"Жылына екі жүз мың жолаушыдан аз жолаушылар легімен операциялық шығындарды жабу үшін кірістердің жеткілікті деңгейін қамтамасыз етпейтін коммуналдық меншіктегі әуежайларды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 31 наурыздағы № 202 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Көлік министрінің м.а. 2026 жылғы 16 қыркүйектегі № 254 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 17 қыркүйекте № 39899 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жылына екі жүз мың жолаушыдан аз жолаушылар легімен операциялық шығындарды жабу үшін кірістердің жеткілікті деңгейін қамтамасыз етпейтін коммуналдық меншіктегі әуежайларды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 31 наурыздағы № 202 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32218 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жылына екі жүз мың жолаушыдан аз жолаушылар легімен операциялық шығындарды жабу үшін кірістердің жеткілікті деңгейін қамтамасыз етпейтін коммуналдық меншіктегі әуежайларды субсидиялау қағидаларында:

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Субсидиялауды алу үшін әуежайды пайдаланушы күнтізбелік жыл ішінде ай сайын тиісті әуежай бойынша ЖАО-ға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әуежайды субсидиялауға арналған өтінімді (бұдан әрі – Өтінім) бірінші жұмыс күнінен бастап және тиісті күнтізбелік жылдың 10 желтоқсанына дейін қағаз немесе цифрлық нысанда пошта арқылы не қолма-қол ұсынады.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген келіп түскен өтінімдер мен оларға қоса берілетін құжаттарды, оның ішінде цифрлық нысанда ұсынылған құжаттарды ЖАО тіркейді және олар келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде толықтығына, сондай-ақ осы Қағидалардың 6-тармағына сәйкестігіне қарайды.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. ЖАО ұсынылған құжаттар топтамасын, оның ішінде цифрлық нысанда ұсынылған құжаттар әуежай құжаттар топтамасын осы Қағидалардың 7-тармағына сәйкес толық ұсынбаған жағдайда қайтарады.

      ЖАО құжаттар топтамасын қағаз тасығышта немесе цифрлық нысанда жазбаша хабарламамен әуежайға қайтаруды құжаттар топтамасын қайтару себептерін көрсете отырып, құжаттар топтамасын келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырады және құжаттар топтамасының толық еместігі жойылған кезде қағаз тасығышта немесе цифрлық нысанда жазбаша хабарламада көрсетілген тізбеге сәйкес әуежайлар өтінімді қайта береді.

      Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексінің 73-бабының 1-тармағына сәйкес әкімшілік орган, лауазымды адам әкімшілік рәсімге қатысушыға әкімшілік іс бойынша алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге міндетті, бұл туралы әкімшілік рәсімге қатысушы алдын ала, бірақ әкімшілік акт қабылданғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етіледі.":

      мынадай мазмұндағы 14-1-тармақпен толықтырылсын:

      "14-1. Тізілімді жүргізуді техникалық сүйемелдеуді бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын, жалғыз акционері мемлекет болып табылатын заңды тұлға (бұдан әрі – тіркеуші) жүзеге асырады.

      Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларының пайдаланылуы мен оларды алушыларды мониторингтеуді техникалық сүйемелдеуді тіркеуші жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың екі деңгейлі жүйесі шеңберінде жүзеге асырады, ол мынаны қамтиды:

      1) бірінші деңгей – жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын алушылар өтінімдерінің эталондық электрондық тізілімін қамтитын, екінші деңгейдегі жүйелермен интеграцияланған тіркеу жүйесі, онда түпкілікті форматтан кейінгі логикалық бақылау арқылы жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын алушының жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларының пайдаланылуы мен оларды алушыларға мониторинг жүргізу қағидалары шеңберінде бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын базалық талаптарға сәйкестігі айқындалады;

      2) екінші деңгей – жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын алушылардан өтінімдерді қабылдау, оларды форматтық-логикалық бақылауды қолдана отырып өңдеу және өңделген өтінімдерді бірінші деңгейге беру олар арқылы жүзеге асырылатын салалық мемлекеттік немесе мемлекеттік емес цифрлық жүйелер.

      Екінші деңгейдегі цифрлық жүйелер жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын алушылардан заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ тіркеушінің дербес деректерді жинауына, өңдеуіне, сақтауына, түсіруіне және пайдалануына келісімін алуды қамтамасыз етеді.

      Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың екі деңгейлі жүйесі арқылы жүргізілген мониторингтің қорытындылары кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға беріледі.".

      1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Көлік министрінің міндетін атқарушы
М. Калиакпаров

  Қазақстан Республикасы
Көлік министрінің
міндетін атқарушы
2026 жылғы 16 қыркүйектегі
№ 254 Бұйрыққа
қосымша
Жылына екі жүз мың
жолаушыдан аз жолаушылар
легімен операциялық
шығындарды жабу үшін
кірістердің жеткілікті деңгейін
қамтамасыз етпейтін
коммуналдық меншіктегі
әуежайларды субсидиялау
қағидаларына
1-қосымша
Нысан
кімге:_______________________
(жергілікті атқарушы
органның атауы)
кімнен______________________
(әуежайдың пайдаланушысының
атауы)

Жылына екі жүз мың жолаушыдан аз жолаушылар легімен операциялық шығындарды жабу үшін кірістердің жеткілікті деңгейін қамтамасыз етпейтін коммуналдық меншіктегі әуежайларды субсидиялауға өтінім

      Әуежай шығындарын субсидиялауға өтінімді қарауды сұраймын.

      1. Әуежай туралы мәліметтер.

      бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН) _______________________________

      басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) _____________

      нақты орналасқан жерінің мекенжайы ____________________________

      телефон нөмірі _______________________________________________

      ұялы телефон нөмірі ___________________________________________

      2. Екінші деңгейдегі банкте ашылған әуежайды пайдаланушысының есеп айырысу

      шотының деректемелері:___________________________________________________.

      3. Әуежайларды субсидиялау қағидаларының 7-тармағына сәйкес өтінімге қоса берілетін құжаттардың тізбесі:

      1) _________________________________________________________________

      2) _________________________________________________________________

      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын, оның ішінде, мен банкрот емеспін, "Оңалту және банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес банкроттық немесе тарату рәсіміне жатпаймын және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді жинауға, өңдеуге, сақтауға, түсіруге және пайдалануға келісім беремін.

      __________________________________________

      (бас бухгалтер)

      __________________________________________

      (әуежай басшысының қолы)

      Мөр орны (бар болған жағдайда)

      Өтінім берілген күн 20____ жылғы "____" __________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады