Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Жарма ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
1) Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № 432 "Жарма ауданының елді мекендеріндегі салық салу объектіcінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7910 болып тіркелген);
2) Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 12 қарашадағы № 486 "Жарма ауданының елді мекендеріндегі салық салу объектіcінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы Жарма ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № 432 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулыларының күшін жою туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25211 болып тіркелген) қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
| Жарма ауданының әкімі | |
| Н. Борсукбаев |