"Арқалық қаласының коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы" Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 65 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімдігінің 2026 жылғы 10 ақпандағы № 120 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 12 ақпанда № 37971 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес Қостанай облысы Арқалық қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Арқалық қаласының коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы" Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 65 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7613 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2. "Арқалық қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Арқалық қаласының әкімі А. Асанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады