"Отырар ауданында салық салу объектісінің елдi мекендерінде орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициентін бекіту туралы" Отырар ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 20 қарашадағы № 247 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Түркістан облысы Отырар ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 8 қаңтардағы № 2 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 9 қаңтарда № 37825 болып тiркелдi

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27 бабына сәйкес, Отырар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Отырар ауданында салық салу объектісінің елдi мекендерінде орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициентін бекіту туралы" Отырар ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 20 қарашадағы № 247 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6404-13 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2. "Отырар ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін оның Отырар ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Отырар ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Отырар ауданының әкімі К. Жолдыбай

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады