифінің мөлшерінен аспауға тиіс.
Ескерту. 16-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.05.04 № 275-IV; 11.04.2014 № 189-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.17-бап. Сақтандыру сыйлықақысын төлеу тәртібі мен мерзімдері
Сақтандыру сыйлықақылары объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты жасалғаннан кейін он күннің ішінде бір мезгілде төленеді.
Объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты кез келген негіздер бойынша өзгерген кезде жаңадан есептелген және бұрын төленген сақтандыру сыйлықақылары арасындағы айырма он бес күн ішінде қосымша төленуге (қайтарылуға) тиіс.
Объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында сақтанушының сақтандыру жарналарын объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында айқындалған тәртіппен енгізу арқылы сақтандыру сыйлықақысын бөліп төлеу құқығы көзделуі мүмкін.
Сақтандырушы сақтандыру сыйлықақысын сақтандырушының интернет-ресурсы арқылы қолма-қол ақшасыз тәсілмен төлеу мүмкіндігін береді.
Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР 2010.05.04 № 275-IV; өзгеріс енгізілді – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.18-бап. Сақтандыру жағдайы мен сақтандыру төлемінің мөлшерін айқындау
1. Қауіпті өндірістік фактор үшінші тұлғаның өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне келтірген зиянды өтеу жөніндегі сақтанушының (сақтандырылушының) азаматтық-құқықтық жауапкершілігінің басталу фактісі объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жағдайы деп танылады.
Сақтандырушы немесе тәуелсіз сарапшы сақтандыру төлемінің мөлшерін аварияның, инциденттің себептерін тексеру актісінің, сот шешімдерінің және келтірілген зиянның мөлшері туралы деректер қамтылған басқа да материалдардың негізінде айқындайды.
2. Әрбір үшінші тұлғаның өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян үшін төленетін сақтандыру төлемінің мөлшері осы Заңда республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде белгіленеді және:
1) қаза тапқан кезде - 1000;
2) мүгедектік белгіленген кезде:
бірінші топтағыларға – 800;
екінші топтағыларға – 600;
үшінші топтағыларға – 500;
мүгедектігі бар балаға – 500;
3) мертігу, жарақаттану немесе денсаулықтың өзге де зақымдануы кезінде мүгедектік белгіленбей - амбулаториялық және (немесе) стационарлық емделуге жұмсалған іс жүзіндегі шығыстар мөлшерінде, бірақ 300-ден аспайтындай мөлшерді құрайды. Бұл ретте сақтандыру төлемінің мөлшері әрбір стационарлық емделу күні үшін кемінде 2 айлық есептік көрсеткішті құрауға тиіс.
3. Мүлік зақымданған кезде келтірілген зиянның мөлшері оны қалпына келтіру құнының есебі негізге алынып, сақтандыру жағдайы басталғанға дейін мүліктің орын алған тозуы ескеріле отырып айқындалады.
Мүлікті қалпына келтіру құны сақтандыру жағдайы басталған кезде қолданылған орташа нарықтық баға мен тарифтер негізінде айқындалады.
Мүлік жойылған кезде келтірілген зиянның мөлшері мүліктің нақты құны негізге алынып, мүліктің сақтандыру жағдайы басталған күнгі тозуы ескеріле отырып айқындалады.
Мүлікті қалпына келтіру техникалық жағынан мүмкін болмаса немесе экономикалық тұрғыдан негізсіз болса, ол жойылды деп есептеледі. Мүлікті қалпына келтіру, егер бұл ретте күтілетін шығыстар (қалпына келтіру құны) оның сақтандыру жағдайы басталған күнгі есептелген тозуын ескере отырып, мүліктің нақты құнының сексен процентінен асып кетсе, экономикалық тұрғыдан негізсіз деп есептеледі.
4. Сақтандыру жағдайының басталуы нәтижесінде әрбір үшінші тұлғаның мүлкіне келтірілген зиянның мөлшерін сақтанушының (сақтандырылушының) немесе пайда алушы болып табылатын өзге тұлғаның өтініші бойынша сақтандырушы айқындайды. Келтірілген зиянның мөлшерін бағалауды қажет болған кезде тәуелсіз сарапшы жүргізуі мүмкін. Келтірілген зиянды бағалау нәтижелерімен келіспеген жағдайда тараптар өзгеше дәлелдеуге құқылы.
5. Сақтандыру төлемі үшінші тұлғаға келтірілген залалдың (нақты нұқсанның) мөлшерінен аспауға тиіс.
Әрбір үшінші тұлғаның өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян үшін сақтандыру төлемі осы баптың 2-тармағында белгіленген мөлшерде жүзеге асырылады.
6. Сақтандырушы келтірілген зиянның мөлшерін айқындау мақсатымен қосымша тексеру жүргізуге құқылы. Осыған байланысты ол мемлекеттік органдардан аварияны, инцидентті техникалық тексеру материалдарын, зиян келтіруге байланысты құжаттарды, медициналық құжаттарды, шығын болған (бүлінген, жойылған) мүліктің құны, жүргізілген жұмыстардың, келтірілген шығындардың құны туралы талқылауға мүмкіндік беретін шоттарды, сондай-ақ өзге де қажетті құжаттарды талап етуге құқылы.
7. Сақтандыру төлемдері объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында белгіленген сақтандыру сомасының шегінде жүргізіледі.
Yшінші тұлғаларға келтірілген зиянды толық өтеу үшін сақтандыру сомасы жетіспеген кезде сақтандырушы осы Заңның 19-бабының 7-тармағында көзделген тәртіппен объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында белгіленген сақтандыру сомасы шегінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асырады. Бұл ретте пайда алушы келтірілген зиянды келтірілген зиянның сомасы алынған сақтандыру төлемінің сомасынан асатындай мөлшерде өтетy туралы тікелей сақтанушыға (сақтандырылушыға) талап қоюға құқылы.
8. Объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігі бірнеше сақтандырушыда сақтандырылған кезде әрбір сақтандырушы өзімен жасалған шарт шегінде сақтанушының алдында жауапкершілікте болады, алайда сақтанушының (пайда алушының) барлық сақтандырушылардан алған сақтандыру төлемдерінің жалпы сомасы нақты нұқсаннан аспауға тиіс.
Бұл ретте сақтанушы өзімен жасалған шартта көзделген сақтандыру сомасының көлемінде кез келген сақтандырушыдан сақтандыру төлемін алуға құқылы. Егер алынған сақтандыру төлемі нақты нұқсанды жаппаған жағдайда, сақтанушы жетпейтін соманы басқа сақтандырушыдан алуға құқылы.
Сақтандыру төлемінен толықтай немесе ішінара босатылған сақтандырушы келтірілген нұқсанды басқа сақтандырушылардың өтегеніне орай, сақтанушыға шеккен шығыстарды шегере отырып, сақтандыру сыйлықақысының тиісті бөлігін қайтаруға міндетті.
9. Келтірілген зиянды басқа тұлғалар да өтеген жағдайларда, сақтандырушы объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемінің сомасы мен басқа тұлғалар өтейтін соманың арасындағы айырманы ғана төлейді. Сақтанушы өзіне белгілі болған, басқа тұлғалардың үшінші тұлғаларға зиянды өтеуге жүргізген төлемдері туралы сақтандырушыға хабарлауға міндетті.
10. Сақтандырушы сақтанушының сақтандыру жағдайында залалды болдырмау немесе азайту мақсатында шеккен шығыстарын да, егер мұндай шығыстар қажет болса және (немесе) сақтандырушының нұсқауларын орындау үшін жүргізілсе, тіпті тиісті шаралар сәтсіз болса да, өтеуге міндетті. Аталған шығыстарды өтеуді сақтандырушы тиісті шығындар туралы актіні алған күннен бастап, бірақ сақтандыру төлемдері жүзеге асырылғаннан кейін, отыз күн ішінде жүргізеді.
Сақтанушының аталған шығыстары нақты мөлшерде өтеледі, алайда сақтандыру төлемі мен шығыстар өтемінің жалпы сомасы объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында көзделген сақтандыру сомасынан аспайтындай болып өтеледі. Егер шығыстар сақтанушы сақтандырушының нұсқауларын орындауы нәтижесінде туындаған болса, олар сақтандыру сомасына қатыссыз, толық мөлшерде өтеледі.
11. Жәбірленуші қайтыс болып, оның мұрагерлері жоқ болған жағдайда, жәбірленушіні жерлеген тұлғаға сақтандырушы жерлеуге қажетті шығыстарды нақты жұмсалған шығындар мөлшерінде, бірақ объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында белгіленген сақтандыру сомасының шегінде өтейді.
Ескерту. 18-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.05.04 № 275-IV; 27.06.2022 № 129-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.19-бап. Сақтандыру төлемін жүзеге асыру шарттары мен тәртібі
1. Сақтанушы (сақтандырылушы) не пайда алушы болып табылатын өзге тұлға сақтандырушыға сақтандыру төлемі туралы талапты мынадай құжаттарды қоса бере отырып, жазбаша нысанда, оның ішінде қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісіне сәйкес сақтандырушының интернет-ресурсы арқылы қояды:
1) алып тасталды – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.2) пайда алушының келтірілген зиян мен оның мөлшерін растайтын құжаттарды қоса тіркеп, зиянды өтеу туралы сақтандырушы мойындаған талаптары немесе қауіпті өндірістік фактор үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне келтірген зиянды өтеу туралы заңды күшіне енген сот шешімі;
3) зиянды болдырмау немесе мөлшерін азайту жөнінде шаралар қолдануға байланысты шығыстарды растайтын құжаттар (болған жағдайда).
Сақтандырушының талап етуі бойынша өтініш беруші, сақтандырушы қол жеткізе алатын мемлекеттік органдардың дерекқорларында және (немесе) цифрлық жүйелерінде электрондық нысанда бар құжаттарды қоспағанда, сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін қажетті құжаттардың түпнұсқаларын сақтандырушыға ұсынуға міндетті.
2. Құжаттарды қабылдаған сақтандырушы табыс етілген құжаттардың толық тізбесін және олар қабылданған күнді көрсете отырып, өтініш берушіге анықтама беруге міндетті.
Сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) сақтандыру төлемі туралы талапты электрондық нысанда жөнелткен жағдайда, сақтандырушы оған осы анықтаманы электрондық нысанда ұсына алады.
3. Сақтандырушы сақтандыру төлемін жүзеге асыру кезінде сақтанушыдан (сақтандырылушыдан) немесе пайда алушы болып табылатын өзге тұлғадан оның сақтандырушыға талап қою құқығын шектейтін шарттар қабылдауын талап етуге құқылы емес.
4. Үшінші тұлға (ал ол қайтыс болған жағдайда - оның қайтыс болуына байланысты зиянды өтеуге Қазақстан Республикасының заңына сәйкес құқығы бар тұлға) немесе келтірілген зиянды сақтандырушының осы Заңмен белгіленген жауапкершілігінің шегінде үшінші тұлғаға (зиянды өтеуге құқығы бар тұлғаға) өтеген және сақтандыру төлемін алуға құқық алған өзге тұлға пайда алушы болып табылады.
5. Сақтандырушы сақтандыру төлемін осы баптың 1-тармағында көзделген құжаттарды алған күнінен бастап отыз күннен кешіктірмей жүргізеді.
6. Сақтандырушы сақтандыру төлемін уақтылы жүзеге асырмаған жағдайда пайда алушыға Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген тәртіппен және мөлшерде тұрақсыздық айыбын төлеуге міндетті.
7. Қауіпті өндірістік фактор үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне келтірген, сақтандыру жағдайы деп сақтандырушы таныған немесе соттың шешімімен танылған зиянды өтеу туралы өтініштерді қанағаттандыру олардың түсу ретімен, ал бірнеше өтініш бір мезгілде түскен кезде мынадай кезектілікпен жүзеге асырылады:
1) бірінші кезекте жеке тұлғалардың өміріне және денсаулығына келтірілген зиянды өтеу туралы талаптар қанағаттандырылады;
2) екінші кезекте жеке тұлғалардың мүлкіне келтірілген зиян өтеледі;
3) үшінші кезекте заңды тұлғалардың мүлкіне келтірілген зиян өтеледі.
Ескерту. 19-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.05.04 № 275-IV; 02.07.2018 № 166-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.20-бап. Зиян келтірген тұлғаға кері талап қою құқығы
1. Сақтандыру төлемін жүзеге асырған сақтандырушының:
1) сақтанушы (сақтандырылушы) сақтандыру жағдайының туындауына бағытталған не оның басталуына ықпал ететін қасақана іс-әрекеттер жасаған;
2) сақтанушы (сақтандырылушы) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен сақтандыру жағдайымен себептік байланыстағы қасақана қылмыстық не әкімшілік құқық бұзушылықтар деп танылған әрекеттер жасаған;
3) сақтанушының (сақтандырылушының) зиянды азайту жөнінде ақылға қонымды және қолдан келетін шараларды қасақана қолданбауы салдарынан оның мөлшері ұлғайған;
4) сақтанушы (сақтандырылушы) сақтандырушыға сақтандыру объектісі туралы, сақтандыру тәуекелі, сақтандыру жағдайы және оның салдарлары туралы көрінеу жалған мәліметтерді хабарлаған;
5) сақтанушы (сақтандырылушы) сақтандыру жағдайының басталуына жауапты тұлғаға өзінің талап қою құқығынан бас тартқан, сондай-ақ сақтандырушыға талап қою құқығының ауысуы үшін қажетті құжаттарды беруден бас тартқан жағдайларда төленген сома шегінде сақтанушыға кері талап қоюға құқығы бар.
2. Сақтанушының (сақтандырылушының) объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша өтелген, келтірілген зиян үшін жауапты тұлғаға кері талап қою құқығы төленген сома шегінде сақтандыру төлемін жүзеге асырған сақтандырушыға ауысады.
3. Объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемін жүзеге асырған сақтандырушы, қасақана іс-әрекеттерді қоспағанда, қызметтік, лауазымдық немесе өзге де еңбек міндеттерін бұзуы қауіпті өндірістік фактордың туындауына себеп болған олардың қызметкерлеріне кері талап қоюға құқылы емес.
Ескерту. 20-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.05.04 № 275-IV; 03.07.2014 № 227-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.21-бап. Сақтандырушыны сақтандыру төлемін жүзеге асырудан босату негіздері
1. Егер сақтандыру жағдайы:
1) қажетті қорғану мен аса қажеттілік жағдайында жасалған іс-әрекеттерді қоспағанда, пайда алушының сақтандыру жағдайының туындауына бағытталған не оның басталуына ықпал ететін қасақана іс-әрекеттері;
2) пайда алушының Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен сақтандыру жағдайымен себептік байланыстағы қасақана қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар деп танылған әрекеттері салдарынан болса, сақтандырушы сақтандыру төлемін толық немесе ішінара төлеуден бас тартуға құқылы.
2. Егер сақтандыру жағдайы:
1) әскери іс-қимылдар;
2) азаматтық соғыс, халықтың кез келген толқулары, жаппай тәртіпсіздік немесе ереуілдер салдарынан болса, сақтандырушы сақтандыру төлемдерін жүзеге асырудан босатылады.
3. Сақтандырушының сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тартуына мыналар да:
1) объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында көзделген сақтандыру сомасынан артық зиянды өтеу туралы кез келген талаптар;
2) сақтанушының (сақтандырылушының) және (немесе) пайда алушы болып табылатын өзге тұлғаның залал келтіруге кінәлі тұлғадан залалдың тиісті өтемін алуы;
3) сақтандырушыға сақтандыру жағдайының басталуы туралы хабарламау негіз болуы мүмкін.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!4-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР 16.01.2026 № 259-VIII (01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
4. Сақтандырушы сақтандыру төлемінен бас тарту туралы шешім қабылдайды және отыз күн ішінде бас тарту себептерінің уәжді негіздемесімен және сақтанушының (сақтандырылушының, пайда алушының) Қазақстан Республикасы заңнамасының ерекшеліктерін ескере отырып, келіспеушіліктерді реттеу үшін сақтандыру омбудсманына жүгіну құқығы туралы хабарламамен сақтанушыға (сақтандырылушыға) және (немесе) пайда алушыға жазбаша нысанда хабарлайды.
5. Сақтандырушының сақтандыру төлемін жүргізуден бас тартуына сақтанушы (сақтандырылушы) және (немесе) пайда алушы болып табылатын өзге тұлға сотқа шағым жасауы мүмкін.
Ескерту. 21-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2014 № 227-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.ЗҚАИ-ның ескертпесі!
21-1-бап жаңа редакцияда көзделген – ҚР 16.01.2026 № 259-VIII (01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
21-1-бап. Қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі дауларды реттеу ерекшеліктері
1. Объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартынан туындайтын дау болған кезде сақтанушы (үшінші тұлға, пайда алушы):
талаптарын көрсетіп және өзінің талабын растайтын құжаттарды қоса бере отырып, жазбаша өтінішін сақтандырушыға (оның ішінде сақтандырушының филиалы, өкілдігі, интернет-ресурстары арқылы) жіберуге не "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартынан туындайтын дауларды реттеу үшін өтінішті сақтандыру омбудсманына (тікелей сақтандыру омбудсманына, оның ішінде оның интернет-ресурсы арқылы не сақтандырушы арқылы, оның ішінде оның филиалы, өкілдігі, өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшесі, интернет-ресурсы арқылы) немесе сотқа жіберуге құқылы.
2. Сақтандырушы сақтанушыдан (үшінші тұлғадан, пайда алушыдан) өтінішті алған кезде оны бес жұмыс күні ішінде қарайды және дауды одан әрі реттеу тәртібін көрсете отырып, жазбаша жауап береді.
3. Сақтанушы (үшінші тұлға, пайда алушы) сақтандыру омбудсманына өтініш жасаған жағдайда, сақтандырушы сақтанушының (үшінші тұлғаның, пайда алушының), сақтандыру омбудсманының сұрау салуы бойынша дауды қарауға және шешуге қатысты құжаттарды сұрау салу алынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ұсынуға міндетті.
Ескерту. 21-1-бапппен толықтырылды – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.22-бап. Дауларды қарау тәртібі
Объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартынан туындайтын даулар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен қаралады.
23-бап. Қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының заңдарын бұзғаны үшін жауаптылық
Қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы Қазақстан Республикасы заңдарының бұзылуына кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
|
Қазақстан Республикасының Президенті |
