Павлодар қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 2026 жылғы 3 маусымдағы № 321/42 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 4 маусымда № 38902 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Павлодар қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Павлодар қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

      1) Павлодар қалалық мәслихатының 2019 жылғы 26 наурыздағы "Павлодар қаласының Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемесінің жоғарылату туралы" № 363/50 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6279 болып тіркелген);

      2) Павлодар қалалық мәслихатының 2021 жылғы 30 наурыздағы "Автотұрақтар (паркингтер) санаттарын белгілеу және автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге базалық салық мөлшерлемелерін ұлғайту туралы" № 9/2 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7239 болып тіркелген).

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Павлодар қалалық маслихатының төрағасы Қ. Кожин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады