"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Денисов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Денисов ауданының коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының таза табысының бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы" Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 26 наурыздағы № 51 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7707 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. "Денисов ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін оның Денисов ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Денисов ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімі | Р. Катпаев |