Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Павлодар қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Павлодар қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) Павлодар қалалық мәслихатының 2019 жылғы 26 наурыздағы "Павлодар қаласының Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемесінің жоғарылату туралы" № 363/50 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6279 болып тіркелген);
2) Павлодар қалалық мәслихатының 2021 жылғы 30 наурыздағы "Автотұрақтар (паркингтер) санаттарын белгілеу және автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге базалық салық мөлшерлемелерін ұлғайту туралы" № 9/2 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7239 болып тіркелген).
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Павлодар қалалық маслихатының төрағасы | Қ. Кожин |