Астана қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Астана қаласы мәслихатының 2024 жылғы 27 тамыздағы № 212/26-VIII "Астана қаласының сәулеттік келбетін қалыптастыру және қала құрылысын жоспарлау қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1393-01 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Астана қаласы мәслихатының жоғарыда көрсетілген шешімімен бекітілген Астана қаласының сәулеттік келбетін қалыптастыру және қала құрылысын жоспарлау қағидаларында:
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"17. Биіктігі 3 қабатқа дейінгі (жер деңгейінің белгісінен шатырдың жотасына дейінгі биіктігі 12 метрден аспайтын) тұрғын немесе қоғамдық ғимараттар арасындағы ең аз арақашықтық инсоляция нормаларына және рұқсат етілетін өртке қарсы арақашықтықтарға сәйкес айқындалады.".
Мынадай мазмұндағы 17-1-тармақпен толықтырылсын:
"17-1. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының бөлінген жолағы шегінде жол қызметі объектілерін, сыртқы (көрнекі) жарнаманы, полиция бекеттерін, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау, кедендік, шекаралық, көліктік бақылау, ветеринариялық және фитосанитариялық бақылау бекеттерін, антенналық-діңгекті құрылыстарды және (немесе) ұялы немесе спутниктік байланыс жабдықтарына арналған тіректерді, автоматтандырылған өлшеу станцияларын және талшықты-оптикалық байланыс желілерін қоспағанда, ғимараттар мен құрылыстар салуға, сондай-ақ инженерлік коммуникациялар жүргізуге жол берілмейді.
2035 жылға дейін К-1 айналма жолының солтүстік бөлігінде, Өндіріс тас жолының бойында, К-1 айналма жолының солтүстік-шығыс бөлігінде, Алаш тас жолының бойында, айналма жолдың шығыс бөлігінде, "Астана – Қарағанды" автомобиль жолының бойында егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларымен, магистральдық инженерлік желілермен және әлеуметтік инфрақұрылыммен қамтамасыз етілмеген объектілердің құрылысына жол берілмейді.".
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Астана қаласы мәслихатының төрағасы | Т. Зейнұлқабден |
