Ескерту. 01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі – осы шешімнің 2-тармағымен.
Қазақстан Республикасы "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Күші жойылған деп танылсын:
1) "Қызылжар ауданы бойынша жер салығының мөлшерлемерін арттыру туралы" 2018 жылғы 29 қарашадағы № 35/10 Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5024 болып тіркелген);
2) "Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының 2018 жылғы 29 қарашадағы № 35/10 "Қызылжар ауданы бойынша жер салығының мөлшерлемерін арттыру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2021 жылғы 24 желтоқсандағы № 11/5 Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26057 болып тіркелген).
2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
|
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының төрағасы |
Ж. Елеусизов |
