"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27 бабына сәйкес, Отырар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Отырар ауданында салық салу объектісінің елдi мекендерінде орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициентін бекіту туралы" Отырар ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 20 қарашадағы № 247 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6404-13 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. "Отырар ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін оның Отырар ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Отырар ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Отырар ауданының әкімі | К. Жолдыбай |