Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 26 наурыздағы № 51 "Денисов ауданының коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының таза табысының бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы" қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 15 қаңтардағы № 6 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 19 қаңтарда № 37857 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Денисов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Денисов ауданының коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының таза табысының бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы" Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 26 наурыздағы № 51 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7707 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2. "Денисов ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін оның Денисов ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Денисов ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Р. Катпаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады