Ескерту. Мәтін бойынша "туроператордың және турагенттің", "Туроператордың және турагенттің", "Туроператор мен турагенттің", "туроператор мен турагенттің", "туроператор мен турагент" деген сөздер тиісінше "туроператордың немесе турагенттің", "Туроператордың немесе турагенттің", "Туроператордың немесе турагенттің", "туроператордың немесе турагенттің", "туроператор немесе турагент" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "Электрондық ақпараттық ресурстар", "электрондық ақпараттық ресурстар", "ақпараттық жүйесі", "ақпараттық жүйелерінде" деген сөздер тиісінше "Цифрлық ресурстар", "цифрлық ресурстар", "цифрлық жүйесі", "цифрлық жүйелерінде" деген сөздермен ауыстырылды – ҚР 09.01.2026 № 256-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Осы Заң туристі міндетті сақтандыруға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді және оны жүргізудің құқықтық, экономикалық және ұйымдық негіздерін белгілейді.
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) ассистанс – ассистанс компанияның сақтандырылушыға сақтандыру жағдайының басталуы салдарынан техникалық, медициналық және өзге де жәрдемдесу арқылы көмекті ұйымдастыруы;
2) ассистанс компания – туристі міндетті сақтандыру шарты шеңберінде сақтандырушымен шетелге шығатын туриске (сақтандырылушыға) ассистанс беру туралы шарт жасасқан заңды тұлға;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!2-1) тармақшамен толықтыру көзделген – ҚР 16.01.2026 № 259-VIII (01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
3) пайда алушы – осы Заңға сәйкес сақтандыру төлемін алушы болып табылатын тұлға;
4) сақтандыру жағдайы – басталғанынан кейін туристі міндетті сақтандыру шартында сақтандырылушыға (пайда алушыға) сақтандыру төлемін жүзеге асыру көзделетін оқиға;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!5) тармақшаны алып тастау көзделген – ҚР 16.01.2026 № 259-VIII (01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
5) сақтандыру омбудсманы – "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сақтандыру нарығына қатысушылар арасындағы келіспеушіліктерді реттеуді жүзеге асыратын, өз қызметінде тәуелсіз жеке тұлға;
6) сақтандыру сертификаты – жасалған сақтандыру шартын (сақтандыру полисін) растау үшін сақтандырушы ресімдеген, сақтандырылушыға қатысты қолданыстағы сақтандыру арқылы қорғаудың бар екені туралы куәландыратын және сақтандыруға қабылданатын сақтандыру тәуекелдері бойынша сақтандыруды жабу талаптары туралы ақпаратты қамтитын құжат;
7) сақтандыру сомасы – сақтандыру объектісі сақтандырылған және сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырушы жауапкершілігінің шекті көлемін білдіретін ақша сомасы;
8) сақтандыру сыйлықақысы – сақтандырушының туристі міндетті сақтандыру шартында айқындалған мөлшерде сақтандырылушыға (пайда алушыға) сақтандыру төлемін жүргізу міндеттемелерін қабылдағаны үшін сақтанушы оған төлеуге міндетті болатын ақша сомасы;
9) сақтандыру төлемі – сақтандырушы сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырылушыға (пайда алушыға) сақтандыру сомасы шегінде төлейтін ақша сомасы;
10) сақтандырушы – "жалпы сақтандыру" саласында немесе "өмірді сақтандыру" саласында сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензияны алған, сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырылушыға (пайда алушыға) шартта айқындалған сома (сақтандыру сомасы) шегінде сақтандыру төлемін жүргізуге міндетті сақтандыру ұйымы;
11) сақтандырылушы – шетелге шығатын турист;
12) сақтанушы – сақтандырылушының пайдасына сақтандырушымен туристі міндетті сақтандыру шартын жасасқан шығу туризмі саласындағы туроператор;
13) турагент – шығу туризмі саласындағы туроператор қалыптастырған туристік өнімді алға ілерілету мен өткізу жөніндегі кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
14) туристі міндетті сақтандыру – сақтандырылушының осы Заңда көрсетілген оқиғалар салдарынан күтпеген шығыстардың туындау тәуекеліне байланысты мүліктік мүдделерін қорғау жөніндегі қатынастар кешені.
Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.2-бап. Туристі міндеттісақтандыру туралы Қазақстан Республикасының заңдары
1. Туристі міндетті сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінен, осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
3. Осы Заңның сақтандырушыға, оның ішінде сақтандыру ұйымына қатысты қолданылатын ережелері Қазақстан Республикасының аумағында ашылған Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымдарының филиалдарына қолданылады.
Ескерту. 2-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 02.01.2021 № 399-VI (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.3-бап. Осы Заңның негізгі мақсаты, міндеттері және қағидаты
Ескерту. 3-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 15.04.2025 № 183-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Осы Заңның негізгі мақсаты осы Заңда көрсетілген, сақтандыру жағдайлары ретінде танылатын оқиғалар салдарынан күтпеген шығыстар туындаған жағдайда, сақтандырылушының мүліктік мүдделерін сақтандыру арқылы қорғауды қамтамасыз ету болып табылады.
2. Осы Заңның негізгі міндеттері:
1) сақтандырылушының мүліктік мүдделерін қорғауды осы Заңда белгіленген көлемде және тәртіппен қамтамасыз ету;
2) шығу туризмі саласындағы туроператордың туристі міндетті сақтандыру шарты болған кезде әрбір туриске қатысты өз қызметін жүзеге асыруы;
3) туроператордың және турагенттің туристік қызмет көрсету қауіпсіздігін арттырудағы экономикалық мүдделілігі болып табылады.
3. Осы Заңның негізгі қағидаты сақтандырылушының мүліктік мүдделері мен құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету болып табылады.
Ескерту. 3-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 15.04.2025 № 183-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.4-бап. Туристі міндетті сақтандыру объектісі
Осы Заңда көрсетілген сақтандыру жағдайларының басталуы салдарынан өміріне, денсаулығына зиян келтірілген сақтандырылушының мүліктік мүддесі туристі міндетті сақтандыру объектісі болып табылады.
Ескерту. 4-бап жаңа редакцияда – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.2-тарау. Туристі міндетті сақтандыру жүйесінің жұмысын қамтамасыз ету
5-бап. Туристі міндетті сақтандыру саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау
1. Шығу туризмі саласындағы туроператордың осы Заңда белгіленген туристі міндетті сақтандыру шартын жасасу жөніндегі міндетті орындауын мемлекеттік бақылауды облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы жүзеге асырады.
2. Сақтандыру ұйымдарының қызметін мемлекеттік бақылау мен қадағалауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) жүзеге асырады.
3. Шығу туризмі саласындағы туроператордың туристі міндетті сақтандыру шартын жасасу жөніндегі міндетті орындауын мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
Тексеру Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 5-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 17.07.2025 № 213-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.6-бап. Туристі міндетті сақтандыруды жүзеге асыратын тұлғалар
Сақтандырылушының мүліктік мүдделерін міндетті сақтандыруды шығу туризмі саласындағы туроператор жүзеге асырады.
Ескерту. 6-бап жаңа редакцияда – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.7-бап. Шығу туризмі саласындағы туроператордың туристі міндетті сақтандыру шартын жасаспай қызметті жүзеге асыруына жол бермеу
Шығу туризмі саласындағы туроператор туристі міндетті сақтандыру шартын жасаспай туристік қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруға құқылы емес.
Ескерту. 7-бап жаңа редакцияда – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.7-1-бап. Туристі міндетті сақтандыруды жүзеге асырудың ерекшеліктері
1. Сақтандыру ұйымы ретінде тіркелген заңды тұлға туристі міндетті сақтандыруды жүзеге асыру құқығына арналған лицензияны алғанға дейін:
1) "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған тәртіппен Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорымен қатысу шартын;
2) сақтандырылушы уақытша болатын елде (жерде) тәулік бойы жұмыс істейтін көптілді үйлестіру орталығы және өңірлік желісі бар ассистанс компаниямен шетелге шығатын туриске (сақтандырылушыға) осы Заңда көрсетілген сақтандыру жағдайлары ретінде танылатын оқиғалар басталған кезде ассистанс беру туралы шарт жасасуға немесе сақтандырылушыға ұсынылатын қызметтерді көрсетуге лицензиялары бар тасымалдаушылармен, медициналық және өзге де мекемелермен шарттар жасасуға міндетті.
Әрбір сақтандырылушы және сақтандыру жағдайы бойынша ассистанс компания беретін ассистанс көлемі сақтандырушы жауапкершілігінің шекті көлемімен айқындалады.
Сақтандырушы сақтандырылушыға ассистанс беру туралы шарт жасасатын ассистанс компанияға қойылатын талаптар, сондай-ақ сақтандырушының ассистанс компаниямен өзара іс-қимыл жасау тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
2. Алып тасталды – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.3. Сақтандырушылар туристі міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру тәуекелдері, сақтандыру жағдайлары және сақтандыру төлемдері жөніндегі ақпараттық деректер базасын қалыптастыруды және жүргізуді жүзеге асыратын ұйымды құруға қатысуға құқылы.
4. Туристі міндетті сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар сақтандыру ұйымдары уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актілерінде көзделген тәртіппен міндетті жарналарды төлеуге және шартты міндеттемелерді қалыптастыруға міндетті.
Ескерту. 7-1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.04.2015 № 311-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.7-2-бап. Ақпараттық өзара іс-қимыл жасау
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
7-2-бапқа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 16.01.2026 № 259-VIII (01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Сақтандыру жағдайының басталу фактісін растау және сақтандырылушының мүліктік мүдделеріне келтірілген зиянды өтеудің мөлшерін айқындау үшін қажетті ақпаратқа ие мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдар осы ақпаратты сақтандырушыға, сақтанушыға (сақтандырылушыға, пайда алушыға), сақтандыру омбудсманына олар өтініш жасаған кезде беруге міндетті.
Ескерту. 2-тарау 7-2-баппен толықтырылды – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.3-тарау. Туристі міндетті сақтандыру шарты
8-бап. Туристі міндетті сақтандыру шарты және оны жасасу тәртібі
Ескерту. 8-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Туристі міндетті сақтандыру осы Заңға және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім) сәйкес сақтанушы мен сақтандырушының арасында сақтандырылушының пайдасына жасалатын шарт негізінде жүзеге асырылады.
Сақтандырылушының ерікті сақтандыру шартын жасасуы сақтанушыны туристі міндетті сақтандыру шартын жасау жөніндегі міндеттен босатпайды.
2. Алып тасталды – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.3. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, сақтандырушы сақтанушыға туристі міндетті сақтандыру шартын жасасудан бас тартуға құқылы емес.
4. Туристі міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын төлеуге, ал сақтандырушы сақтандыру жағдайы басталған кезде осы Заңның талаптарын ескере отырып жасалған сақтандыру шартының негізінде, моральдық зиянды және ала алмаған пайданы өтеуге байланысты талаптарды қоспағанда, сақтандырылушыға (пайда алушыға) сақтандыру төлемін жүзеге асыруға, сондай-ақ тұрақсыздық айыбын төлеуге міндеттенеді.
5. Туристі міндетті сақтандыру шарты сақтандырушының сақтанушыға электрондық нысанда сақтандыру полисін және сақтандыру сертификатын ресімдеуі арқылы жасалады.
Сақтанушы туристі міндетті сақтандыру шартын жасасқан кезде уақытша болатын елге (жерге) және туристік қызмет көрсету шартында көрсетілген саяхат күндерінің санына қарай осы Заңға қосымшада көзделген сақтандыру бағдарламаларының бірін таңдайды, ол бойынша сақтандырушы жауапкершілігінің шекті көлемі (сақтандыру сомасы) және өтеуге жататын шығыстардың түрлері туристің өмірі мен денсаулығын сақтандыру бөлігінде халықаралық шарттардың және сақтандырылушы уақытша болатын ел (жер) заңнамасының талаптарына сәйкес келеді.
Сақтандыру сыйлықақысын есептеу және сақтанушыны, сақтандырылушыны сәйкестендіру үшін қажетті деректер қамтылатын сақтанушының өтініші туристі міндетті сақтандыру шартын жасасу үшін негіз болып табылады.
Туристі міндетті сақтандыру шартында көрсетілуге жататын талаптардың толық болмағаны үшін сақтандырушы жауапты болады. Сақтандыру шарты бойынша оның жекелеген талаптарының толық болмауы салдарынан дау туындаған жағдайда, дау сақтанушының пайдасына шешіледі.
Сақтанушы тек қана турагент арқылы:
әрбір сақтандырылушыға сақтандыру сертификатын беруге;
сақтандырылушының талап етуі бойынша сақтандыру полисін ұсынуға міндетті.
5-1. Туристі міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру полисі мен сақтандыру сертификатының мазмұнына қойылатын және оларды ресімдеу жөніндегі талаптар Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында белгіленеді.
6. Туристі міндетті сақтандыруды міндетті сақтандырудың осы түрі бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензиясы бар сақтандыру ұйымдары жүзеге асырады.
7. Егер туристі міндетті сақтандыру шарты сақтанушы мен сақтандырылушының жағдайын осы Заңда көзделгенмен салыстырғанда нашарлататын талаптармен жасалса, онда сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырушы сақтанушы мен сақтандырылушының алдында осы Заңда белгіленген талаптар бойынша міндетті болады.
Ескерту. 8-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.8-1-бап. Цифрлық ресурстар алмасу арқылы туристі міндетті сақтандыру шартын жасасу және сақтандыру жағдайларын реттеу кезінде сақтандырушы мен интернет-ресурстарға қойылатын талаптар
1. Туристі міндетті сақтандыру шартын электрондық нысанда жасасу және ол бойынша сақтандыру жағдайларын реттеу кезінде дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым, сақтандырушы мен сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) арасында цифрлық ресурстар алмасу үшін сақтандырушының интернет-ресурсы және (немесе) цифрлық жүйесі пайдаланылады.
Туристі міндетті сақтандыру шартын электрондық нысанда жасасу және сақтандыру жағдайын реттеу үшін өтініш беру кезінде сақтанушыдан мамандандырылған бағдарламалық қамтылымды пайдалану талап етілмейді.
Дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның интернет-ресурсында электрондық нысанда туристі міндетті сақтандыру шартын жасасу және сақтандыру жағдайларын реттеу үшін пайдаланылатын сақтандыру ұйымының интернет-ресурсына сілтеме орналастырылады.
2. Дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым мен сақтандырушы, сақтандырушы мен сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) арасында цифрлық ресурстар алмасу тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
3. Сақтандырушының интернет-ресурсын пайдалана отырып, туристі міндетті сақтандыру шартын жасасу және ол бойынша сақтандыру жағдайларын реттеу кезінде сақтандырушы:
1) сақтанушыға, сақтандырылушыға туристі міндетті сақтандыру шартын жасасу не оны жасасудан бас тарту (бас тарту себептерін көрсете отырып) туралы хабарламаны электрондық хабар түрінде дереу жөнелтуді;
2) реттеу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуды (бас тарту себептерін көрсете отырып) қоса алғанда, сақтандыру жағдайын реттеу процесінің негізгі кезеңдері туралы сақтанушыны (сақтандырылушыны) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен электрондық хабар түрінде хабардар етуді;
3) сақтанушының (сақтандырылушының) жасалған туристі міндетті сақтандыру шарты жөніндегі ақпаратты сақтандыру ұйымының интернет-ресурсында тексеру мүмкіндігін;
4) сақтанушының (сақтандырылушының, пайда алушының) туристі міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жағдайы жөніндегі ақпаратты сақтандыру ұйымының интернет-ресурсында тексеру мүмкіндігін;
5) сақтанушы, сақтандырылушы үшін сақтандырушының интернет-ресурсына тәулік бойы қолжетімділікті қамтамасыз ете отырып, электрондық нысанда туристі міндетті сақтандыру шартының және ол бойынша сақтандыру жағдайы жөніндегі ақпараттың сақталуын;
6) сақтанушыға (сақтандырылушыға, пайда алушыға):
туристі міндетті сақтандыру шартын жасасу;
туристі міндетті сақтандыру шартын мерзімінен бұрын тоқтату;
сақтандыру жағдайының (сақтандыру жағдайы ретінде қаралатын оқиғаның) басталғаны туралы хабардар ету;
осы Заңның 20-1-бабында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, туристі міндетті сақтандыру шартынан туындайтын дауларды реттеу үшін қажетті электрондық нысандағы ақпаратты (өтініштер, хабарламалар және (немесе) өзге де құжаттар, мәліметтер) жасау және сақтандырушыға жөнелту мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті.
Туристі міндетті сақтандыру шартын жасасу және ол бойынша сақтандыру жағдайларын реттеу туралы хабарлама дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымнан жіберіледі.
Туристі міндетті сақтандыру шартын жасасу және ол бойынша сақтандыру жағдайларын реттеу туралы хабарламалардың тәртібі мен мазмұнына қойылатын талаптарды уәкілетті орган айқындайды.
4. Егер туристі міндетті сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, туристі міндетті сақтандыру шартын цифрлық ресурстар алмасу арқылы жасасу кезінде сақтанушы сақтандыру шартын сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын төлеген кезден бастап жасады деп есептеледі.
5. Туристі міндетті сақтандыру шартын цифрлық ресурстар алмасу арқылы жасасу кезінде сақтанушы осы Заңда көзделген сақтандыру талаптарымен танысқаннан кейін сақтандыру сыйлықақысын төлейді, сол арқылы ол өзіне ұсынылған талаптармен қосылу шартын жасасуға келісетінін растайды.
6. Сақтандырушы сақтандырушының интернет-ресурсын пайдалана отырып, туристі міндетті сақтандыру шарттарын жасасу және олар бойынша сақтандыру жағдайларын реттеу мүмкіндігін тәулік бойы қамтамасыз етеді.
Ескерту. 3-тарау 8-1-баппен толықтырылды – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР 12.07.2022 № 138-VII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.9-бап. Туристі міндетті сақтандыру шартының қолданысы
1. Туристі міндетті сақтандыру шарты сақтандырылушы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткені туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің аумақтық бөлімшесі құрылымдық бөлімшесінің белгісін алған кезден бастап, сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын төлегеннен кейін күшіне енеді және тараптар үшін міндетті болады.
2. Туристі міндетті сақтандыру шартының қолданылу мерзімі туристік қызмет көрсетуге арналған шартта айқындалған сапар мерзімінен кем болмайды. Туристі міндетті сақтандыру шарты сақтандырылушы сақтандыру аумағынан шыққан кезде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезге дейін, бірақ турист рейстің кідіру себебінен шетелде қосымша мерзімге болған жағдайды қоспағанда, туристі міндетті сақтандыру шартында көрсетілген сақтандыру мерзімі аяқталған күннен кешіктірілмей қолданылады.
Туристі міндетті сақтандыру шарты бірінші басталған сақтандыру жағдайы бойынша өз қолданысын тоқтатпайды.
Сақтандырылушы Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде болған және туристік қызмет көрсетуге арналған шарт бойынша саяхат күндерінің саны көбейген кезде сақтанушы сақтандырылушының уақытша болатын елде (жерде) қосымша болу күндеріне туристі міндетті сақтандырудың жаңа шартын жасасады.
3. Туристі міндетті сақтандыру шартының қолданылу аумағы (сақтандыру аумағы) туристік қызметтер көрсету аумағы болып табылады.
Туристі сақтандырудың міндетті бағдарламалары бойынша сақтандыру аумағы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
Егер туристі міндетті сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, мыналар:
1) Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдары баруға ұсынбайтын аумақтар;
2) сақтандырылушының уақытша тұруға рұқсаты немесе сақтандыру аумағында 90 күннен астам үзіліссіз болуға рұқсат беретін өзге құжаты болатын мемлекеттер;
3) сақтандырылушы азаматы болып табылатын мемлекеттер сақтандыру аумағынан алып тастауға жатады.
Туристі міндетті сақтандыру шарты жасалғаннан кейін сақтандыру аумағы осы тармақтың үшінші бөлігінің 1) тармақшасында белгіленген алып тастауға жататын жағдайларда сақтандыру аумағын алып тастау туралы талап қолданылмайды.
Ескерту. 9-бап жаңа редакцияда – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 16.11.2020 № 375-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.10-бап. Туристі міндеттісақтандыру шартының қолданылуын тоқтату
Туристі міндетті сақтандыру шартының қолданылуы мына жағдайларда:
1) шарттың қолданылу мерзімі аяқталғанда;
2) шарт мерзімінен бұрын тоқтатылғанда;
3) сақтандырушы сақтандыру төлемін (сақтандыру төлемдерін) туристі міндетті сақтандыру шартында белгіленген сақтандыру сомасы мөлшерінде жүзеге асырғанда тоқтатылады.
11-бап. Туристі міндетті сақтандыру шартын мерзімінен бұрын тоқтату
1. Туристі міндетті сақтандыру шарты Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген жағдайларда мерзімінен бұрын тоқтатылады.
2. Егер туристі міндетті сақтандыру шартын мерзімінен бұрын тоқтату оның талаптарын сақтандырушының орындамау кінәсінен туындаса, соңғысы сақтанушыға ол төлеген сақтандыру сыйлықақысын толық қайтарады. Туристі міндетті сақтандыру шарты Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде көзделген мән-жайлар бойынша мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайларда сақтандырушының сақтандыру сыйлықақысының сақтандыру қолданыста болған уақытқа бара-бар бір бөлігін алуға құқығы бар.
Ескерту. 11-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.12-бап. Сақтанушының және сақтандырылушының құқықтары мен міндеттері
Ескерту. 12-баптың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Сақтанушының:
1) сақтандырушыдан туристі міндетті сақтандырудың талаптары мен тәртібін, туристі міндетті сақтандыру шарты бойынша өзінің құқықтары мен міндеттерін түсіндіруді талап етуге;
2) алып тасталды – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;3) алып тасталды – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
3-1) тармақша жаңа редакцияда көзделген – ҚР 16.01.2026 № 259-VIII (01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
3-1) туристі міндетті сақтандыру шартынан туындайтын мәселелерді реттеу үшін осы Заңның 20-1-бабында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып сақтандырушыға не сақтандыру омбудсманына немесе сотқа жүгінуге;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!4) тармақша жаңа редакцияда көзделген – ҚР 16.01.2026 № 259-VIII (01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
4) "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, өтінішті және қоса берілетін құжаттарды сақтандыру омбудсманына (тікелей сақтандыру омбудсманына, оның ішінде оның интернет-ресурсы арқылы не сақтандырушы арқылы, оның ішінде оның филиалы, өкілдігі, өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшесі, интернет-ресурсы арқылы) жіберуге;
5) туристі міндетті сақтандыру шартын мерзімінен бұрын тоқтатуға құқығы бар.
2. Сақтанушы:
1) тиісті лицензиясы бар сақтандырушымен туристі міндетті сақтандыру шартын жасасуға;
2) туристі міндетті сақтандыру шартында белгіленген мөлшерде, тәртіппен және мерзімдерде сақтандыру сыйлықақысын төлеуге;
3) сақтандыру жағдайының басталғаны туралы өзіне белгілі болған кезден бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде бұл туралы сақтандырушыны хабардар етуге (ауызша, жазбаша) міндетті. Ауызша нысандағы хабар кейіннен жазбаша расталуға тиіс;
4) туристі міндетті сақтандыру шартын жасасу кезінде сақтандырушыға туристі міндетті сақтандыру шартына енгізу үшін қажетті мәліметтерді ұсынуға;
5) өзіне сақтанушы шығу туризмі саласында туроператор қалыптастырған туристік өнімді өткізген тұлғаны сақтандырушымен осы тұлғаның пайдасына туристі міндетті сақтандыру шартын жасасу туралы хабардар етуге міндетті.
2-1. Сақтандырылушының:
1) туристі міндетті сақтандыру шартын жасасу үшін сақтандырушыны таңдауға;
2) сақтандыру сертификатын және қажет болған кезде сақтандыру полисін алуға;
3) сақтандырушыдан және (немесе) сақтанушыдан сақтандыру полисінде және сақтандыру сертификатында көрсетілген туристі міндетті сақтандыру талаптары мен тәртібін, өз құқықтары мен міндеттерін түсіндіруді талап етуге;
4) туристі міндетті сақтандыру шарты бойынша көрсетілетін қызметтер ұсынылмаған, толық немесе сапалы ұсынылмаған жағдайлар туралы сақтандырушыға хабар беруге;
5) сақтандырушы жүргізген сақтандыру төлемінің мөлшерімен танысуға;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!6) тармақша жаңа редакцияда көзделген – ҚР 16.01.2026 № 259-VIII (01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
6) туристі міндетті сақтандыру шартынан туындайтын мәселелерді реттеу үшін осы Заңның 20-1-бабында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып сақтандырушыға не сақтандыру омбудсманына немесе сотқа жүгінуге;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!7) тармақша жаңа редакцияда көзделген – ҚР 16.01.2026 № 259-VIII (01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
7) "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, өтінішті және қоса берілетін құжаттарды сақтандыру омбудсманына (тікелей сақтандыру омбудсманына, оның ішінде оның интернет-ресурсы арқылы не сақтандырушы арқылы, оның ішінде оның филиалы, өкілдігі, өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшесі, интернет-ресурсы арқылы) жіберуге;
8) осы Заңда көзделген жағдайларда сақтандыру төлемін алуға;
9) оларды жоғалтып алған жағдайда, сақтандыру сертификатының телнұсқасын және қажет болған кезде сақтандыру полисінің көшірмесін алуға құқығы бар.
2-2. Сақтандырылушы:
1) туристі міндетті сақтандыру шартын жасасу кезінде сақтанушыға туристі міндетті сақтандыру шартына енгізу үшін қажетті мәліметтерді ұсынуға;
2) сақтандыру полисінде және сақтандыру сертификатында көрсетілген туристі міндетті сақтандыру шарты бойынша талаптармен танысуға және оларды бұлжытпай сақтауға;
3) сақтандыру полисінің (ол болған кезде) және (немесе) сақтандыру сертификатының және сақтандыру жағдайына қатысты растайтын құжаттардың сақталуын қамтамасыз етуге;
4) сақтандыру жағдайынан болатын залалдарды азайту үшін шаралар қабылдауға;
5) сақтандыру жағдайы басталған кезде техникалық, медициналық және өзге де көмекті ұйымдастыру, іс-қимылдарды келісу және шығыстарды жүзеге асыру мақсатында болған жағдай туралы ассистанс компанияны сақтандыру сертификатында көрсетілген байланыстың кез келген қолжетімді тәсілімен жеке өзі немесе өкілі арқылы дереу хабардар етуге, ассистанс компанияға сақтандыру сертификаты және (немесе) сақтандыру полисі туралы деректерді хабарлауға;
6) сақтандыру жағдайы басталған кезде ассистанс компанияның, сақтандырушының және өзге де құзыретті тұлғалардың, уақытша болатын елдің (жердің) билік органдарының ұсынымдарын, нұсқауларын орындауға;
7) сақтандыру жағдайынан келтірілген зиянның сипаты мен мөлшерлері туралы мән-жайларды анықтау үшін қажетті қолда бар құжаттарды сақтандырушыға ұсынуға;
8) шұғыл жағдайда медициналық көмек алған және дәлелді себептермен ассистанс компанияны басталған сақтандыру жағдайы туралы дереу хабардар ету мүмкіндігі болмаған кезде ассистанс компанияға болған жағдай туралы екі тәулік ішінде не алғашқы мүмкіндік болған кезде хабар беруге;
9) сақтандырушының сұрау салуы бойынша шет тіліндегі құжаттарды қазақ немесе орыс тіліндегі нотариат куәландырған аудармасымен бірге ұсынуға;
10) сақтандыру жағдайының басталуына жауапты тұлғаға кері талап қою құқығының сақтандырушыға өтуін қамтамасыз етуге міндетті.
3. Туристі міндетті сақтандыру шартында сақтанушының және сақтандырылушының Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне қайшы келмейтін басқа да құқықтары мен міндеттері көзделуі мүмкін.
Ескерту. 12-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізілдеді); 10.01.2018 № 134-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.13-бап. Сақтандырушының құқықтары мен міндеттері
1. Сақтандырушы:
1) туристі міндетті сақтандыру шартын жасасу кезінде сақтанушыдан туристі міндетті сақтандыру шартына енгізу үшін қажетті сақтандырылушы туралы мәліметтерді ұсынуды талап етуге;
2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен тиісті мемлекеттік органдар мен ұйымдардан, олардың құзыретіне орай, сақтандыру жағдайының басталу фактісіне және сақтандыру жағдайының басталуы нәтижесінде келтірілген зиянның мөлшерін анықтауға байланысты құжаттар мен мәліметтерді сұратуға;
3) сақтандырылушылардың осы Заңда көрсетілген сақтандыру жағдайларының басталуы салдарынан келтірілген зиянды өтеу туралы талаптарына байланысты мәселелерді реттеуге қатысуға;
4) осы Заңның 19-бабында көзделген жағдайларда, зиян келтіргені үшін жауапты тұлғаға кері талап құқығын қоюға;
5) осы Заңның 20-бабында көзделген негіздер бойынша сақтандыру төлемін толық немесе ішінара жүзеге асырудан бас тартуға құқылы.
2. Сақтандырушы:
1) сақтанушыны міндетті сақтандыру талаптарымен және тәртібімен, оның ішінде тараптардың туристі міндетті сақтандыру шартынан туындайтын құқықтарымен және міндеттерімен таныстыруға;
2) туристі міндетті сақтандыру шартын жасасқан кезде сақтандыру полисін және сақтандыру сертификатын ресімдеуге;
2-1) туристі міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандырып қорғаудың қолданысы кезеңінде басталған сақтандыру жағдайы (сақтандыру жағдайы ретінде қаралатын оқиға) туралы хабардар етілген кезінде оны уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісіне сәйкес дереу тіркеуге және осы сақтандыру жағдайы (сақтандыру жағдайы ретінде қаралатын оқиға) бойынша мәліметтерді дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымға ұсынуға;
3) сақтандыру жағдайы басталған кезде осы Заңда көзделген тәртіппен және шарттармен сақтандыру төлемін жүргізуге;
4) сақтандыру жағдайының басталу фактісін және сақтандырушы өтеуге тиісті зиянның мөлшерін растайтын құжаттар жеткіліксіз болған кезде оларды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жетіспейтін және (немесе) дұрыс ресімделмеген құжаттардың толық тізбесін көрсете отырып, бұл туралы өтініш берушіге хабарлауға;
4-1) сақтанушыдан, сақтандырылушыдан (пайда алушыдан) өтінішті алған кезде бес жұмыс күні ішінде сақтанушының, сақтандырылушының (пайда алушының) талаптарын қарауға және дауды одан әрі реттеу тәртібін көрсете отырып, жазбаша жауап беруге;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!4-2) тармақша жаңа редакцияда көзделген – ҚР 16.01.2026 № 259-VIII (01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
4-2) сақтанушыдан, сақтандырылушыдан (пайда алушыдан) сақтандыру омбудсманына жіберілетін өтінішті алған кезде осы өтінішті, сондай-ақ оған қоса берілетін құжаттарды сақтандыру омбудсманына алынған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде қайта жіберуге;
4-3) сақтандырылушыдан осы Заңның 18-бабында көзделген құжаттарды алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде сақтандыру төлемінің мөлшерін айқындауға және сақтандырылушыға танысуға ұсынуға;
5) сақтандыру құпиясын қамтамасыз етуге;
6) сақтандырылушыға сақтандыру жағдайы кезінде залалдарды болғызбау немесе азайту мақсатында шеккен шығыстарын өтеуге;
7) туристі міндетті сақтандыру шарты шеңберінде ассистансты қамтамасыз етуге міндеттенетін бір және (немесе) бірнеше ассистанс компаниямен шарттар жасасуға міндетті.
3. Туристі міндетті сақтандыру шартында сақтандырушының Қазақстан Республикасының заң актілеріне қайшы келмейтін өзге де құқықтары мен міндеттері көзделуі мүмкін.
Ескерту. 13-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.4-тарау. Сақтандыру сомасы және сақтандыру сыйлықақысы
14-бап. Сақтандырушы жауапкершілігінің шегі
1. Сақтандыру бағдарламалары бойынша сақтандырушы жауапкершілігінің шекті көлемі (сақтандыру сомасы), әрбір сақтандыру жағдайы бойынша өтеуге жататын шығыстардың түрлері осы Заңға қосымшада белгіленген.
2. Сақтандырушы жауапкершілігінің шекті көлемі (сақтандыру сомасы) Америка Құрама Штаттарының (бұдан әрі – АҚШ) долларымен белгіленеді. Сақтандыру төлемінің мөлшерін есептеу үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі сақтандыру төлемін жүзеге асыру күніне белгілеген бағам бойынша АҚШ доллары пайдаланылады.
Халықаралық шарттарда, уақытша болатын елдің (жердің) заңнамасында, туристі міндетті сақтандыру шартында көзделген жағдайларда сақтандырылушының өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу бойынша сақтандырушы жауапкершілігінің шекті көлемдері еуромен белгіленеді.
3. Залалдарды болғызбау немесе азайту мақсатында сақтандырылушы шеккен шығыстарды сақтандырушы, тіпті, егер тиісті шаралар сәтті болмаса да, егер осындай шығыстар сақтандырушының нұсқауларын орындау үшін қажет болса немесе жүргізілген болса, өтеуге тиіс.
Мұндай шығыстар нақты мөлшерде өтеледі, бұл ретте сақтандыру төлемі мен шығыстар өтемақысының жалпы сомасы туристі міндетті сақтандыру шартында белгіленген сақтандыру сомасынан аспауға тиіс. Егер шығыстар сақтандырушының нұсқауларын сақтандырылушының орындауы салдарынан туындаған болса, олар туристі міндетті сақтандыру шарты бойынша оған тиесілі болатын сақтандыру сомасына қарамастан, толық мөлшерде өтеледі.
Көрсетілген шығыстарды сақтандырушы шығыс шеккен тұлғаға тікелей өтейді.
