Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңы 27-бабының 2-тармағына сәйкес, Сәтбаев қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Сәтбаев қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің қосымшасына сәйкес Сәтбаев қаласы әкімдігінің және Сәтбаев қалалық мәслихатының кейбір бірлескен қаулылары мен шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы бірлескен Сәтбаев қаласы әкімдігі қаулысының және Сәтбаев қалалық мәслихаты шешімнің орындалуын бақылау қала әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына және қалалық мәслихаттың әлеуметтік сала, құқықтық тәртіп және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасына жүктелсін.
3. Осы бірлескен қаулы және шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Сәтбаев қаласының әкімі | М. Бурибаев |
| Сәтбаев қалалық мәслихатының төрағасы | К. Балмагамбетов |
| Сәтбаев қаласының әкімдігі 2026 жылғы 20 наурыздағы № 14/03 мен Сәтбаев қалалық мәслихатының 2026 жылғы 20 наурыздағы № 262 бірлескен қаулысы мен шешіміне қосымша |
Сәтбаев қаласы әкімдігінің және Сәтбаев қалалық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір бірлескен қаулылары мен шешімдерінің тізбесі
1. "Сәтбаев қаласы азаматтарының жекелеген санаттарының қала ішіндегі қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы" Сәтбаев қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 2 сәуірдегі № 06/01 және Сәтбаев қалалық мәслихатының 2014 жылғы 31 наурыздағы № 223 бірлескен қаулысы және шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2601 болып тіркелген).
2. "Сәтбаев қаласының әкімдігінің 2014 жылғы 2 сәуірдегі № 06/01 және Сәтбаев қалалық мәслихатының 2014 жылғы 31 наурыздағы № 223 "Сәтбаев қаласы азаматтарының жекелеген санаттарының қала ішіндегі қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы" бірлескен қаулысына және шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Сәтбаев қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 31 мамырдағы № 33/01 және Сәтбаев қалалық мәслихатының 2014 жылғы 31 мамырдағы № 405 бірлескен қаулысы және шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5378 болып тіркелген).
3. "Сәтбаев қаласының әкімдігінің 2014 жылғы 2 сәуірдегі № 06/01 және Сәтбаев қалалық мәслихатының 2014 жылғы 31 наурыздағы № 223 "Сәтбаев қаласы азаматтарының жекелеген санаттарының қала ішіндегі қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы" бірлескен қаулысына және шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Сәтбаев қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 3 ақпандағы № 09/01 және Сәтбаев қалалық мәслихатының 2021 жылғы 3 ақпандағы № 21 бірлескен қаулысы және шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6188 болып тіркелген).
4. "Сәтбаев қаласының әкімдігінің 2014 жылғы 2 сәуірдегі № 06/01 және Сәтбаев қалалық мәслихатының 2014 жылғы 31 наурыздағы № 223 "Сәтбаев қаласы азаматтарының жекелеген санаттарының қала ішіндегі қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы" бірлескен қаулысына және шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Сәтбаев қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 21 қыркүйектегі № 61/01 және Сәтбаев қалалық мәслихатының 2023 жылғы 20 қыркүйектегі № 56 бірлескен қаулысы және шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 54-20 болып тіркелген).
