Көкпекті аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Көкпекті аудандық мәслихатының "Көкпекті ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" 2024 жылғы 30 мамырдағы № 13-3/8 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 289-18 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
"Көкпекті ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен Қағидаларын бекіту туралы";
көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Көкпекті ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен Қағидалары осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.";
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында:
қосымшаның тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:
"Көкпекті ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен Қағидалары";
7-тармақтың екінші абзацы келесі редакцияда жазылсын:
"Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе "электрондық үкіметтің" веб-порталынан құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап 6 (алты) жұмыс күнін құрайды.".
2. "Абай облысы Көкпекті аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешім Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешім оның алғаш ресми жарияланғаннан кейін "Абай облысы Көкпекті аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Көкпекті аудандық мәслихатының төрағасы | |
| Т. Сарманов |