Ескерту. 14-бап жаңа редакцияда – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.15-бап. Сақтандыру сыйлықақысының мөлшері
1. Туристі міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысының мөлшері әрбір сақтандырылушы бойынша әрбір күн үшін жеке есептеледі және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі сақтандыру шарты жасалған күнге белгілеген бағам бойынша АҚШ долларымен бір сапар үшін төмендегідей мөлшерлерді құрайды:
Сапар күндерінің саны | 1-бағдарлама | 2-бағдарлама | 3-бағдарлама |
10 күнге дейін | 1,12 | 1,51 | 1,83 |
11 күннен 20 күнге дейін | 1,12 | 1,48 | 1,70 |
21 күннен 40 күнге дейін | 1,12 | 1,43 | 1,59 |
41 күннен 60 күнге дейін | 1,03 | 1,40 | 1,53 |
61 күннен 90 күнге дейін | 1,03 | 1,35 | 1,48 |
91 күн және одан көп | 0,95 | 1,30 | 1,40 |
Сақтандыру сыйлықақысын есептеу мақсаттары үшін жолда болу уақытын қоса алғанда, сақтандырылушының уақытша болатын елдің (жердің) аумағында болатын күндердің саны (мерзім) пайдаланылады.
Туристі міндетті сақтандыру шартында сақтандырылушының өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу бойынша сақтандырушы жауапкершілігінің шекті көлемдері еуромен белгіленген кезде халықаралық шарттарда, уақытша болатын елдің (жердің) заңнамасында көзделген жағдайларда, сақтандыру сыйлықақысының мөлшері әрбір сақтандырылушы бойынша жеке есептеледі және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі сақтандыру шарты жасалған күнге белгілеген бағам бойынша еуромен жоғарыда көрсетілген мөлшерлерді құрайды.
2. Туристі міндетті сақтандыру шартын жасасқан кезде сақтандырушы осы баптың 1-тармағында көзделген сақтандыру сыйлықақысының мөлшерін сақтандыру тәуекеліне өзі жүргізген бағалау нәтижелері бойынша ұлғайта алады, бірақ ол екі еседен аспауға тиіс.
Ескерту. 15-бап жаңа редакцияда – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.16-бап. Сақтандыру сыйлықақысын төлеу тәртібі
1. Сақтандыру сыйлықақысын сақтанушы біржолғы төлеммен төлейді.
2. Сақтандырушы сақтандыру сыйлықақысын сақтандырушының интернет-ресурсы арқылы қолма-қол ақшасыз тәсілмен төлеу мүмкіндігін береді.
Ескерту. 16-бап жаңа редакцияда – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.5-тарау. Сақтандыру жағдайы және сақтандыру төлемі
17-бап. Сақтандыру жағдайы және сақтандыру төлемінің мөлшерін айқындау
1. Туристі міндетті сақтандыру шарты күшіне енгеннен кейін басталған мынадай оқиғалар:
1) сақтандыру аумағында болған, сақтандырылушының қайтыс болуына не оның денсаулығына зиян келтіруге алып келген жазатайым оқиға сақтандыру жағдайы деп танылады.
Жазатайым оқиға деп сақтандырылушыға қатысты аяқ астынан, күтпеген жерден орын алған, қасақана болмаған сыртқы оқиға немесе әсер ету түсініледі;
2) денсаулығына елеулі зиянды болғызбау немесе өміріне төнген қауіпті жою үшін сақтандырылушыға шұғыл және кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсетуді талап ететін, кенеттен қатты ауыру, денсаулық жағдайының күрт нашарлауы және (немесе) созылмалы ауруының асқынуы сақтандыру жағдайы деп танылады.
2. Сақтандырушы сақтандыру төлемінің мөлшерін сақтандырылушының іс жүзіндегі шығыстарының сомасын негізге ала отырып, сақтандырылушы не ассистанс компания ұсынған, осы шығыстарды растайтын құжаттар негізінде айқындайды.
Ескерту. 17-бап жаңа редакцияда – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.18-бап. Сақтандыру төлемін жүзеге асыру шарттары мен тәртібі
1. Сақтандырылушы не сақтандырылушыға ассистанс берілген кезде ассистанс компания сақтандырушыға сақтандыру төлемі туралы талапты сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды қоса бере отырып, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісіне сәйкес жазбаша нысанда, оның ішінде сақтандырушының интернет-ресурсы арқылы қояды.
Өтініш беруші сақтандырушының талап етуі бойынша сақтандырушы қол жеткізе алатын мемлекеттік органдардың дерекқорларында және (немесе) цифрлық жүйелерінде электрондық нысанда бар құжаттарды қоспағанда, сақтандырушыға сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін қажетті құжаттардың түпнұсқаларын беруге міндетті.
2. Сақтандыру төлемі туралы өтінішке мынадай құжаттар:
1) сақтандырылушының жеке басын куәландыратын құжатының немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің аумақтық бөлімшесі құрылымдық бөлімшесінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткені туралы белгісі бар паспортының және (немесе) сақтандырылушының сақтандыру аумағында болуына негіз болып табылатын құжаттың көшірмесі;
2) сақтандыру жағдайының басталу фактісін және сақтандырылушының өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянның мөлшерін растайтын құжаттың түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі, оның ішінде:
медициналық көмекке өтініш жасаған күні, сақтандырылушының медициналық көмекке өтініш жасаған кездегі денсаулық жағдайы, диагнозы, дәрігердің тағайындауы (рецепті) туралы, жүргізілген медициналық манипуляциялар және саны, күні мен құны бойынша бөліне отырып, берілген дәрілік заттар туралы мәліметтерді қамтитын, медициналық мекеменің және дәрігердің мекенжайы мен байланыс деректері көрсетілген медициналық құжаттар;
сомасы, валютасы, төлеу күні көрсетіле отырып, сақтандыру жағдайының басталуы салдарынан сақтандырылушыға көрсетілген медициналық және өзге де қызметтердің ақысын төлеу фактісін растайтын құжаттар;
атауы, саны мен құны көрсетіле отырып, тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу фактісін растайтын құжаттар (тауар чектері, шот-фактуралар, ақы төлеу туралы квитанциялар және өзге де құжаттар);
жазатайым оқиға болған кезде – сақтандырылушының психикалық белсенді заттарды тұтыну фактісін және масаң күйін анықтау бойынша медициналық құжаттар;
жазатайым оқиға болған кезде – жазатайым оқиға фактісін және оның орын алу мән-жайын растайтын құқық қорғау, сот органдарының және өзге де құзыретті органдардың құжаттары;
сақтандырылушы қайтыс болған жағдайда – қайтыс болуы туралы куәліктің көшірмесі немесе хабарлама, сот-медициналық сараптаманың қорытындысы немесе патологиялық-анатомиялық ашып қарау хаттамасы;
уақытша болатын елде (жерде) мәжбүрлі түрде анағұрлым ұзақ мерзім болған кезде не сақтандыру жағдайының басталуы салдарынан Қазақстан Республикасының аумағына мерзімінен бұрын оралған кезде – жол жүру құжаттарының (билеттер, отырғызу талондары) күшін жоюды немесе оларды ауыстыруды, қонақ үйде брондалған нөмірден, сондай-ақ шетелде болған мерзімнің пайдаланылмаған бөлігі үшін сақтандырылушыға ұсынылған басқа да туристік көрсетілетін қызметтерден бас тартуды растайтын құжаттар;
сақтандырылушының кәмелетке толмаған балаларын және (немесе) жақын туыстарын тасыған кезде – жол жүру құжаттары (билет, отырғызу талондары);
сақтандыру сертификатында немесе сақтандыру полисінде көрсетілген телефон нөмірлері бойынша сақтандырушыға және ассистанс компанияға телефон соғудың, хабарлардың жүзеге асырылғанын растайтын құжаттар;
залалдарды болғызбау және азайту бойынша шаралар қабылдауға байланысты шығыстарды растайтын құжаттар;
пайда алушының жеке басын және құқықтарын растайтын құжаттар, қажет болған кезде, ұсынылады.
3. Құжаттарды қабылдаған сақтандырушы өтініш берушіге ұсынылған құжаттардың толық тізбесін және олар қабылданған күнді көpceтe отырып, анықтама беруге міндетті.
Өтініш беруші сақтандыру төлемі туралы өтінішті электрондық тәсілмен жөнелткен жағдайда сақтандырушы оған осы анықтаманы электрондық нысанда ұсына алады.
4. Сақтандыру төлемін жүзеге асырған кезде сақтандырушы сақтандырылушыдан (пайда алушыдан) оның сақтандырушыға талап қою құқығын шектейтін шарттарды қабылдауын талап етуге құқылы емес.
5. Сақтандырылушы айқындаған тұлға, ал сақтандырылушы қаза тапқан кезде оның мұрагерлері пайда алушы болып табылады.
6. Сақтандырушы сақтандыру төлемін:
осы баптың 2-тармағында көзделген құжаттарды алған күнінен бастап он бес жұмыс күнінен кешіктірмей, сақтандыру жағдайының басталуы және ассистанс компанияны дәлелді себептермен бұл туралы хабардар етпей сақтандырылушының шұғыл жағдайда медициналық көмек алуы салдарынан сақтандырылушының шығыстарын өтеу;
ассистанс компаниямен келісу бойынша сақтандырылушыға медициналық және өзге де мекеме көрсеткен қызметтер құнын уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен төлеу арқылы жүргізеді.
7. Сақтандыру төлемінің мөлшеріне туристі міндетті сақтандыру шартының тараптары немесе пайда алушы дау айтқан жағдайларда, сақтандырушы сақтандыру төлемін осы баптың 6-тармағында белгіленген мерзім ішінде, аталған тұлғалардың бірде-біреуі дау айтпайтын бөлігінде жүзеге асыруға міндетті.
Сақтандыру төлемінің дау айтылатын бөлігін сақтандырушы соттың татуласу келісімі туралы ұйғарымы немесе, егер сот шешімді дереу орындауға жібермесе, соттың осы дау бойынша шешімі заңды күшіне енген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде төлеуге тиіс.
8. Туристі міндетті сақтандыру шарты қолданылатын кезеңде келтірілген зиян үшін сақтандыру төлемі туралы талап сақтандырушыға сақтандыру жағдайы басталған кезден бастап үш жыл ішінде қойылуы мүмкін.
9. Сақтандырушы сақтандыру төлемі уақтылы жүзеге асырылмаған кезде сақтандырылушыға (пайда алушыға) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде (Жалпы бөлім) белгіленген тәртіппен және мөлшерде тұрақсыздық айыбын төлеуге міндетті.
Ескерту. 18-бап жаңа редакцияда – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 16.11.2020 № 375-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.19-бап. Зиян келтірген тұлғаға кері талап қою құқығы
Сақтандыру төлемін жүзеге асырған сақтандырушыға сақтандырылушының өмірі мен денсаулығына зиян келтіруге кінәлі тұлғаға кері талап қою құқығы төленген сома шегінде өтеді.
Ескерту. 19-бап жаңа редакцияда – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.20-бап. Сақтандырушыны сақтандыру төлемін жүзеге асырудан босату негіздері
1. Сақтандырушы, егер сақтандыру жағдайы:
1) сақтандырылушының сақтандыру жағдайын туындатуға бағытталған не оның басталуына ықпал ететін қасақана әрекеттерінің;
2) сақтандырылушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сақтандыру жағдайымен себепті байланыстағы қасақана қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар деп танылған әрекеттерінің салдарынан болса, сақтандыру төлемін жүзеге асырудан толық немесе ішінара бас тартуға құқылы.
2. Сақтандырушының сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тартуы үшін:
1) сақтандырылушының залал келтіруге кінәлі тұлғадан залалдың тиісті өтемін алуы;
2) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізілдеді) Заңымен;
3) еңсерілмейтін күш жағдайлары;
4) әрбір жеке сақтандыру жағдайы бойынша іс жүзінде шеккен шығыстар негізге алына отырып ұсынылатын құжаттарды қоспағанда, сақтандырылушының осы Заңның 18-бабының 2-тармағына сәйкес сақтандыру төлемі туралы өтінішке қоса берілетін құжаттарды сақтандырушыға толық көлемде ұсынбауы;
5) сақтандырушының сақтандыру сомасы мөлшерінде сақтандыру төлемін жүзеге асыруы;
6) Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 839-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген негіздер негіз бола алады.
2-1. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделген негіздерден басқа, сақтандырушы мынадай:
1) сақтандырылушы кәсіби спортпен айналысқан;
2) сақтандырылушының мынадай:
емдеуші дәрігердің нұсқамасы бойынша дәрілік заттарды тұтыну;
құқық қорғау органы және (немесе) сот анықтаған, есірткі, уытқұмарлық заттарды мәжбүрлі түрде тұтыну не олардың күштеп енгізілу жағдайларын қоспағанда, алкогольдік, сондай-ақ есірткілік немесе уытқұмарлық масаң күйдің ауыр дәрежесінде болуы салдарынан басталған оқиға;
3) сақтандырылушы уақытша болатын елден (жерден) Қазақстан Республикасына медициналық тасымалдаудан немесе сақтандырылушы сақтандыру жағдайы бойынша өтініш жасауға байланысты алған емдеуші дәрігердің нұсқамаларын орындаудан ерікті түрде бас тартқан жағдайларда, сақтандыру төлемін жүзеге асырудан босатылады.
3. Алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V(01.01.2015 бастап қолданысқа енгізілдеді) Заңымен.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!4-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР 16.01.2026 № 259-VIII (01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
4. Сақтандырушы сақтандыру төлемінен бас тарту үшін негіздер бар кезде, осы Заңның 18-бабында көзделген құжаттарды алған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде сақтандыру төлемі туралы өтініш берген тұлғаға бас тарту себептерінің уәжді негіздемесімен және сақтанушының (сақтандырылушының, пайда алушының) Қазақстан Республикасы заңнамасының ерекшеліктерін ескере отырып, келіспеушіліктерді реттеу үшін сақтандыру омбудсманына жүгіну құқығы туралы хабарламамен сақтандыру төлемінен толық немесе ішінара бас тарту туралы тиісті шешімді жазбаша нысанда жіберуге міндетті.
5. Сақтандырушының осы бапта көзделмеген негіздер бойынша сақтандыру төлемінен бас тартуға құқығы жоқ.
Ескерту. 20-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2014 № 227-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізілдеді); 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.ЗҚАИ-ның ескертпесі!
20-1-бап жаңа редакцияда көзделген – ҚР 16.01.2026 № 259-VIII (01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
20-1-бап. Туристі міндетті сақтандыру жөніндегі дауларды реттеу ерекшеліктері
1. Туристі міндетті сақтандыру шартынан туындайтын дау болған кезде сақтанушы, сақтандырылушы (пайда алушы):
талаптарын көрсетіп және өзінің талабын растайтын құжаттарды қоса бере отырып, жазбаша өтінішін сақтандырушыға (оның ішінде сақтандырушының филиалы, өкілдігі, интернет-ресурстарыарқылы) жіберуге не "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, туристі міндетті сақтандыру шартынан туындайтын дауларды реттеу үшін өтінішін сақтандыру омбудсманына (тікелей сақтандыру омбудсманына, оның ішінде оның интернет-ресурсы арқылы не сақтандырушы арқылы, оның ішінде оның филиалы, өкілдігі, өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшесі, интернет-ресурсы арқылы) немесе сотқа жіберуге құқылы.
2. Сақтандырушы сақтанушыдан, сақтандырылушыдан (пайда алушыдан) өтінішті алған кезде оны бес жұмыс күні ішінде қарайды және дауды одан әрі реттеу тәртібін көрсете отырып, жазбаша жауап береді.
3. Сақтанушы, сақтандырылушы (пайда алушы) сақтандыру омбудсманына өтініш жасаған жағдайда, сақтандырушы сақтанушының, сақтандырылушының (пайда алушының), сақтандыру омбудсманының сұрау салуы бойынша дауды қарауға және шешуге қатысы бар құжаттарды сұрау салу алынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ұсынуға міндетті.
Ескерту. 5-тарау 20-1-баппен толықтырылды – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.6-тарау. Қорытынды ережелер
21-бап. Дауларды қарау тәртібі
Туристі міндетті сақтандыру шартынан туындайтын даулар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен қаралады.
22-бап. Туристі міндетті сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының заңдарын бұзғаны үшін жауаптылық
Туристі міндетті сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының заңдарын бұзуға кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
|
Қазақстан Республикасының Президенті |
| "Туристі міндетті сақтандыру туралы" 2003 жылғы 31 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына қосымша |
ТУРИСТІ МІНДЕТТІ САҚТАНДЫРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ
Ескерту. Заң қосымшамен толықтырылды – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
р/с | Сақтандыру жағдайы ретінде танылатын оқиғалар және өтеуге жататын шығыс түрлері | Сақтандырушы жауапкершілігінің шекті көлемі (сақтандыру сомасы) (АҚШ долларымен/еуромен) | ||
1-бағдарлама | 2-бағдарлама | 3-бағдарлама | ||
1. | Жазатайым оқиға: | |||
1.1 |
медициналық көрсетілетін қызметтерге, емдеуші дәрігер тағайындаған диагностикалық зерттеулерге, дәрілік заттарға, таңу құралдарына және бекіту құралдарына (гипс, бандаж) жұмсалатын шығыстарды қоса алғанда, стационарлық және амбулаториялық емдеу бойынша шығыстар; | 10 000 | 30 000 | 50 000 |
1.2 | жазатайым оқиға салдарынан болған жарақат алу нәтижесінде стоматологиялық қарап-тексеруге, рентгендік зерттеуге, тістерді жұлуға немесе пломбалауға жұмсалатын шығыстар; | 100 | 300 | 300 |
1.3 | егер сақтандырылушының денсаулық жағдайын емдеуші дәрігер мен ассистанс компанияның медициналық өкілі ауыр, өміріне қауіп төндіретін деп бағаласа және медициналық мекемеде болу мерзімі күнтізбелік он күннен асатын болса, жалғыз немесе кәмелетке толмаған балаларымен саяхаттап жүрген сақтандырылушының стационарлық емделу орнына кәмелетке толған бір жақын туысының жол жүру құжатына (билетіне) жұмсалатын шығыстар; | 800 | 1000 | 1200 |
1.4 | сақтандырылушымен болған сақтандыру жағдайының салдарынан сақтандыру аумағында қараусыз қалған сақтандырылушының кәмелетке толмаған балаларын, егде жастағы жақын туыстарын тасу үшін ақы төлеуге жұмсалатын шығыстар; | 800 | 1000 | 1200 |
1.5 |
сақтандырушының, ассистанс компанияның атына жүзеге асырылатын хабарламаларға, телефон қоңырауларына және өзге де көрсетілетін байланыс қызметтеріне ақы төлеуге жұмсалатын шығыстар; | 800 | 1 000 | 1 200 |
2. | Денсаулығына елеулі зиянды болғызбау немесе өміріне төнген қауіпті жою үшін сақтандырылушыға шұғыл және кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсетуді талап ететін кенеттен қатты ауыру, денсаулық жағдайының күрт нашарлауы және (немесе) созылмалы ауруының асқынуы: | |||
2.1 |
медициналық көрсетілетін қызметтерге, емдеуші дәрігер тағайындаған диагностикалық зерттеулерге, дәрілік заттарға, таңу құралдарына және бекіту құралдарына (гипс, бандаж) жұмсалатын шығыстарды қоса алғанда, стационарлық және амбулаториялық емдеу бойынша шығыстар; | 10 000 | 30 000 | 50 000 |
2.2 | медициналық көрсетілетін қызметтерге, жүктілік кезінде асқыну болған жағдайда сақтандырылушыны шұғыл және кезек күттірмейтін мән-жайлар бойынша медициналық мекемеге тасуға жұмсалатын шығыстарды қоса алғанда, амбулаториялық емдеу бойынша шығыстар; | 300 | 500 | 600 |
2.3 | егер сақтандырылушының денсаулық жағдайын емдеуші дәрігер мен ассистанс компанияның медициналық өкілі ауыр, өміріне қауіп төндіретін деп бағаласа және медициналық мекемеде болу мерзімі күнтізбелік он күннен асатын болса, жалғыз немесе кәмелетке толмаған балаларымен саяхаттап жүрген сақтандырылушының стационарлық емделу орнына кәмелетке толған бір жақын туысының жол жүру құжатына (билетіне) жұмсалатын шығыстар; | 800 | 1000 | 1200 |
2.4 | сақтандырылушымен болған сақтандыру жағдайының салдарынан сақтандыру аумағында қараусыз қалған сақтандырылушының кәмелетке толмаған балаларын, егде жастағы жақын туыстарын тасу үшін ақы төлеуге жұмсалатын шығыстар; | 800 | 1000 | 1200 |
2.5 |
сақтандырушының, ассистанс компанияның атына жүзеге асырылатын хабарламаларға, телефон қоңырауларына және өзге де көрсетілетін байланыс қызметтеріне ақы төлеуге жұмсалатын шығыстар; | 800 | 1 000 | 1 200 |
