Жетісу облысы Панфилов аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Жетісу облысы Панфилов аудандық мәслихатының 2026 жылғы 26 тамыздағы № 8-66-298 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылы 27 тамызда № 39699 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Жетісу облысы Панфилов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Жетісу облысы Панфилов аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Панфилов аудандық мәслихатының төрағасы Е.Шокпаров

  Панфилов аудандық
мәслихатының 2026 жылғы
26 тамыздағы № 8-66-298
шешімге қосымша

Панфилов аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Панфилов ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Жетісу облысы Панфилов аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 8-14-68 шешімі (Нормативтік құққықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 115-19 болып тіркелген).

      2. "Панфилов аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы "Панфилов ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" № 8-14-68 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Жетісу облысы Панфилов аудандық мәслихатының 2024 жылғы 27 маусымдағы № 8-25-112 шешімі (Нормативтік құққықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 229-19 болып тіркелген).

      3. "Панфилов аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы "Панфилов ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" № 8-14-68 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Жетісу облысы Панфилов аудандық мәслихатының 2024 жылғы 5 желтоқсандағы № 8-35-143 шешімі (Нормативтік құққықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 257-19 болып тіркелген).

      4. "Панфилов аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы "Панфилов ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" № 8-14-68 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Жетісу облысы Панфилов аудандық мәслихатының 2025 жылғы 21 сәуірдегі № 8-41-179 шешімі (Нормативтік құққықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 303-19 болып тіркелген).

      5. "Панфилов аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы "Панфилов ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" № 8-14-68 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Жетісу облысы Панфилов аудандық мәслихатының 2026 жылғы 16 сәуірдегі № 8-59-257 шешімі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады