"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес Қостанай облысы Арқалық қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Арқалық қаласының коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы" Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 65 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7613 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. "Арқалық қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Арқалық қаласының әкімі | А. Асанов |