Павлодар облысы Ертіс аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облысы Ертіс аудандық мәслихатының 2026 жылғы 9 маусымдағы № 175-57-8 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 11 маусымда № 38943 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27- бабының 1-тармағына сәйкес Павлодар облысы Ертіс аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Павлодар облысы Ертіс аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ертіс аудандық мәслихатының төрағасы Б. Шингисов

  Ертіс аудандық
мәслихатының 2026 жылғы
9 маусымдағы № 175-57-8
шешіміне қосымша

Павлодар облысы Ертіс аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Ертіс ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" Павлодар облысы Ертіс аудандық мәслихатының 2023 жылғы 10 қарашадағы № 35-10-8 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7414-14 болып тіркелген).

      2. Ертіс аудандық мәслихатының 2023 жылғы 10 қарашадағы № 35-10-8 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Ертіс ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Павлодар облысы Ертіс аудандық мәслихатының 2024 жылғы 31 шілдедегі № 82-23-8 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7587-14 болып тіркелген).

      3. Ертіс аудандық мәслихатының 2023 жылғы 10 қарашадағы № 35-10-8 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Ертіс ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" Павлодар облысы Ертіс аудандық мәслихатының 2024 жылғы 9 желтоқсандағы № 105-28-8 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7622-14 болып тіркелген).

      4. Ертіс аудандық мәслихатының 2023 жылғы 10 қарашадағы № 35-10-8 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Ертіс ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Павлодар облысы Ертіс аудандық мәслихатының 2025 жылғы 10 сәуірдегі № 119-32-8 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7652-14 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады