БҰЙЫРАМЫН:
1. "Тыйым салынған аймақтар мен ұшуға шектеу қойылған аймақтар аумағының үстінен ұшып өтуге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметімен және ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісілгеннен кейін арнайы рұқсат беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 2 маусымдағы № 250 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20818 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Тыйым салынған аймақтар мен ұшуға шектеу қойылған аймақтар аумағының үстінен ұшып өтуге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметімен және ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісілгеннен кейін арнайы рұқсат беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысына жүктелсін.
4. Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің міндетін атқарушы |
Д. Косанов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік күзет қызметі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі
"Тыйым салынған аймақтар мен ұшуға шектеу қойылған аймақтар аумағының үстінен ұшып өтуге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметімен және ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісілгеннен кейін арнайы рұқсат беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Тыйым салынған аймақтар мен ұшуға шектеу қойылған аймақтар аумағының үстінен ұшып өтуге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметімен және ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісілгеннен кейін арнайы рұқсат беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік жəне əлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының әуе кеңістігіндегі тыйым салынған аймақ пен ұшуға шектеу қойылған аймақ аумағының үстінен ұшып өтуге арнайы рұқсат беру тәртібін айқындайды.
2. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) "Тыйым салынған аймақтар мен ұшуға шектеу қойылған аймақтар аумағының үстінен ұшып өтуге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметімен және ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісілгеннен кейін арнайы рұқсат беру" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет), Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі және ұлттық қауіпсіздік органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті бірлесіп беруші) жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) "Е-лицензиялау" Мемлекеттік базасы" цифрлық жүйесін пайдалану арқылы көрсетеді.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті (бұдан әрі – өтініш) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған www.elicense.kz "цифрлық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы береді.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптар және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшелігі ескерілген өзге де мәлімет осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес негізгі талаптар тізбесінде (бұдан әрі – тізбе) жазылған.
4. "Жеке кабинетінде" мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алатын күні көрсетіліп, мемлекеттік көрсетілген қызмет үшін өтініштің қабылданғаны туралы белгі көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар түскен күні өтінішті тіркейді, сұранымды қалыптастырады және оны келісу үшін көрсетілетін қызметті бірлесіп берушіге қоса берілген құжаттардың цифрлық көшірмесімен бірге жібереді.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтінішті тіркеу және қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
5. Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініште және (немесе) құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктер анықталған, олардың нысаны мен мазмұны бойынша талаптарға сәйкес келмеген не Тізбенің 10-тармағына сәйкес құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші цифрлық күту парағы арқылы өтінішті қабылдайды.
Анықталған кемшіліктер жойылған жағдайда өтінішті және (немесе) құжаттарды қабылдау күні көрсетілетін қызметті алушының алғашқы жүгінген күні болып есептеледі.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті алушыға анықталған кемшіліктерді жою үшін 3 (үш) жұмыс күні мерзімі белгіленеді, ол тиісті мемлекеттік қызмет көрсетудің жалпы мерзіміне кірмейді.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімінің өтуі көрсетілетін қызметті алушы анықталған кемшіліктерді жойған күннен бастап қайта басталады.
Анықталған кемшіліктер белгіленген мерзімде жойылмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті және құжаттарды қабылдаудан не одан әрі қараудан бас тартады.
6. Мемлекеттік қызмет бірлесіп көрсетілетін қызметті берушімен келісу уақыты ескеріліп, 7 (жеті) жұмыс күні ішінде көрсетіледі.
7. Көрсетілетін қызметті бірлесіп беруші сұранымды 4 (төрт) жұмыс күні ішінде келіседі немесе осы Қағидаларға 2-қосымшаның 11-тармағында көзделген жағдайда сұранымды келісуден бас тартады.
Көрсетілетін қызметті беруші келісу нәтижесі бойынша 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес тыйым салынған аймақ пен ұшуға шектеу қойылған аймақтың аумағы үстінен ұшып өтуге арнайы рұқсат беру туралы немесе осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес тыйым салынған аймақ пен ұшуға шектеу қойылған аймақтың аумағы үстінен ұшып өтуге арнайы рұқсат беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіз болған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға бас тарту себептерін көрсетіп, жауап жібереді. Егер бас тарту туралы шешімді көрсетілетін қызметті бірлесіп беруші қабылдаған жағдайда, көрсетілетін қызметті бірлесіп беруші бұл туралы көрсетілетін қызметті берушіні хабардар етеді, ол оның шешімі негізінде көрсетілетін қызметті алушыға бас тарту себептерін көрсетіп, жауап жібереді.
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартылған кезде көрсетілетін қызметті алушымен тыңдау жүргізілмейді.
8. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті беруші уәкілетті адамының электрондық-цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған цифрлық құжат нысанында жіберіледі.
9. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер осы Қағидаларға 2-қосымшаның 11-тармағында көзделген.
10. "Мемлекеттік жəне əлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші цифрландыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсетуді мониторингтеудің цифрлық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректі енгізуді қамтамасыз етеді.
Қағидаларға өзгеріс және (немесе) толықтыру енгізілген кезде көрсетілетін қызметті беруші әділет органында тиісті нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде мұндай өзгеріс және (немесе) толықтыру туралы ақпаратты "цифрлық үкімет" операторына, Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Мемлекеттіке қызметтер көрсету мәселелері бойынша қызметті берушінің және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.
Тікелей мемлекеттік қызмет көрсететін қызметті берушіге түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік және əлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны арқылы алуға болады.
Жоғарғы әкімшілік орган, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымды сотқа дейінгі тәртіппен қарайды.
Шағым шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті берушіге беріледі.
Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті беруші шағым түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұр ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті беруші, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын қолайлы әкімшілік акт қабылдаса, әкімшілік әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағымды жібермеуге құқылы.
Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.
4-тарау. Мемлекеттік қызмет, оның ішінде цифрлық нысанда көрсетілетін қызмет ерекшелігі ескерілген өзге де талаптар
12. Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ болған кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметті цифрлық нысанда портал арқылы ала алады.
13. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін жердің мекенжайы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылған.
14. Көрсетілетін қызметті алушы қашықтан қолжетімділік режимінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің www.elicense.kz интернет-ресурсында көрсетілген көрсетілетін қызметті берушінің телефоны және Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны арқылы мемлекеттік қызмет көрсету белгісі туралы ақпарат ала алады.
15. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны арқылы алуға болады.
Өтініш нөмірі: ____________________
Өтініш
Сізден тыйым салынған аймақ (тыйым салынған аймақтар) және/немесе ұшуға шектеу қойылған аймақ (аймақтар) аумағының үстінен ұшып өтуге арнайы рұқсат беруіңізді сұраймын.
Р.с № | Атауы (аймақтардың белгіленуі: аэронавигациялық ақпарат құжаттарында көрсетілгендей UAP- …, UAR-…...) | Әуе кемесінің типі, әуе кемесiнiң тану индексi (әуе кемесiнiң мемлекеттiк және тiркеу тану белгiсi, ПАЖ тіркеу сертификаты,) | ӘК-нің ұшуға жарамдылық сертификаты | Пайдаланушының сертификаты, сыртқы пилот сертификаты, ПАЖ қолдана отырып авиациялық жұмыстарды орындауға берілген рұқсаттар | Ұшуды орындау кезеңі (ұшуды жүргізудің басталу күнін көрсетіп, бірақ рұқсат алынған сәттен бастап тоқсан тәуліктен аспауға тиіс) | Ұшу мақсаты, ұшудың егжей-тегжейлі бағыты (ұшып көтерілу және қону нүктелері), ұшу биіктігі, жоспарланған ұшу күні және ПАЖ ұшу уақыт кезеңі) |
Жеке тұлға үшін: ________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болғанда) (қолы)
Заңды тұлға үшін: _______________________________________________
(ұйым атауы) (лауазымы) (қолы)
Ескертпе: өтініш мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну мерзімі ескеріліп, ұшу қызметін орындау басталғанға дейін 7 жұмыс күні бұрын беріледі.
"Тыйым салынған аймақтар мен ұшуға шектеу қойылған аймақтар аумағының үстінен ұшып өтуге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметімен және ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісілгеннен кейін арнайы рұқсат беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі | ||
1. | Мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауы | Тыйым салынған аймақ пен ұшуға шектеу қойылған аймақтың аумағы үстінен ұшып өтуге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметімен және ұлттық қауіпсіздік органымен келісілгеннен кейін арнайы рұқсат беру |
2. | Мемлекеттік қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауы | Жоқ. |
3. | Көрсетілетін қызметті берушінің, көрсетілетін қызметті бірлесіп берушінің атауы | Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі және ұлттық қауіпсіздік органдары |
4. | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдері |
"Цифрлық үкімет" веб-порталы: www.elicense.kz |
5. | Мемлекеттік қызметі және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі | 7 (жеті) жұмыс күні |
6. | Мемлекеттік қызметі және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны | Электрондық (ішінара) цифрландырылған |
7. | Мемлекеттік қызметі және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі | Тыйым салынған аймақ пен ұшуға шектеу қойылған аймақтың аумағы үстінен ұшып өтуге арнайы рұқсат беру не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап |
8. | Мемлекеттік қызметі және және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайда оны алу тәсілдері | Тегін |
9. | Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі |
Көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және Қорғаныс министрі бекітетін қызмет уақыты регламентіне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұмаға дейін сағат 9.00-ден 17.30-ге дейін, түскі асқа үзіліс сағат 13.00-ден 15.00-ге дейін. |
10. | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі | Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған цифрлық құжат нысанындағы өтініш. Жеке басын куәландыратын құжаттар, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу), жеке кәсіпкерді тіркеу не жеке кәсіпкер ретінде қызметті бастағаны туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік цифрлық жүйеден "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы алады. Көрсетілетін қызметті алушы сертификаттарды (әуе кемесінің мемлекеттік және тіркеу тану белгісі), (ұшуға жарамдылық сертификатын, пайдаланушы сертификатын, ПАЖ тіркеу сертификатын, сыртқы пилот сертификатын, ПАЖ қолданып, авиациялық жұмысты орындауға берілген рұқсатты, ұшудың егжей-тегжейлі маршрутын (ұшып көтерілу және қону нүктелері), ұшу биіктігін, жоспарланған ұшу күнін және ПАЖ ұшу уақытының кезеңін) қоса тіркейді. |
11. | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік негіздерді қамтитын, мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі |
1) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі; |
12. | Мемлекеттік, оның ішінде цифрлық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызмет ерекшелігі ескерілген өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушы қашықтан қолжетімділік режимінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің www.elicense.kz интернет-ресурсында көрсетілген көрсетілетін қызметті берушінің телефоны, порталдың "жеке кабинеті" және Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны арқылы мемлекеттік қызмет көрсету белгісі туралы ақпарат ала алады. |
Нөмір: ______________ Берілген күні: ________________
Кімге: ____________________________
____________________________
Тыйым салынған аймақ пен ұшуға шектеу қойылған аймақтың аумағы үстінен ұшып өтуге рұқсат
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі Сіздің _____ _________ жылғы № ____________ өтініміңізді қарап, мынадай шартқа сәйкес тыйым салынған аймақ пен ұшуға шектеу қойылған аймақтың аумағы үстінен ұшып өтуге рұқсат етеді.
Олардың үстінен ұшып өтуге рұқсат берілген тыйым салынған аймақ (тыйым салынған аймақтар) пен ұшуға шектеу қойылған аймақ (аймақтар) және олардың үстінен ұшу күндері:
Р/с |
Ұшу кезеңі | Тыйым салынған аймақ (тыйым салынған аймақтар) пен ұшуға шектеу қойылған аймақтың (аймақтардың) белгіленуі |
Лауазымы ____________ Т.А.Ә. (болғанда) ____________
__________________ № ________
Тыйым салынған аймақ пен ұшуға шектеу қойылған аймақтың аумағы үстінен ұшып өтуге арнайы рұқсат беруден бас тарту
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі Сіздің ______ жылғы _____________
№ ____________ өтініміңізді қарап, мынаны хабарлайды.
"Мемлекеттік жəне əлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19-1-бабын басшылыққа алып, тыйым салынған аймақ пен ұшуға шектеу қойылған аймақтың аумағы үстінен ұшып өтуге арнайы рұқсатты беруден бас тартады.
