Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № 432 "Жарма ауданының елді мекендеріндегі салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффиценттерін бекіту туралы" және 2021 жылғы 12 қарашадағы № 486 "Жарма ауданының елді мекендердегі салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы 2020 жылғы 30 қарашадағы № 432 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулыларының күшін жою туралы

Жаңа

Абай облысы Жарма ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 8 сәуірдегі № 120 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 9 сәуірде № 38382 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Жарма ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:

      1) Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № 432 "Жарма ауданының елді мекендеріндегі салық салу объектіcінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7910 болып тіркелген);

      2) Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 12 қарашадағы № 486 "Жарма ауданының елді мекендеріндегі салық салу объектіcінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы Жарма ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № 432 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулыларының күшін жою туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25211 болып тіркелген) қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Жарма ауданының әкімі
      Н. Борсукбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады