"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес Қарағанды облысының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қарағанды облыстық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылсын:
1) "Қарағанды облысының Құрмет грамотасымен наградтау туралы Ережені бекіту" 2016 жылғы 29 қыркүйектегі № 86 Қарағанды облыстық мәслихатының шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4007 болып тіркелді);
2) "Қарағанды облыстық мәслихатының 2016 жылғы 29 қыркүйектегі IV сессиясының № 86 "Қарағанды облысының Құрмет грамотасымен наградтау туралы Ережені бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" 2023 жылғы 22 қарашадағы № 114 Қарағанды облыстық мәслихатының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6524-09 болып тіркелді).
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Облыстық мәслихат төрағасы | Н. Кобжанов |
