Самар ауданы мәслихатының "Самар ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" 2024 жылғы 2 сәуірдегі № 10-10/VIII шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданы мәслихатының 2026 жылғы 5 ақпандағы № 28-3/VIII шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 6 ақпанда № 37951 болып тіркелді

      Самар ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Самар ауданы мәслихатының "Самар ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" 2024 жылғы 2 сәуірдегі №10-10/VIII (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8996-16 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Самар ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен Қағидаларын бекіту туралы";

      көрсетілген шешімнің 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Самар ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен Қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген шешіммен бекітілген Самар ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібінде:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Самар ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен қағидалары";

      4 тармақтың 2-абзацы алынып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:

      "4-1. Тұрғын үй көмегінің мөлшерін Қағидаға сәйкес нормативтер шегінде уәкілетті орган есептейді".

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Тұрғын үй көмегін алу үшін аз қамтылған отбасы (азамат) (немесе оның сенімхатқа, заңдарға, сот шешіміне не әкімшілік құжатқа негізделген өкілі) тоқсанына бір рет Қағидаға сәйкес "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) немесе "электрондық үкімет" веб-порталына жүгінеді.

      Мемлекеттік корпорациядан құжаттардың толық жиынтығын қабылдаған күннен бастап құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау не бас тарту туралы дәлелді жауап не "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы беру мерзімі 6 (алты) жұмыс күнін құрайды."

      2. Шығыс Қазақстан облысы "Самар ауданы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Самар ауданы мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Самар ауданы мәслихатының төрағасы Г. Шаймарданова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады