"Мойынқұм ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" Мойынқұм аудандық мәслихатының 2025 жылғы 1 сәуірдегі №36-13 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Мойынқұм аудандық мәслихатының 2026 жылғы 17 тамыздағы № 59-4 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 18 тамызда № 39608 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Мойынқұм аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Мойынқұм ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" Мойынқұм аудандық мәслихатының 2025 жылғы 1 сәуірдегі №36-13 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5269-08 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. "Мойынқұм аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Мойынқұм аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мойынқұм аудандық мәслихатының төрағасы Н. Саурыков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады