ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы шешімнің қолданысқа енгізілу тәртібін 2- тармақтан караңыз.
Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабының 2 тармағына сәйкес, Абай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Абай ауданында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы" Абай облысының Абай аудандық мәслихатының 2024 жылғы 28 наурыздағы № 14/10-VIІІ шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 239-18 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.
| Мәслихат төрағасы | |
| М. Нұрсұлтанұлы |
