ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-15-тармағына және 27-бабының 1-9-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Астана қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Астана қаласында қолжетімділікті қамтамасыз ету қағидалары осы шешімге қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Астана қаласы мәслихатының төрағасы | Т. Зейнұлқабден |
| Астана қаласы мәслихатының 2026 жылғы 24 сәуірдегі № 409/52-VIII шешіміне қосымша |
Астана қаласында қолжетімді орта құру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Астана қаласында қолжетімді орта құру қағидалары" (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-15-тармағына және 27-бабының 1-9-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленген және Астана қаласында қолжетімді ортаны қамтамасыз ету тәртібін анықтайды.
2. Қағидада мынадай ұғымдар қолданылады:
1) әлеуметтік инфрақұрылым – халықтың жеке қажеттіліктерін қанағаттандыруға және толыққанды өмір сүруін қамтамасыз етуге бағытталған қызмет көрсету саласының (әлеуметтік-мәдени мақсаттағы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, көлік және байланыс, білім беру, денсаулық сақтау, сауда, қоғамдық тамақтандыру және басқа да) салалары объектілерінің жиынтығы;
2) ақпараттық құралдар жүйесі (ақпараттық құралдар) – халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарына кеңістікте дер кезінде бағдарлануды қамтамасыз ететін, қозғалыс қауіпсіздігі мен қолайлылығына жәрдемдесетін, сондай-ақ өмір сүру ортасының қасиеттері туралы ақпарат беретін ақпарат тасығыштарының жиынтығы;
3) индукциялық жүйелер – есту қабілеті шектеулі, есту аппараттарын пайдаланатын адамдарға арналған техникалық қалпына келтіру құралдары;
4) қолжетімді орта – мүгедектігі бар адамдар мен халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін физикалық, орталық, ақпараттық және әлеуметтік психологиялық кедергілер жоқ немесе барынша азайтылған өмір сүру ортасы;
5) қолжетімділік – мүгедектігі бар адамдар мен халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарының белгілі бір санатына нысаналы орынға кедергісіз жетуге және көрсетілетін қызметті пайдалануға мүмкіндік беретін ғимараттың, үй-жайдың, қызмет көрсету орнының қасиеттері;
6) көлік инфрақұрылымы – жерүсті (автомобиль және (немесе) теміржол) жолдарының, су (теңіз және (немесе) өзен) қатынасы жолдарының, сондай-ақ көпірлер, тоннельдер және өзге де көлік құрылыстары кешенінің, жол айырықтары мен жолөткізгіштердің, сигнал беру реттеуіштерінің, байланыс құралдарының, көліктің инженерлік қамтамасыз ету объектілерінің, көлік құралдарын, тасымалданатын жүктерді, жолаушыларды қызмет көрсетуге арналған объектілердің, өндірістік және қызмет көрсетуші персоналдың функционалдық қызметін қамтамасыз ету объектілерінің, қойма үй-жайлары мен аумақтарының, санитарлық-қорғаныш және қорғау аймақтарының, сондай-ақ аталған қатынас жолдары мен объектілерге заңнамамен бекітілген жерлердің және олардың үстіндегі жылжымайтын мүлік объектілерінің жиынтығы;
7) көлік-логистикалық және өндірістік инфрақұрылым объектілері – өндірістік процестерді қамтамасыз етуге, шикізат, материалдар мен дайын өнімді сақтау, өңдеу, тасымалдау, бөлу және жеткізуге, сондай-ақ өндіріс-сауда тізбегінің әртүрлі қатысушылары арасында тиімді логистика ұйымдастыруға арналған ғимараттар, құрылыстар, инженерлік және технологиялық кешендердің жиынтығы;
8) мүгедектігі бар адамдар – тыныс-тіршілігінің шектелуіне және оны әлеуметтік қорғау қажеттігіне алып келетін, ауруларға, мертігулерге (жаралануға, жарақаттарға, контузияларға), олардың зардаптарына, бұзылуларына байланысты организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы нашарлаған адам;
9) сәйкестік декларациясы – мердігер (бас мердігер) орындалған жұмыстардың аяқталған құрылыс объектісінің бекітілген жобаға және мемлекеттік (мемлекетаралық) нормативтердің талаптарына сәйкестігін куәландыратын құжат;
10) тактильді жерүсті көрсеткіштері – көру қабілеті бұзылған мүгедектігі бар адамдарға аяқтың ұшымен, таяқшамен немесе қалдық көру арқылы кеңістікте бағдарлануға мүмкіндік беретін, белгілі бір бейнесі мен түсі бар бедерлі жолақ түрінде ұсынылған ақпараттық көрсеткіш құралы;
11) халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары – қаламен жаяу немесе қоғамдық көлікпен қауіпсіз әрі жайлы қозғалуына, сондай-ақ жалпыға қолжетімді қоғамдық ғимараттар мен имараттарда көрсетілетін қызметтерді алуына кедергі келтіретін тұрақты, уақытша немесе жағдайға байланысты шектеулері бар адамдарды біріктіретін жинақтаушы ұғым.
Тарау 2. Астана қаласында қолжетімді ортаны құру тәртібі
3. Қолжетімді орта қамтамасыз ету Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Заңының (бұдан әрі – Сәулет қызметі туралы Заң) талаптарына сәйкес Астана қаласының (қала құрылысы жобаларында) әлеуметтік, өндірістік, рекреациялық, инженерлік және көлік инфрақұрылымдарының құрамы мен құрылымы анықталу объектілеріне қатысты жүзеге асырылады.
4. Астана қаласында қолжетімді ортаны құру келесіні көздейді:
мүгедектігі бар адамдар мен халықтың жүріп-тұруы шектеулі басқа да топтарының әлеуметтiк және рекреациялық инфрақұрылым қажеттерiне қамтамасыз етуге жағдай жасау;
тiршiлiктi қамтамасыз ететiн тұрақты және қол жеткiзiлетiн жүйесін қалыптастыру;
халықтың жүріп-тұруы шектеулі объектілердің сипаттамалары мен қолжетімділігі туралы ақпараттандыру;
объектілерді қолжетімділік құралдарымен жабдықтау халықтың аз қозғалатын топтары үшін қолжетімділікті ескере отырып ғимараттар мен құрылыстарды жобалау жөніндегі Қағидалар жинағының "Халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін қолжетімділікті ескере отырып ғимараттар мен құрылыстарды жобалау" (ЕЖ 3.06-101-2012) және "Мүгедектігі бар адамдар мен жүріп-тұруы шектеулі топтарды есепке алғанда, халық үшін инфрақұрылым нысандарының және көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі" Қазақстан Республикасы Ұлттық стандартының (СТ 3846-2023) талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
5. Мемлекеттiк нормативтермен белгiленген қызмет көрсету деңгейiн төмендетуге әкеп соғатын халыққа қызмет көрсету объектiлерi мәнiнiң өзгертiлуiне жол берiлмейдi.
3-тарау. Халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша Сәйкестік декларациясын келісу тәртібі
6. Сәйкестік декларациясын келісу мәселесі бойынша уәкілетті органға өтініш түскен жағдайда, мұндай өтініштер Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процессуалды кодексінің 76-бабында көзделген мерзімдерде қаралады (бұдан әрі – ӘРПК).
7. Уәкілетті органның өтініш негізінде қолжетімділікті қамтамасыз ету мәселесі бойынша объектіге тексеру жүргізіледі, оның нәтижелері бойынша дәлелді жауап беріледі.
8. Әкімшілік рәсімге қатысушы ӘРПК-де көзделген тәртіппен дәлелді жауапқа шағым жасауға құқылы.
Тарау 4. Қорытынды ережелер
9. Осы Қағидалармен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес реттеледі.